15-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 15-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

 Сабақтың мақсаты:

 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

 3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау

 4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту

3.4.4.1 Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту

Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  •  Лексикалық минимумды қайталаймыз.
  •  Мәтін жанрын ажыратамыз.
  •  Сұрақтар бойынша мәтін құраймыз.
  •  Көркемдеп жазамыз.

 Сабақтың басы. Лексикалық минимумды қайталау.

«Үшіншісі артық» әдісі. Бұл тапсырма тарау бойынша өткен кейбір лексикалық бірліктерді қайталау үшін арналған. Оқушыларға қызықты болу үшін әрі көзшалым дағдысына негізделген лексикалық минимумға негізделген үш қатардан тұратын сөздердің суреттерін көрсетіңіз. Оқушылар әр қатардан артық суретті анықтап, себебін түсіндіруді ескертіңіз. Сөйлем үлгісі:1-қатарда ... сөзі артық, өйткені ол ...

  •  Зергер, жазушы, қобыз
  •  Билейді, домбыра тартады, жазады.
  •  Домбыра, сырнай, түйе
  •  Қайшы, ине, орман
  •  Алтын, күміс, моншақ

Оқылым. Бұл тапсырма мәтін жанрын ажыратуға бағытталған. Алдымен мәтінді мәнерлеп оқудың үлгісін көрсетіңіз. Өлең жолындағы түсініксіз сөздердің мағынасын ым-ишара немесе мағыналас сөздер арқылы түсіндіреді. Осыдан соң хабарландыруды оқиды. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясымен оқушыларды жұпқа бөледі және тапсырманың қалай орындалу керектігін түсіндіреді. Оқушылар екі мәтіннің қайсысын Әлібек, қайсысын Аня жазғанын табуға тырысады.

Бірінші мәтін: Балалар! Достық үйінде би үйірмесі ашылды. Үйірме сейсенбі күндері сағат 10-нан 12-ге дейін жұмыс жасайды. Қатысамын деушілерді шақырамыз!

Екінші мәтін: Мен Орталық музейге бардым. Музей өте үлкен. Онда көне заттардың барлығын көруге болады. Маған ұлттық аспаптар бөлімі ұнады. Онда сырнай, қобыз, домбыра, асатаяқ бар.

Септік жалғауларды ауызша және жазбаша тілде еркін қолдану үшін келесі тапсырманы орындайды. Мәтіндегі сұраулы (Кміге? Неге? Кімді? Нені? Қайда? Неде? Не істеді? Не істеп жатыр?) есімдіктердің сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып, кестеге толтырады. Жұптағы бір оқушы сипаттау мәтінін, ал екінші оқушы әңгімелеу мәтінін мазмұндауына болады. Қабылдау қабілеті жоғары оқушылар мәтін түрлерінің белгілерін біледі, мәтіннің негізгі идеясын түсінеді, мазмұндайды. Қабілеті орташа оқушылар мұғалімнің көмегімен мәтін түрлерінің белгілерін анықтайды, мәтін мазмұнын түсінеді.

Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.

Айтылым. Оқушылардың музей туралы білгендерін бекітуге арналған тапсырма. Оқушыларды топқа бөліңіз. Төменде берілген сұрақтардың негізінде мәтін дайындауды тапсырыңыз.

  •  Алматыда қандай музей бар?
  •  Орталық музейде қанша көне заттар бар?
  •  Мұхтар Әуезовтың музейінде не бар?
  •  Музей нешеде ашылады?
  •  Кітап музейінде қандай кітаптар бар?
  •  Мұхтар Әуезовтың музейі неше қабатты?

 Оқушылар өзара пікірлесе отырып, бір шешімге келеді. Топ басшысы ортаға шығып өздерінің шешімдерін «Ыстық орындыққа» отырып қорғайды. Сұраққа өз уақытында жауап бере алмаған жағдайда басқа топтың басшысы келіп қорғайды. Оқушылар бір-бірін бағалайды.

 Дескрипторлары: Сұрақтар бойынша мәтін құрайды (5 сөйлем).Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданады. Сөздерді дұрыс байланыстырады.

Жазылым. Оқушылардың «Өнер» тарауы бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісуге арналған тапсырма. Оқушылар Өнердің қай түрі ұнайды? тақырыбы бойынша шағын мәтін жазады немесе интербелсенді тақтада көрсетілген кесте бойынша жазады. Мәтін жазуда таңдау себетерін жазуды ескертіп отырыңыз.

Үй тапсырмасы: Тарауды қорытындылау үшін оқушыларға «Өнер» тақырыбына қатысты кітаптардан, ғаламтордан ақпарат жинап, жоба дайындатыңыз. Жобада өнер тақырыбына қатысты туралы суреттер, сөз тіркестері, мәтіндер қамтылу керектігін түсіндіріңіз.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу