Саяхат. Көлік – оқылым. (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5

Күні: 28.01.2016

Сынып: 1

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Саяхат

Көлік – оқылым. (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О 5 Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Үлкендердің және сыныптастарының көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.

Кейбір оқушылар:

Өз бетінше ақпараттарды таңдайды.

Жетістік критерийлері

Үлкендердің көмегімен мәтіннен қажетті ақпаратты таба алады.

 Сөздік қор

Ерте, ерте, ертеде, қанат, сынады, көмектеседі, қуанады.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Көліктердің атауларын атай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) Қызығушылықты ояту.

Берілген өлеңді мұғаліммен бірлесе қайталап отырып, қимылмен орындарында жасайды.

Орнымыздан тұрамыз, (орындарынан тұрады) Қанатымызды жаямыз, (екі қолын екі жаққа ұстайды)Ұшақ болып ұшамыз. (жарты денесімен ұшу қимылын жасайды) Суда жүйткіп жүземіз. (қолдарын қосып, ирек сызықты ауада жасайды)

Сабақ ортасы

5 мин

2 мин

10 мин

10 мин

6 мин

) «Кім тапқыр» ойыны

Оқушыларға көліктердің суреттері таратылып беріледі. Мұғалім көліктердің әрекеттерін айтқан уақытта оқушылар соған сай көлік түрлерін көтереді.

Мысалы, Ұшады – ұшақ, тікұшақ, әуешары.

Сергіту сәті

Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап жасау.

(МК) «Суретті әңгіме».

«Бірлесе оқу» әдісі арқылы шағын әңгімені суреттерді қолданып оқиды. Жаңа сөздерді орынды қолданады. Әр оқушы мәтінді іштей екі минут оқиды.

Ерте, ерте, ерте бір ұшақ болады. Оның бір қанаты сынады. Ұшақ көңілсіз болады. Ұшаққа зымыран мен тікұшақ келеді. Олар ұшаққа көмектеседі. Ұшақ қуанады және достармен ұшады.

(Ж, Қ) «Сәйкестендіру»

Сурет пен сөйлемдерді сәйкестендіріп, сөйлемдерді реттілікпен қойып әңгімелейді.

Ерте, ерте, ерте бір ұшақ болады.

Оның бір қанаты сынады.

Ұшақ көңілсіз болады.

Ұшаққа зымыран мен тікұшақ келеді.

Олар ұшаққа көмектеседі.

Ұшақ қуанады және достарымен ұшады.

(Ө) «Дауыстап оқы»

Әр оқушы ертегіні дауыстап, дауыс ырғағын келтіріп өздігінен оқиды. Сөздердің дұрыс, сауатты оқылуына аса назар аударылады.

Ерте, ерте, ерте бір ұшақ болады. Оның бір қанаты сынады. Ұшақ көңілсіз болады. Ұшаққа зымыран мен тікұшақ келеді. Олар ұшаққа көмектеседі. Ұшақ қуанады және достармен ұшады.

Дидактикалық материал

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы

4 мин

(МК) «Бағдаршым» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

Қызыл түс – түсінбедім

Сары түс – сұрақтарым бар

Жасыл түс – толық түсіндім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу