15-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


15-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

  • «Үшіншісі артық» әдісі. Әр қатардан артық сөзді немесе суретті анықтап, себебін түсіндіреді.

Сөйлем үлгісі:1-қатарда ... сөзі артық, өйткені ол ...

  •  Зергер, жазушы, қобыз
  •  Билейді, домбыра тартады, жазады.
  •  Домбыра, сырнай, түйе
  •  Қайшы, ине, орман
  •  Алтын, күміс, моншақ

2. Оқылым. Жазылым.

А) Оқушылар мәтінді оқып, мәтін жанрын ажыратады. Жаңа сөздерді белгілейді.

Балалар!

Достық үйінде би үйірмесі ашылды. Үйірме сейсенбі күндері сағат 10-нан 12-ге дейін жұмыс жасайды. Қатысамын деушілерді шақырамыз!

Мен Орталық музейге бардым. Музей өте үлкен. Онда көне заттардың барлығын көруге болады. Маған ұлттық аспаптар бөлімі ұнады. Онда сырнай, қобыз, домбыра, асатаяқ бар.

Ә) Мәтіннен сұраулы есімдіктердің сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады.

Кімге?

Неге?

Кімді?

Нені?

Қайда?

Неде?

Не істеді?

Не істеп жатыр?

 3. Айтылым. Оқушылар төменде берілген сұрақтардың негізінде мәтін даййындайды. Оны «Ыстық орындықта» 5 сөйлем көлемінде айтып шығулары тиіс.

  • Алматыда қандай музей бар?
  • Орталық музейде қанша көне заттар бар?
  • Мұхтар Әуезовтың музейінде не бар?
  • Музей нешеде ашылады?
  • Кітап музейінде қандай кітаптар бар?
  • Мұхтар Әуезовтың музейі неше қабатты?

4. Жазылым. Өнердің қай түрі ұнайды? Себебін жазады.

Би өнері

Ән өнері

Қолөнер

Сурет салу өнері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу