Әнші болғым келеді №4 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


4 сабақ. Әнші болғым келеді

№1

Роза Рымбаева - қазақтың белгілі әншісі. Ол 1957 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді.

1975 жылы Алматыдағы спорт сарайында республикалық ән байқауы өтті. Осы ән байқауында Роза бірінші рет сахнаға шықты. Ақ көйлек киген кішкентай қыз бас жүлдені жеңіп алды. Роза сахнада «Әлия» әнін орындады. 28 жасында халық әншісі атанды.

Роза Рымбаева - халықтың сүйікті әншісі.

№2

Сұрақтарға жауап бер (толық жауап берудің қажеті жоқ, бір-екі сөзбен жауап берсе болады).

  • Роза Рымбаева кім?

______________________________

  • Ол қашан және қайда дүниеге келді?

_______________________________________

  • Роза Рымбаева сахнаға қай жылы шықты?

_______________________________________

  • Ән байқауында қандай жүлдені жеңіп алды?

______________________________________

  • Әнші ән байқауында қандай әнді орындады?

_______________________________________

  • Неше жасында «халық әншісі» атағын алды?

_______________________________________

№3

Үй тапсырмасы:

Сөздерден сөйлем құрап жаз.

Әнші, Роза Рымбаева, белгілі.

Сахнаға, 1975, шықты, жылы, бірінші рет.

Қазақстан, шығыс, әнші, туған, облысында.

Қазақ, жақсы көреді, әншіні, халқы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу