Екі түзудің өзара орналасуы. Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.


«Кеңістіктегі түзулердің параллельдігі» тақырыбы бойынша дидактикалық материал

Ауызша жұмысҚосымша 1

1. Кеңістікте екі қиылыспайтын түзулер ылғи параллель бола ма?

2. Екі параллель түзулер арқылы неше жазықтық жүргізуге болады?

3. Жазықтықта екі параллель түзудің біреуін қиятын түзу, екіншісін де қиятыны белгілі. Осы ұйғарым кеңістікке де дұрыс бола ма?

4. Екі параллель түзуді қиятын түзулердің геометриялық орнын (ГО) анықтаңыз.

Суретті қолданып

5. AD1 текшенің төбелерінен өтетін және AB түзуіне параллель болатын түзулерді атаңыз.

6. AD1 текшенің төбелерінен өтетін және AС түзуіне параллель болатын түзулерді атаңыз.

7. AD1 текшенің төбелерінен өтетін АВ және СС1 түзулері параллель бола ма?

Жауаптары:

1. жоқ

2. бір

3. жоқ

4. жазықтық

5. A1B1; CD; C1D1

6. A1C1

7. жоқ

Жұптық жұмысҚосымша 2

1 -нұсқа

1. AD1 текшенің қырларын қамтитын неше параллель түзулердің жұптары бар?

2. ABCA1B1C1 үшбұрышты призманың төбелерінен өтетін және AА1 түзуіне параллель болатын түзулерді атаңыз.

2-нұсқа

1. ABCD тетраэдрдің төбелерінен өтетін AB және CD түзулері параллель бола ма?

2. Үшбұрышты призманың қырларын қамтитын неше параллель түзулердің жұптары бар?

Жауаптары:

1-нұсқа 1. Шешуі: Әрбір қыры үш параллель түзулер жұптарына тиісті. Текшеде 12 қыры бар. Сондықтан, ізделінді параллель түзулер жұптарының саны

 2. жоқ

2 -нұсқа 1. BB1, CC1

2. Табанының әрбір қыры параллель түзулердің бір жұбына қатысты. ІӘрбір бүйір қыры параллель түзулердің екі жұбына қатысты. Сондықтан, ізделінді параллель түзулер жұптарының саны

Даралау саралау жұмыс Қосымша 3

Карточка А (ортаңғы деңгей)

Аты жөні ______________________________ 10 ___

1. Барлық жазық бұрыштары тік болып келетін, суретте көрсетілген, көпжақтың төбелерінен өтетін AB түзуіне параллель түзулерді атаңыз.

2. Октаэдрдің қырларын қамтитын неше параллель түзулердің жұптары бар?

Карточка В (жоғары деңгей)

Аты, жөні ______________________________ 10 ___

  • Икосаэдрдің қырларын қамтитын неше параллель түзулердің жұптары бар?

2. Додекаэдрдің қырларын қамтитын неше параллель түзулердің жұптары бар?

Жауаптары:

Карточка А 1. DC, A1A2, B1B2, D1D2, C1C2, A3B3, C3D3

 2.

Карточка В 1.

2. Әрбір қырына параллель болатын бір-ақ қыры болады. Додекаэдрда 30 қыры бар. Сондықтан, ізделінді параллель түзулер жұптарының саны

Үй жұмысына берілетін карточкаҚосымша 3

Аты, жөні ______________________________ 10 ___

  • Дұрыс алтыбұрышты призманың қырларын қамтитын неше параллель түзулердің жұптары бар?
  • Барлық жазық бұрыштары тік болып келетін, суретте көрсетілген, көпжақтың төбелерінен өтетін AA2 түзуіне параллель түзулерді атаңыз.

3. Дұрыс алтыбұрышты призманың төбелерінен өтетін, AB түзуіне параллель болатын түзулерді атаңыз.

Жауаптары:

1. 33

2. BB1, CC1, DD2, A1B2, D1C2.

3. A1B1; DE; D1E1; CF; C1F1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу