Әнші Әміре № 5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, презентация.


Үй жұмысы

Ашық микрофон

- Қаныш Сәтбаев кім?

- Ғалым немен айналысты?

- Қаныш Сәтбаевтің еңбектері қандай?

Болжайық!

- Суретте кімдерді көріп тұрмыз?

- Олар не істеп тұр?

 

Сабақтың тақырыбы:

Әнші Әміре

Сабақтың мақсаттары:

- тыңдағана мәтін бойынша нұсқауларды орындаймын;

- сөйлемдер құрастырамын.

Сөздік қоржын

Әлем – ғалам – кеңістік пен уақыт бойынша шеті мен шегі жоқ дүниежүзі.

Аудару –бір тілден екінші тілге аудару. Орыс тілінен қазақ тіліне аудару. Ағылшын тілінен орыс тіліне аудару.

Ассоциация

Қандай қазақ әншілерін білесіңдер?

Қандай қазақ әндерін білесіңдер?

 

Әмір Қашаубаев - атақты әнші, актер, музыкант. Ол Шығыс Қазақстан облысында 1888 жылы туған. Әміре бала кезінен ән айтады. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл әлем бойынша сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос» әндерін орындады. Екінші орын және күміс медаль алды. Өзінің керемет дауысымен халықты таңғалдырды. Әміре Қашаубаев шет елде ән айтып, қазақ елін бүкіл әлемге танытты.

Оқылым!!!

Мәтінді оқы, сұрақтарға жауап бер.

Сұрақтарға жауап бер!

Мәтін кім туралы?

Әміре Қашаубаев кім?

Ол қайда және қашан туған?

Ол қазақ елін әлемге танытты ма? Қалай?

Оның қандай әндері бар?

Тірек сөздер: әнші, актер, ән айтады, Шығыс Қазақстан облысы, бала кезінен, Бүкіл әлемдік сән көрмесі, күміс медаль, шет елде, керемет дауыс.

 

Кері байланыс

Берілген сөйлемдерге «иә» (+) немесе «жоқ» (-) деп жауап береді.

Дескриптор:

- тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

- сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ!

- тапсырманы орындауда қателер болды!

- тапсырманы орындау қиын болды!

Кері байланыс

Грамматикалық қоржын

Қарапайым сөйлем:

Әміре Қашаубаев Парижде ән айтты.

Күрделі сөйлем:

Әміре Қашаубаев талантты әнші, себебі оның керемет дауысы бар.

Мен концертке барамын және әншілерді тыңдаймын.

Адасқан сөздер

Әнші / Әміре Қашаубаев /атақты

Облысында / ол / туған / Шығыс Қазақстан

Бала кезінен /ән айтады / Әміре

«Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос» / 1925 жылы / әндерін орындады / Парижде

Әміре/ алды / екінші орын иеленді / және / күміс медаль /

Өзінің / таңғалдырды / керемет дауысымен / халықты

Бүкіл әлемге танытты / Әміре /қазақ елін /, себебі / ән айтты / шет елде.

Дескриптор:

- сөйлемдегі сөздердің ретін анықтайды;

- берілген сөздермен дұрыс сөйлемдер құрастырады;

- жай және құрмалас сөйлемдерді ажыратады.

 

Тақырып бойынша жаңа сөздерді қолданып, екі жай сөйлем, екі құрмалас сөйлем құрастыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу