Жағажайда. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Күні: Сынып: 3 11-сабақ | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жағажайда | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.5. Тыңдалым материалын болжау 3.1.5.1. тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау 2.5. оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру 3.2.5.1.оқыған/ тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ...., менің көзқарасым бойынша ...., себебі ....) дәлелдеу 5.1. Грамматикалық нормаларды сақтау 3.5.1.4. мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Мұғалімнің көмегіммен тыңдаған мәтіннің тақырыбын тірек сөздер арқылы болжап өз ойын жай сөйлеммен айтады. Оқушылардың көпшілігі: Тыңдаған тақырыпты болжайды, септеулік шылауды орынды қолданады. Оқушылардың кейбірі: Тыңдаған материалға еркін болжам жасайды, ауызша/жазбаша тілде септеулік шылауды сауатты әрі орынды қолданады. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Бұлақ, төк | ||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Септеулік шылау | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Судың пайдасын ұғындыру | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | 7-бөлім:Су –тіршілік көзі. Балық аулайды №10 | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру Ой шақыру «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. -Осы ойын түрі арқылы баланың көңіл-күйін көтеру. «Жинақтау» әдісі: қортынды шығаруға бағытталған Сұрақтарға жауап беру арқылы бос торларды толтыр.
-Кез келген нәрсені қолға түсіру үшін қандай әрекет жасаймыз? -Балықты қандай құралмен аулаймыз? - Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
Таратпа материалдар
слайд | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 28 мин | Мағынаны тану (МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту 1-тапсырма. Үлгіге қарап сөздермен сөз тіркесін құрастыр. Бұлақ Төк Үлгі: Таза бұлақ , ...... бұлақ, ......... бұлақ (тұщы, мөлдір) Суды төк, ....... төк, ........ төк (қоқысты) Тыңдалым алды тапсырма: 2-тапсырма. Суреттен нені байқадың? Көргендеріңді сөздермен тізбектеп айт.
Тыңдалым тапсырмасы: Мәтіннің бір бөлігін мұқият тыңда. Мәтін не жайлы? Оқиғаны болжап көр. Өз пікірін (менің ойымша ...., менің көзқарасым бойынша ...., себебі ....) дәлелдеу Мәтінмен жұмыс. Біз жағажайға бардық. Жағажайда адамдар көп. Жағажайдың қасында бұлақ бар. Алыстан дауыс естілді. Әрі қарай оқиға немен жалғасады? (өз ойын жазады) Менің ойымша_____________________________________________________________________________________ -Мына жерде бұлақ бар, -деп бала айқайлады. Бұлақтың суы салқын. Адамдар бұлақтан су ішті.
(Ұ) Ой шақыру. -Балалар, мынау не?
-Дұрыс айтасыздар, бұл себет. Себеттің іші сұрақтарға толы. Қазір шеңберге тұрып, ойын айнаймыз. «СҰРАҚ бізден, жауап СІЗДЕН» ойынын бастаймыз. Сұрақтар: 1.Мәтін не жайында? 2. Адамдар қайда жүр? 3. Адамдардан басқа не бар? 4. Бала нені көрді? 5. Суы қандай? Кері байланыс. (Т) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Суретті пайдаланып сөйлемді толықтыр.
Адамдар -да жүр. Алыстан естілді. Мына жерде бар деп айқайлады. суы салқын. -тың суын төкпе. Дескриптор - сурет бойынша сөйлем құрастырады ; - жаңа сөздерді орынды қолданады; Кері байланыс. «Шапалақ» әдісі арқылы оқушылар өзара бағалайды, комментарий береді. Сергіту кезеңі: «Мен қазақпын» бейнеролик Грамматикалық қоржын Шылау – сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Лексикалық мағынасы жоқ. Септеулік шылаулар атау, барыс, шығыс, көмектес септігіне қатысты қолданады. Септеулік шылау: туралы, үшін, жайлы Мысалы: Сабақта су туралы әңгіме оқыдық. Суды төгу үшін күш керек. Қарамен боялған сөзге назар аударамыз. Төк – төгу, төкпе деп қолдана аламыз. (Т) Әр топқа шылау сөздер мен бірге түрлі суреттер таратылады. Оқушылар таратпа материалды қолдана отырып постер құрап, сөйлем ішінде шылауды орынды қолдану керек. (ЖЖ) Айтылым Тапсырма: Сөйлемді құрап айт. Тиісті шылаулармен толықтыр. (туралы,үшін, сайын, жайлы) ........ мәтін тыңдадық.(туралы) Жағажайға бару ..... дайындал.(үшін) Бұлақ .... әңгіме бар.(жайлы) Адамдар .... бұлақтың суы салқын. (үшін) Ыстық болған ..... адамдар шөлдейді.(сайын) Дескриптор - сөйлем құрай алады; - шылауды орынды қолданады; Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс | Слайд таратпа қағаз слайд Таратпа материал | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Табыс» ағашы Үй жұмысы Жаңа сөздер мен ережені қайталау, Оқулықтың 93 беттегі 4-тапсырманы орындап келіңіз. Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. |
| |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру