Көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары «Графика және жобалау» САБАҚ 1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3: Кескіндерді түрлендіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.1

Проекциялау әдістерін өзгерту арқылы заттардың (денелердің) сызбаларың орындау

 Сабақ мақсаттары

  • көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру әдістерімен таныстыру;
  • проекциялау әдістері арқылы заттардың (денелердің) сызбаларың орындау кезеідерімен таныстыру

 Бағалау критерийлері

  • көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру әдістерін біледі;
  • проекциялау әдістері арқылы заттардың (денелердің) сызбаларың орындайды;
  • кескіннің түрі мен құрамын өзгертеді;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Кескіндерді түрлендіру, жаңғырту, қайта құру. құрамын түрлендіру, реконструкция, кеңістікте орналасуы, проекциялау

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Берілген проекцияда … жеткіліксіз.
  • Берілген заттың формасы….
  • Заттың қайта құру кескіні… тұрады.
  • Проекциялау әдістері арқылы заттарды....
  • Кескіннің түрі мен құрамын өзгерту арқылы....
  • Кескіннің масштабын өзгерту арқылы заттардын ....

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • еңбек және шығармашылық;
  • оқушылар арасында бір біріне сыйластық;
  • оқушылар мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты құру.

 Пәнаралық байланыстар

Дизайн, сызба, математика, геометрия, физика

 АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты іздеу, іріктеу, салыстыру бойынша оқушылардың өзіндік жұмыс және интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытады

Бастапқы білім

Тілік пен қима

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылардың сабаққ дайындығын, сабақ тақырыбы мен сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау.

Көзге жаттығу жасау

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

8 мин

(МК) Оқушылармен бірге көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру жолдарын қарастырып таныстыру.

Мұғалім: Түрлендіру туралы жалпы мәлімет. Оқу практикасында, өндірістік қызметте графикалық тапсырмалар кездеседі, олардың шешімі түрлі геометриялық фигураларды түрлендіруге байланысты. Түрлендіру белгілі бір ережелер бойынша біріншіден алынған бір пішінді екіншісімен ауыстыруды болжайды. Түрлендірудің негізгі түрлерін қарастырамыз:

  • Кескіндердің өзгермейтін пішіні олардың кеңістіктік орналасуын проекциялар жазықтықтарына қатысты өзгертпей: кескіндерді қосу, кескіндердің жаңа жазықтықа орналастыру және олардың санын өзгерту және т.б .;
  • Кескіндердің геометриялық пішініндегі немесе оның жеке бөліктеріндегі өзгерістерге байланысты, мысалы, қию арқылы, тілу, бөлшектерді ауыстыруды және т.б. пайдалану арқылы өзгерту;
  • Кескіннің кеңістіктік орналасуының ауысып проекциялану немесе басқа нысандарға қатысты: бұрылу, айналу, параллельді ауысу және т.б. өзгертулер.

(Т)(Қ) Оқушыларды топтарға біріктіріп, тақырыпқа байланысты графикалық тапсырмаларды орындайды. Топтар түрлендіру әдістерін қарастыратын постер орындайды.

Топ 1

  • масштабты түрленулер (сызбаны масштабта өзгерту);

Топ 2

  • проекциялау әдісінің өзгеруі (центрлік, параллель, аксонометриялық проекциялау);

Топ 3

  • кескіндердің өзгеру тәсілі (эскиз) нобай, техникалық сурет, тікбұрыштап және аксонометриялық проекциялау);

Топ 4

  • кескінделетін заттардың кеңістіктегі орнының өзгеруі (заттың орнының өзгеруі, алып тастау арқылы заттың формасының өзгеруі, ауыстыру, ұзарту, бөліктерді ауыстыру немесе олардың бастапқы қалпының өзгеруі және т.б.);

(Т) Әр топқа 1-2 минут графикалық тапсырмалардың шешімдерін сыныпқа таныстырады. Топтар түрлендіру әдістерін қарастыратын постерлерді ұсынады.

(Ө/Қ) Тәжірбиелік жұмыс №3 Бөлшектің берілген бейнесіне қарап, үш көрінісінің сызбасын орындаңыз. Сызбада өлшемдерді белгілеңіз.

Дескрипторлар:

  • заттың пішінін талдайды;
  • заттың пішінін элементтерін ауыстыру, алып тастау, немесе оыстарды тереңдету арқылы;
  • көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру әдістерін біледі;
  • проекциялау әдістері арқылы заттардың (денелердің) сызбаларың орындайды;
  • сызбада өлшемдерді дұрыс белгілейді.

Пайданылған әдебиеттер:

Методическое пособие по черчению к учебнику А.Д.Ботвинникова и др. Астрель Москва 2003;

М.М. Хасенов Черчение дополнительные материалы

Алматы «Мектеп» 2005.

«Көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру» таныстырылымы

Онлайн-оқулық

http://uroki-sovy.3dn.ru/load/

Бағалау үшін белгі беру қағаздарын қолдануға болады:

Көк- дұрыс жауап

Сары- қосымша қажет етеді

Жасыл- сұрақтар бар

Тапсырма-таратпалар №1 нұсқаларымен

Сабақтың соңы

10 мин

Сабақ соңында сызбаларын талқылап, оқушылар өздерінің қателіктерін жояды. Кері байланыс беріледі:

- Түрлендіру нені білдіреді?

- Түрлендірудің негізгі түрлерін атаңыз

 - Жұмыс барысында детальдардың түрі өзгеруімен байланысты әртүрлі саладағы мамандықтарды атаңыз

 

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу Оқушылар таңдаған орындалу әдістермен жұмыс орындау бойынша саралау іріктеледі. Жұмыс барысында көрсететін дағдылар арқылы саралау жүргізіледі.

Графикалық тапсырмалары бар шешімдерін топтарға таныстыру мен тәжірбиелік жұмыс көрмесінің нәтижелері

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу