Су - баға жетпес байлық. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

8-сабақ «Су – баға жетпес байлық»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым мен оқылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Оқушыларды мұқият тыңдай білуге дағдыландырыңыз.
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Сабақта психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру болып табылады. Сынып оқушыларымен «Тасымақ» ойыны жүргізіледі. Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады. Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады. Топтық жұмысты бірлесе орындай алуға баулу.
  • Ұйымдастыру кезеңінде «Жаңылмай тез айт!» жаңылтпашты жаңылмай әрі шапшаң айтқызыңыз. Жаңылтпашта «жағажай» жаңа сөзі жиі айтылады, келесі тапсырмаларда «жағажай» сөзін орынды қолдана білуге бейімделеді;
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Сабақ барысында тірек болатын сөздерді суретке немесе балама сөзбен түсіндіру арқылы меңгертеңіз, түсінбеген оқушыларға суретін көрсетіп түсінгенін сұрап, мысалдармен бекітіңіз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз.

Тыңдалым:

1. Оқушылар шағын топтарға бөлініп (3-4 адамнан), алдымен өз нұсқасын "Пирамиданың" сыртқы бөлігіне жазады.

2. Оқушылар жазғандарымен топта бөлісіп, содан соң бірлесе жасаған жұмысын "Пирамиданың" ортаңғы бөлігіне жазады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Оқылым мәтіні беріледі. Бірінші мәтінмен екінші мәтін «Су – баға жетпес байлық» тақырыбына толық бағытталған. Бұл тапсырма арқылы оқушылар мәтін мазмұнын терең түсініп, өз көзқарасын білдіруге бейімделеді. Алдымен мәтінді «Бірге оқу» әдісі арқылы танысады. Түсінбеген сөздермен жұмыс жасайды.

Бағалау

Мұғалім оқушылардың

  • Мәтіндерге талдау жасай алатындығын;
  • Менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ... сөздерін қолдана алуын;
  • Талқылап жеке көзқарасын білдіре алатындығын бағалайды.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу