Өз стартапыңды жүзеге асыру. Информатика, 11 сынып, презентация.


IT startup

1 сабақ

Оқу мақсаттары:

11.4.2.1 Startup (стартап) ұғымын сипаттау;

11.4.2.2 Crowdfunding (краудфандинг) платформасының жұмыс принципін сипаттау

Бағалау критерийлері:

11.4.2.1 Startup (стартап) ұғымын сипаттау;

11.4.2.2 Crowdfunding (краудфандинг) платформасының жұмыс принципін сипаттау

Сабақ

Оқушыларды ынталандыру

Біз қандай да бір жаңа өнім ойлап таптық делік! Одан әрі не істейміз?

Стартап дегеніміз не?

Стартап немесе стартап-компания (ағылш. start-upіске қосу) дегенімізтүбегейлі жаңа идеяны іске асыру арқылы пайда табуға бағытталған бизнес түрі.

Стартап— бұл бұрын-соңды болмаған бизнес.

Стартаптың қарапайым бизнестен айырмашылығы оның бұрын-соңды болмаған түбегейлі жаңа өнімді ұсынуында.

Стартап дегеніміз не?

Стартап өнім шығаратын және кең ауқымда тарала алатын бизнес-моделін іздеу үшін құрылған компания.

Яғни ойлап табылған өнімді көп қайтара сату және бизнес көлемінің болашақта ұлғаю мүмкіндігі болу керек.

Сонымен қатар, стартаптың негізі қандай да бір технологиялық жаңалықтарға сүйенуі керек.

Стартап дегеніміз не?

Стартаптың басты мақсаты техникалық прогресс жетістіктерін қолдану нәтижесінде ғана шешілертін мәселелер мен тапсырмаларды шешу. Twitter-дің негізін қалаушылардың бірі Исаак «Биз» Стоуннің айтуы бойынша заманауи жоғары технологиялық жобалардың басты міндеті адамның күнделікті өміріндегі әр түрлі әрекеттерін жеңілдетуге бағытталуы болып табылады.

Әрине, стартапшылардың басты міндеті техника саласында революцилық төңкеріс жасау емес, алайда қазіргі таңда дамып жатқан әр түрлі салаларда жаңашыл, қайталанбас ойлар мен инновациялық өнімдерді ұсыну бірден бір мақсат.

Стартаптың ерекшеліктері

Стартап — өнім

Жоғарыда қарастырылған анықтамаларға сүйенсек, стартап деп қандай да бір программалық немесе конвейерге қойылған физикалық өнімді айтады. Себебі қызметке қарағанда өнім ғана көп мәрте қайталана өндіріле алады.

Стартаптың ерекшеліктері

Стартаптың өмір циклі

Кез келген стартаптың бастамасы оның прототипін құру болып табылады. Одан әрі прототип өзгеріске ұшырап, дами түседі де толыққанды өнімге айналады. Стартаптың ауқымы артады. Стартапшылар өз жобаларына бірнеше мәрте инвестиция тартып, өз командасын ұлғайтады. Сонымен қатар, өнімнің күрделілігі артып, жетіле түседі. Ең соңғы қадам стартапты үлкен корпорацияларға сату немесе оның акцияларын биржаға шығарып, жеке дара компания ретінде жетілдіру болып табылады.

Стартаптарды кім жүзеге асырады?

«Стартапшы» термині өз кезегінде «кәсіпкер» ұғымына синоним болып келеді, өйткені нағыз стартап толыққанды бизнеске тең келеді. Нағыз стартапшы жан-жақты дамыған маман болуы керек, себебі одан бизнестің қыр сырымен қатар, дизайнерлік, инженерлік, сонымен қатар экономикалық білім де талап етіледі. Көбінесе, стартапың негізін екі адам қалайды, бірі кәсіпкер, ал екіншісі инженер болып, бір-бірін толықтырады. Мұндай стартаптардың да сәтті дамыған бірқатар мысалдары бар.

Жұпптық жұмыс (5 мин)

Өзекті бизнес-идеялар туралы ақпаратпен жұп болып танысып шығыңыз.

Сіздің аймағыңызда (облыс, қала, аудан, ауыл) дамуына болашағы бар деп есептейтін екі идеяны ұсыныңыз. Жауабыңызды дәлелдемелер, статистика, мысалдар келтіру арқылы негіздеңіз.

Краудфандинг

Краудфа́ндингдегеніміз басқа адамдардың немесе ұйымдардың әрекеттеріне қолдау көрсету мақсатында өздерінің қаржылық немесе басқа да ресурстарын біріктіретін (әсіресе Интернет арқылы) адамдар бірлестігі

Краудфандинг қалай жұмыс істейді?

1 қадам

Қаржы жинақтау үішн жоба құру.

Қаржыны жинақтау бірнеше минутта жүзеге асуы да мүмкін.

2 қадам

Жобаңызбен тусқандар мен достар арасында бөлісу.

Осылайша өз жобаңызды бірнеше қадамда ғана көпшілікке тарата аласыз.

3 қадам

Жиналған қаржыны алу.

Жинақталған қаржыны мақсатқа жетпестен бұрын алу мүмкіндігі бар.

Толығырақ

https://fincult.info/article/kraudfanding-kak-privlech-dengi-s-pomoshchyu-kollektivnogo-finansirovaniya/

Қорытынды

Сабақтан нені үйрендіңіз?

Негізгі терминдерге анықтама беріңіз.

Үйренгеніңізді нақты өмірде қалай пайдалануға болады?

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Жұп болып қандай да бір стартаптың идеясын ұсынып, шағын презентация дайындау

Стартап тақырыбы

Идеяны сипаттау (жоспарланған өнім)

Жобаның өзектілігі (заманауи сұраныс, потенциалды қолданушылар ауқымы)

Пайдалы сілтемелер:

https://pammtoday.com/chto-takoe-startap.html

https://itkeys.org/what-are-startups/

https://equity.today/startups.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу