Ертегі кейіпкерлері №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ертегі кейіпкерлері №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4 Диалогке қатысу

1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

3.1 Зейін қойып оқу.

1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

3.5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу.

1.3.5.1 Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.

Көбі: Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды және сұрақтарға жауап береді.

Кейбірі: Өз пікірін айту арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлемде қолдана алады. Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды және талқылайды.

Жетістік критерийлері

Айтылым.

Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады.

Оқылым.

Сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.

Үлкендердің көмегімен мәтіннен қажетті ақпаратты таба алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бай, кедей, мейірімді, жылы тон, тесік тон, алдау, айла ойлау, түлкі ішік пен жүйрік атты

Құндылықтарды дарыту

Мейірімді, әділетті болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Сергіту сәті

"Қызыл гүлім - ай"

Бастапқы білім

Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3 «Түлкі мен Тырна» ертегісі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(Ұ) Оқушыларға кітаптан, фильмнен түрлі ертегі кейіпкерлерін көрсету және олардан кім екенін табуды сұрау. Орыс және қазақ тіліндегі ертегі кейіпкерлерінің атын көрнекі жерге жазып қою.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

(Ө) Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің суретін салады және әр кейіпкердің астына аттарын жазып қояды.

(Т,қ) «Бағытталған оқу» әдісін «Алдар көсенің сиқырлы тоны» ертегісі бойынша жүргізу.

Сұрақтар:

  • Кітап не туралы?
  • Кейіпкерлерді таныдың ба?
  • Қай сурет ұнады?
  • Қай сөздер сендерге таныс? Маған көрсетіңдер…Бұл нені білдіреді?
  • Кітапты ұнатасың ба? Неге?

Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалау:

  • кейіпкерлерді тану;
  • мәтін бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беру;
  • мәтін туралы басқа оқушылардың айтқандарын тыңдау;
  • жаңа сөздерді қолдану.

СЕРГІТУ СӘТІ.

"Қызыл гүлім - ай"

(Қ) Оқушыларға ертегіні/суреттер ұсыну. Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Оқушыларға «Ертегі не туралы? Сен қай сөздерді танып, оқи аласың? Ол қандай мағынаны білдіреді?» т.б. сұрақтар қоя отырып, олардың қажетті ақпаратты қарастыруына көмектесу немесе нұсқау беру.

Жетістік критерийі:

  • Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады.
  • Сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.
  • Үлкендердің кӛмегімен мәтіннен қажетті ақпаратты таба алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: ертегі кейіпкерлерін сипаттау.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: ертегі кейіпкерлерінің суретін салу және астына атын жазу

Таныстырылым.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Мен бүгін ... үйрендім.

Маған ... қиын болды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдау көрсету, мадақтау.

Қабілеті жоғары оқушылар ертегі кейіпкерлерін сипаттайды.

Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалау:

  • кейіпкерлерді тану;
  • мәтін бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беру;
  • мәтін туралы басқа оқушылардың айтқандарын тыңдау;
  • жаңа сөздерді қолдану.

Сауат ашу сабағы

Мейірімді, әділетті болуға тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу