Жағажайда. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,

авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

11-сабақ «Жағажайда»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым мен айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды орнатудан басталады. «Сантики, Фантики, Лимпопо» ойыны жүргізіледі. Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. Осы ойын түрі арқылы баланың көңіл-күйін көтеруге болады.
  • Ой шақыру кезеңінде «Жинақтау» әдісі» бойынша қорытынды шығаруға бағытталған жұмыс түрі. Сұрақтарға жауап беру арқылы бос торларды толтырады. Оқушылардың зейінін осы тапсырма арқылы сабаққа аударуға болады.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Сынып оқушыларына жаңа сөздер қатары ұсынылады. Үлгіге қарап сөздермен сөз тіркесін құрастыру арқылы сөздердің мағынасы түсіндіріліп жеткізіледі. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуына назар аудартуды ұмытпаңыз.

Тыңдалым мен айтылым

  • Сынып оқушыларына тыңдалым алды тапсырмасын бере аласыз. Суретте байқағандарын тірек сөздер арқылы ауызша айтып жеткізеді.
  • Тыңдалым тапсырмасы мәтіннің бір бөлігін мұқият тыңдау арқылы жүзеге асырылады. Мәтін не жайлы? Оқиғаны болжап көр деген сауалдарға жауап іздейді. Әрі қарай оқиға немен жалғасады? (өз ойын жазады).

Өз пікірін (менің ойымша ...., менің көзқарасым бойынша ...., себебі ....) деп дәлелдеу қажет.

  • Тыңдалым мәтінін қаншалықты түсінгендерін анықтау мақсатында «СҰРАҚ бізден, жауап СІЗДЕН» ойыны ұйымдастырылады. Әр оқушы себетте берілген сұрақтарға жауап береді.
  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырмада суреттерді қолдана отырып, сөйлемді дұрыс толықтырып шығуы қажет. Бұл тапсырманың мақсаты сурет бойынша сөйлемді дұрыс құрастыра алуы мен жаңа сөздерді орынды қолдана білуі бағаланады. Әр оқушының жауабына «Шапалық» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.
  • Оқушылардың қатысуымен сергіту кезеңі «Мен қазақпын» бейнеролигі арқылы ұйымдастырылады.
  • Грамматикалық қоржын кезіңінде септеулік шылау бойынша түсіндірме жұмысы жүргізіледі. Оқушылардың қаншалықты грамматиканы игергендігін бақылау үшін постер жұмысы ұсынылады.
  • Айтылым дағдысын ұштауға қатысты берілген тапсырма септеулік шылауды орынды қолдана отырып, сөйлем құрастыра алуы тиіс. Әрі сөздердің айтылуы мен жазылуына назар аударуды ұмытпаңыз. Оқушыларға «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланысты жүргізуге болады.
  • Сынып оқушыларының сабақ соңында «Табыс ағашы» атты рефлексияға белсенді қатысуын қадағалауды естен шығарып алмаңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу