Алғышартты цикл. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А бөлім - Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Алғышартты цикл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану (С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

Сабақ мақсаты

  • есептің алгоритмдік моделін алғышартты цикл арқылы құру
  • блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құру
  • программалау тілінде алғышартты циклді пайдаланып есептер шығару

Бағалау критерийлері

  • есептің алгоритмдік моделін алғышартты цикл арқылы құра алады
  • блок-схема түрінде тапсырманың шешімін құра алады
  • программалау тілінде алғышартты циклді пайдаланып есептер шығара алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • Айнымалылар, алгоритмдік құрылым, циклдік алгоритм, блок-схема, программалық код, мәндерді тестілеу, алғышартты цикл

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Алгоритмдік құрылым түрлері........
  • Цикл дегеніміз .............
  • Циклдік алгоритмдердің түрлері ………
  • Тапсырмаларды шешу үшін ...
  • Тапсырмаларды тестілеу-бұл.....
  • Блок-схема-бұл.....

Құндылықтарды дарыту

1. Құрметтеу: топтық жұмыс кезінде жұптық қарым-қатынастарды дамытуды қамтиды

2. Академиялық адалдық: академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

3. Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математика

Бастапқы білім

Алгоритм тұжырымдамасы, алгоритмді жазу түрлері, блок-схема, сызықтық және тармақталу құрылымдары

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

0-4 мин

  • Миға шабуыл

Оқушылардан келесі сұрақтарға жауап беруді сұрау:

1.Цикл дегеніміз не

2. Параметрлі цикл мен соңғышартты циклдердің бір-бірінен 2 айырмашылығын көрсетіңіз

Жауаптарды талдау.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады

Презентация

Сабақтың ортасы

5-7 мин

8-15 мин

16-25

26-36 мин

  • Жаңа тақырыпқа кіріспе

Оқушылар жұпта өмірден алғышартты циклдік алгоритмдерге мысалдар келтіреді. Жауап беруге тиіс сұрақ:

  • қашан тексеріледі
  • қандай шарт
  • қайталау саны алдын-ала белгілі ме
  • Жаңа тақырып

Оқушыларға қандай жағдайда алғышартты циклді тиімді пайдалану керектігін көрсету. Жаңа тақырыпты есептің блок-схемасын құру арқылы 1 мысалмен талдау

  • Топтық жұмыс істеу

Сыныпты 3 топқа бөлу. Әр топ қайталану алгоритмдерінің ерекшеліктерін зерттейді:

1-топ: Параметрлі цикл

2-топ: Соңғышартты цикл

3-топ: Алғышартты цикл

Оқушылар постер немесе рөлдік ойын арқылы берілген алгоритмнің жұмысын сипаттай алады.

Жұмыстарын сынып алдына шығарып, сұрақтарға жауап береді.

  • Жеке жұмыс

Оқушылар таратпа материалдағы әртүрлі қиындықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындайды

Презентация

Дидактикалық материал

Деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың соңы

37-40 мин

  • Рефлексия.

Сабақтың мақсатына оралу:

  • Не сәтті болды?
  • Не сәтсіз?

Презентация

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу