Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: Дені саудың – жаны сау | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№1 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1 Зейін қойып тыңдау 1.1.1.1 Зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды. 3.3 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау 1.3.3.1 Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды. | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Зейін қойып тыңдайды. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды. Көбі: Зейін қойып тыңдайды, сөздік қорды молайтады. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды және есте сақтайды. Кейбірі: Зейін қойып тыңдайды, сөздік қорды түрлі контекстегі сөздермен молайтады. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды және өз бетінше түсіндіре алады. | ||
Жетістік критерийлері | Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады. Оқылым. Талқылауға қатысады және сөздің мағынасын түсіндіре алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Бір күні, бірінші, сосын, кейін, соңында | ||
Құндылықтарды дарыту | Денсаулығын күтуге тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Сауат ашу сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары |
| ||
Бастапқы білім | Менің денем- ақпараттық постер№2 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбері -Дәрігер не істейді?- деген сұрақты оқушыларға қою. Олардың жауаптарын тыңдау. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№1 Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. |
| |
Сабақтың ортасы 5 минут | (Ұ) Оқушылар әңгіме жоспарында берілген сөздерді пайдалана отырып, әңгімені мазмұндайды. (Бір күні, бірінші, сосын, кейін, соңында)
Бір күні мен анаммен дәрігерге бардым. Менің мазам болмады, себебі құлағым қатты ауырды. Бірінші біз күту бөлмесінде отырдық. Сосын дәрігер менің құлағымды арнайы құралмен тексерді. Кейін ол менің тәуір болып кетуім үшін дәрі ішуім керектігін айтты. Соңында мен дәрі ішіп, тез сауығып кеттім. СЕРГІТУ СӘТІ Кәне қызық ойындар Қатарласа қойыңдар. Отырыңдар, тұрыңдар, Маған мойын бұрыңдар. Қолымызды жайайық, Құстай қанат қағайық. Аяқты бір басыңдар, Кәне тағы-тағы да, Қол соғайық жабыла Кәне, тағы – тағы да! (ЖЖ) Әңгімені мазмұндау жоспарын қолданып, жаттықтыру үшін қабілеті әр түрлі оқушыларды жұптастыру. (Т, Қ) Оқушылар мұғалімнің әңгімені мазмұндау жоспарын пайдалана отырып, шағын топтарда әңгімені бір-біріне іс-қимылды пайдаланып мазмұндайды. Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалау:
(Ұ, Қ) Әрбір топ әңгімені сыныпқа мазмұндайды, басқа оқушылар тыңдап, өз бағасын береді. ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: әңгімені мазмұндау жоспарына сүйене отырып, өздігінен әңгімені мазмұндайды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: кейбір негізгі сөздерді айтады және басқа оқушылардың іс-қимылын қайталайды. Оқу мақсаттарына қайта оралу. |
| |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Оқушылар өздерін градусниктің шкаласымен бағалайды. 36С жақсы түсіндім 37С орташа түсіндім 39С ештеңе түсінбедім | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) | |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар әңгімені мазмұндау жоспарына сүйене отырып, өздігінен әңгімені мазмұндайды. | Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалау:
| Сауат ашу сабағы Денсаулығын күтуге тәрбиелеу. | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру