Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: Дені саудың – жаны сау | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№2 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Сөздердің және тіркестерінің мағынасын түсіну 1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. 2.6 Сөйлеу мәнерін бағалау 1.2.6.1 Қарапайым айтылымдарды қайталайды | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды Көбі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және қолданады.Қарапайым айтылымдарды сөйлесуде қолданады. Кейбірі: Күнделікті өмірде қолданылатын жаңа сөздердің мағынасын түсінеді. Қарапайым айтылымдарды басқаларға түсіндіреді. | ||
Жетістік критерийлері | Тыңдалым. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана алады. Айтылым. Айтылымды мұқият тыңдайды және қайталай алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: жедел жәрдем, аурухана, шақыру, дәрігер, адамды емдейді, 03телефонына хабарласу | ||
Құндылықтарды дарыту | Қамқоршы, жанашыр болуға тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Сауат ашу сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=4y7zqUJ1aeI Врач и машина скорой помощи. Развивающие мультики для детей | ||
Бастапқы білім | Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№1 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбері (Ұ) Оқушыларға жедел жәрдем машинасының суретін ұсыну.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№2 Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. |
| |
Сабақтың ортасы 5 минут | (МК) Оқушылар дыбыссыз мультфильм көреді. Көргенін айтуға тырысады.
СЕРГІТУ СӘТІ Көзге арналған жаттығуды орындау. (Қ) Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. Мысалы, Жедел жәрдемді ... ... шақырады. (науқас адамға) Оқушылардан жұпта берілген сөйлемді тиісті сөзбен толықтыра отырып, қайталауды өтіну. Жедел жәрдемді науқас адамға шақырады. Жедел жәрдемді 03 деген телефонмен шақырады. Дәрігер ауру адамға бірінші көмек береді. Дәрігер қызуын өлшейді. Дәрі береді. Қажет болса ауруханаға алып кетеді. ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: әңгімені мазмұндау жоспарына сүйене отырып, өздігінен әңгімені мазмұндайды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: кейбір негізгі сөздерді айтады және басқа оқушылардың іс-қимылын қайталайды. Оқу мақсаттарына қайта оралу. | https://www.youtube.com/watch?v=4y7zqUJ1aeI Врач и машина скорой помощи. Развивающие мультики для детей | |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) | |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар әңгімені мазмұндау жоспарына сүйене отырып, өздігінен әңгімені мазмұндайды. | Сұрақтарға жауап беру арқылы бағалау. | Сауат ашу сабағы Қамқоршы, жанашыр болуға тәрбиелеу. | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру