Ертегі кейіпкерлері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі (екінші)

Бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.

ТАҚЫРЫБЫ: Ертегі кейіпкерлері.

МЕКТЕП: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалім: Қалиева Қ.Қ., Лепесбаева А.Т.

СЫНЫП: 1

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:

А 2 Қарапайым әңгімелерді (мәтіндерді) мазмұндайды.

Т 5 Тыңдалған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.

Ж 2 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

 САБАҚ

 МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар:

Сурет бойынша кейіпкерлерді атай алады. Мұғалімнің көмегі арқылы кейбір бөліктерін айта алады.

Оқушылардың көбі:

Бейнематериал бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Кейіпкерлерді атай алады. Әрекеттерін болжамдай алады. Кейіпкерлердің атауларын жаза алады.

Оқушылардың кейбірі:

Ертегіні сурет бойынша реттілікпен айта алады. Тірек сөздерді қолдана алады. Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін айта алады.

 СӨЗДІК ҚОР:

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Ерте-ерте, ертеде, мысық, қатық, ағаш, жапырақ, су, қыздар, сағыз, сұрау, берші.

Алдыңғы білімдер

Шалқан ертегісін жазу.

Жоспар

Іс-әрекет кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбер

Ерте, ерте, ертеде,

Ертегілер елінде

Еркелеген еркеге

Ертегілер ерекше.

Сабақтың ортасы

(Ұ) «Мақта қыз бен мысық» бейнежазбасын көрсету. Бейнежазбада бірінші рет қарағанда, көрген кейіпкерлерді атату. Бейнежазбаны тоқтатып, болжам жасату.

Бейнежазбаны екінші рет көру барысында тоқтатып, кейіпкерлер туралы жеңіл, күрделі сұрақ қою.

  • Кім? Не? Қайда?
  • Қай сөздер, суреттер сендерге таныс?
  • Қандай кейіпкерлерге ұқсайды? Неліктен ұқсайды?
  • Мақта қыздың көңіл-күйі қандай болды?
  • Мысықтың көңіл-күйі қандай болды?
  • Мақта қыз бен мысық дос бола алды ма?
  • Неге мысық қатықты төкті?
  • Мысық қатықты қайдан алды?

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар күрделі сұрақтарға жауап беруге тырысады. Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін айтып, реттілігін анықтай алады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар тірек сөздер арқылы жеңіл сұрақтарға жауап береді.

(Ж) Кейіпкерлердің атаулары жазылған суреттерді іліп, реттілікпен қойып, атауларын, есте сақтауларына назар аудару.

Жұптардың бірін-бірі бағалау критерийлері:

  • Кейіпкерлерді атай алады;
  • Кейіпкерлерді ретімен айта алады;
  • Кейіпкерлер әрекетін айта алады.

) Презентациямен жұмыс. Ертегіні реттілікпен белгілеу.

(Ө, қ) Берілген кейіпкерлердің қасына аттарын жазу.

https://www.youtube.com/watch?v=KndtlG4ubiU

https://yandex.kz/images/search?img_url=http%3A%2F%2Ferketai.kz%2Fwp-content%2Fuploads%2F2013%2F01%2F10-300x226.jpg&uinfo=sw-1366-sh-768-ww-1349-wh-657-pd-1-wp-16x9_1366x768&_=1433329982055&viewport=wide&nomisspell=1&text=%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%20%D2%9B%D1%8B%D0%B7&redircnt=1433329976.1&pos=6&rpt=simage&pin=1

Презентация

Дидактикалық материал

Сабақтың соңы

Кері байланыс 1. Мен................................. түсіндім.2. Мен ..................................таныстым.

3. Мен.....................................істеу керекпін.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздікАКТҚұндылықтар

  • Ертегі кейіпкерлерін жатқа айту
  • Ертегі реттілігін сақтау.
  • Критерийлер бойынша бағалау.
  • Бейнематериалды көрсету.
  • Еңбекке баулу.

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті кезең:

1:

2:

Осы сабақтан келесі сабақты өткізуге септігін тигізетін сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу