Болашаққа саяхат. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Болашаққа саяхат»

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: ____

Қатыспағандар саны: ____

Сабақ тақырыбы

Болашаққа саяхат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.​1.​4.​1 тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) анықтау.

4.​2.​1.​1 берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып оқиды, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастырады.

Көптеген оқушылар: мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып оқиды, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастырады.

Кейбір оқушылар мәтінді іштей, түсініп және барлық қажетті ақпаратты тауып оқиды, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлемдерді өздігінен құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) анықтайды;
  • берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Сенім, ақта, үміт.

Құндылықтарды

дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Саяхаттары туралы айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Ой шақыру» Суреттерге қарап саяхат туралы айту керек.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

  • тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) анықтау.
  • берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

10 минут

(ЖЖ) «Ұшқыш кілем» Тыңдалымалды жұмыс.

Суреттерге қарап болашаққа саяхат жасап алыңдар.

Жұптарыңа әңгімелеп беріңдер.

Бір-бірлерің мазмұны бойынша сұратар қойыңдар.

(Т) Топта «Бейбарыстың болашаққа саяхатын» талдаңдар.

Төмендегі сұрақтарға жауап іздеңдер.

Бейбарыс сабақтан кеш келіп, қатты шаршап түс көрді. Түсінде 100 жылдан кейінгі мектебіне келе жатыр екен. Бірақ өзінің жүріп келе жатпағанын сезді. Аяғына қараса, астында зымырандағыдай оты бар бәтеңкесі барын көрді. Ол лезде зу етіп мектебіне келіп жетті. Мектебі түгел қара көк әйнектен салынған екен. Есік алдынан робот күзетшілер қарсы алды. Мектеп іші гүл бағына кіргендей әсер қалдырады. Мұғалімі оқулық орнына электронды планшет берді. Барлық оқулытар 1 ғана электронды оқулықтарға жинақталыпты. Арқасында бұрынғыдай ауыр сөмкесі жоғын енді түсінді. Кейбір пәндерді робот мұғалімдер береді екен. Бейбарыс өз ұстаздарын сағына бастады. Оларды іздегісі келіп еді, аяғы орнынан жылжымады. Барлығын электронды бәтеңке басқарады екен. Оған бұғаттау қойыпты. Ол аяғын қатты сермеп қалып ұйқыдан оянып кетті.

1-тапсырма. Сұрақтарға топта жауап беріңдер.

  • Бейбарыс мектебіне қалай барды?
  • Оны кім қарсы алды?
  • Бейбарыстың арқасында неге сөмке жоқ?
  • Мұғалімі неге оқулықтар таратпады?
  • Бейбарыс аяғын неге сермеді?

Бағалау:

  • Сұрақтарға жауап іздейді;
  • Мысалдар келтіре алады.

2-тапсырма. Тыңдалым мәтіні ішінен тірек сөздерді тауып, оның синонимі мен антонимін жазыңдар.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау:

  • Тірек сөздерді жаза алады;
  • Тірек сөздердің синонимін жаза алады;
  • Тірек сөздердің антонимін тауыпжаза алады.

Мәтінді диктафонға жазыдырып тыңдату керек.

Сабақтың соңы

5 мин

«Пайыздық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

25% 50% 100%

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалдымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақбойынша рефлексия

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
» "Телефон тұтқасын дереу қойыңыз": ІІМ Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлерін атады
Пікір жазу