Жазықтықтағы координаталар әдісі. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 6 сабақ.
«Жазықтықтағы координаталар әдісі»
тақырыбын оқытуға әдістемелік нұсқаулық
Оқу мақсаты
8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу;
8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу;
8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу;
8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін
білу;
8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу;
8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ;
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
- жазықтықтағы координаталар әдісі бөлімінде өткен тақырыптарды бекіту және бағалау;
алған білімдерін есептер шығаруда қолдану.
Бағалау критрийлері
Оқушылар
біледі:
- кесіндінің ортанүктесінің координатын табуды;
- координаттарымен берілген екі нүктенің арақашықтығын табуды;
- кесіндіні берілген қатынаста бөлуді;
- центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін табуды;
- екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазуды;
қолдана алады:
- аталғандардың барлығын есептер шығару кезінде.
Сабақ барысы
Сабақтың басы. Сабақты белсендендіру. (5 минут)
Жазықтықтағы координаталар әдісі тақырыбында өткен материалдар бойынша қысқаша сауал-жауптар алынып, оқушыларды жекелеме жұмыс жасауға жұмылдыру. Сабақтың мақсаты өткен тақырыптар бойынша алынған білімді пысықтау және көзделген оқу мақсаттарын қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Сабақтың ортасы. Жұптық жұмыс. Тақырып бойынша есептер (25 минут)
Олай болса, қазір, осы білімді тереңдету және ұғына түсу үшін жұппен жұмыс жасаймыз. Әр жұпқа «Қосымша 1» таратпасын үлестіру. Таратпада берілген №1-6 есептерді оқушылар өз жұптарымен орындайды, талқылайды. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, әр оқушының өз жұбымен серіктесе жұмыс жасауына қолдау жасайды. Біріге отырып жасаған жұмыстың өнімді әрі жылдамырақ болатынын, яғни жұптық жұмыстың құндылықтарын сөзге арқау етуіне болады.
«Жұптық жұмыстың» жауаптары cлайдтарда беріледі. Оларды тапсырмаларды орындап болғасын салыстырамыз.
Қосымша 1
№1
№2
№3
№4
Суреттегі шеңберлердің теңдеулерін жазыңыздар
1) .
2) .
3) .
4) .
5) .
№5
Шеңбердің центрі мен радиусын табыңыздар.
№6
ABCD тіктөртбұрышы берілген. A(8;3), C(-1; 1). AB қабырғасының көлбеулік бұрышы 4-ке тең.
АВ түзуінің теңдеуін табыңыз.
ВС түзуінің теңдеуін тауып, оны түрінде беріңіз.
В нүктесінің координаталарын табыңыз.
АВСD төртбұрышының ауданын табыңыз.
Жекелеме жұмыс (5 минут) Қосымша 2.
«2-ші қосымшадағы» тапсырманы жеке орындауға беріңіз. Бұл тапсырмада бірнеше сұрақ қамтылған, сондықтан да қорытынды қалыптастырушы бағалау жұмысы деп айтуыңызға болады және әр баллдың қалай берілетінін келесі сабақта оқушыларға түсіндірген абзал.
Қосымша 2
Жекелеме жұмыс
ABCD тіктөртбұрышы берілген.
Бұрыштық коэффициенттерін табыңыз.
[1]
АВ түзуі мен ВС түзулері перпендикуляр, сондықтан олардың бұрыштық коэффициенттерінің көбейтіндісі -1-ге тең. Олай болса
[1]
С нүктесінің белгісіз координатын табыңыз.
[2]
АВ және ВС кесінділерінің ұзындықтарын табыңыз.
[2]
[2]
АВСD төртбұрышының ауданын табыңыз.
[2]
Сабақтың соңы (5 минут)
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- Нені білдім, нені үйрендім?
- Нені толық түсінбедім?
- Немен жұмысты жалғастыру қажет?
- Бұған дейінгі білімімде түсінбеген тұстар бар ма, ол осы тақырыпты түсінуге қалай әсер етті?
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- Нені білдім, нені үйрендім?
- Нені толық түсінбедім?
- Немен жұмысты жалғастыру қажет?
- Бұған дейінгі білімімде түсінбеген тұстар бар ма, ол осы тақырыпты түсінуге қалай әсер етті?
Сонымен, «Жазықтықтағы координаталар әдісі» тарауындағы барлық өткен тақырыптарға формативті бағалау жұмысын алдық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру