Жазықтықтағы координаталар әдісі. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.
Қосымша 2
_____________________________________
Кесіндінің ортасының координаталары
Жазықтықта A (1; 5) және B (7; 9) нүктелерін белгілеңіз. АВ кесіндісінің дәл ортасынан М нүктесін белгілеңіз. М нүктесінің координаттарын табыңыз. Оны қалай таптыңыз? Былайша жазыңыз .
Содан кесіндінің ортасын қалай табу керек екенін формула етіп шығарыңыз.
Шешуі (қиын болса, кітапты қолдануға болады):
Қосымша 3
Тапсырма 1.
- А(2, 3) нүктесінен Ох осіне перпендикуляр түсірілген. Препендикулярдың табаныының координаттарын табыңыздар.
- А(2, 3) нүктесінен Ох осіне параллель түзу жүргізілген. Осы түзідің ордината осімен қиылысқан нүктесінің координаталарын табыңыздар.
Тапсырма 2.
Жазықтықта A (1; 5) және B (7; 9) нүктелерін белгілеңіз. АВ кесіндісінің дәл ортасынан М нүктесін белгілеңіз. М нүктесінің координаттарын табыңыз. Оны қалай таптыңыз? Содан кесіндінің ортасын қалай табу керек екенін формула етіп шығарыңыз. Сол шыққан формула негізінде келесі АВ кесінділердің орталарын табыңыздар, егер:
а) А(1, -2), В(5, 6);
б) А(-3, 4), В(1, 2);
в) А(5, 7), В(-3, -5) болса.
Нұсқаулық
1) Жұбыңызбен нүктелерді белгілеп, координаталарын табыңыз.
2) Топта кесіндінің ортасы жайлы ойларыңызды талқылаңыздар.
3) Болағаннан соң әр топтың бір мүшесі нәтижені тақтада қорғайды, оқушыларға түсіндіреді.
Тапсырма 3.
Екі нүктенің арқашықтығын табу үшін төмендегі суретті, Пифагор теоремасын және санның модулі анықтамасын қолданыңыздар.
Оқушылар суретт бойынша зерттеу жасап, қорытынды нәтижелерін дәптерлеріне жазады.
Қосымша 4
Тапсырма 1. C – нүктесі АВ кесіндісінің ортасы. Кестенің бос орындарын толтырыңыз.
A | (2;-3) | (0;1) | (0;0) | (c;d) | (3;5) | (3t+5;7) | |
B | (-3;1) | (4;7) | (-3;7) | (3;8) | (t+7;-7) | ||
C | (-3;-2) | (3;-5) | (a;b) | ||||
Тапсырма 2. ABCD параллелограмының төртінші төбесінің координатын табыңыздар А(2;6), В(4; 7), С(8; 10) болса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру