Әнші Әміре № 5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)

6-тарау

Атақты тұлғалар

Сабақтың тақырыбы: Әнші Әміре 5

    • Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабаққа қажетті құралдар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге шығып, «Жүректен жүрекке» ойыны арқылы тілдерін жаттықтыралы. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне өздері білетін сөздерді айтып, жақсы тілек білдіреді. Мен саған ... тілеймін (бақыт, денсаулық, береке, сәттілік). Жаттығу шеңбер бойымен жалғасады. Мысалы: бақыт, денсаулық, табыс, байлық, сәттілік, көтеріңкі көңіл-күй, жақсы дос, т.б.
  • Үй жұмысын «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар Қаныш Сәтбаев туралы өткен сабақта алған білімдері мен қосымша ақпаратты колданып, айтады.
  • Тақырыпқа көшу мақсатымен суреттер арқылы ой шақырып, тақырыпқа болжау жасатыңыз. Оқушыларға алдын ала даярланған қағазға немесе тақтада суретті көрсетіңіз. Оқушылар кезекпен шығып, суретті сипаттайды немесе қасына өз ойын жазады.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздердің мағыналарын суреттері арқылы болжайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Сөздердің мағынасын түсінік беру арқылы меңгереді.

Қолдану ерекшеліктерін көрсету:

  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдандырыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
  • Сөз орамдары мен сөйлем құрастырғызыңыз.
  • Есте сақтаңыз:

Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.

  • Тыңдалым

Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.

Тыңдалым мәтінінің алдында қызығушылықты ояту және мәтінге дайындау мақсатында «Ассоциация» әдісін қолданыңыз. Өз ассоциацияларын айтқаннан кейін «Қандай қазақ әншілерін білесіңдер? Қандай қазақ әндерін білесіңдер?» сияқты ой қозғау сұрақтарын қойыңыз. Содан кейін мәтіннің мазмұнын болжату мақсатында Әміре Қашаубаевтің «Балқадиша» әнін тыңдату. Осыдан кейін оқушылар мәтінді екі рет мұқият тыңдайды, тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Мәтін бойынша толық түсінік алғаннан кейін, «Дұрыс\Бұрыс» кестесін толтыруды ұсыныңыз. Жұптасып берілген сөйлемдерге «иә» () немесе «жоқ» (×) деп жауап береді. Алдын-ала оқушыларға тірек сөздер мен дескриптор беріңіз. Бірнеше жұптың жауаптарын тыңдаңыз, жұптар бір-бірін тақтадан дұрыс жауапқа қарап, бағалайды. Мұғалім ауызша комментарий беру арқылы кері байланыс береді.

  • Грамматикалық қоржын

Алдымен жай және құрмалас сөйлемдерді естеріне түсіріп, ауызша немесе жазбаша мысалдармен бекітіп алуына жағдай жасаңыз. Содан кейін «Адасқан сөздер» әдісі арқылы сөздердің орнын тауып, ретін санмен белгілейді. Сөздерден сөйлем құрастырып айтады. Алдын-ала оқушыларға дескриптормен таныстырыңыз. Грамматикалық терминдерді қолданбаңыз.

  • Бағалау:

Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, «Бас бармақ», «Бағдаршам» түрлерін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.

  • Сергіту сәті:

Кәне, кәне, тұрайық!

Алға, артқа бұрылайық.

Ағаштар секілді тербелейік,

Самал желдей соғайық.

Оқушылар дауыстап бірге айтады. Саусақ арқылы тізбектейді немесе қимыл арқылы көрсетеді)

  • Рефлексия

Адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі қажет. Рефлексия ретінде сабаққа қатысты «Нысана» әдісін қолдануға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу