Нәтиже сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


12-сабақ «Нәтиже сабақ»

1-тапсырма

Көп нүктенің орнына ұ, ү, у әріптерінің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.

С ... сыз тіршілік жоқ. Жер бетінің көп бөлігін с ... алып жатыр. М...хиттар, теңіздер, өзендер мен көлдерде су көп. Жер астында да, топырақта да с... бар. С... атмосферада б...лт, т...ман, б.., жаңбыр, қар түрінде болады. С... с...йық, қатты, газ тәрізді үш түрлі к...йде кездеседі.

2-тапсырма

1. Мәтінді түсініп оқы.

Ертеде бұлттың ішінде бір кішкентай тамшы өмір сүріпті. Бір күні жаңбыр жауып, кішкентай тамшы да жерге қарай құлайды. Тамшы өзенге түседі. «Мен қайда келдім? Бұл жерде су қалай көп!» - деп таң қалады тамшы. Сол жерден оны күннің көзі жылытып, тамшы бу болып, аспанға көтеріледі. «Мен ұшып барамын!» деп айқайлады тамшы. Кішкентай тамшы бұлттарға қайта қосылады. Бұлтта басқа тамшылар да көп екен. Олар бір-біріне жердегі оқиғаларды айта бастады.

2. Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жаз.

  • Тірек сөздер:
  • тамшы өмір сүріпті
  • жерге құлайды
  • өзенге түседі
  • күннің көзі
  • аспанға көтеріледі
  • басқа тамшылар
  • оқиғаларды айтады

Күні: Сыныбы: Аты-жөні:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор

  • мәтіннің мазмұнын жүйелі жазады;
  • тірек сөздерді орынды қолданады;
  • сөйлемдердің құрылымын сақтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу