Трапеция, оның түрлері және қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 4.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 

 Сабақтың тақырыбы: Трапеция, оның түрлері және қасиеттері

 

 Оқу мақсаты:

 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу

 Бұл сабақта оқушылар трапеция ұғымымен, оның түрлерімен, қасиеттерімен танысады. Қасиеттерін қолданып есептер шығарады.

 

 Жаңа материалды мұғалім оқытудың диалогтық әдісін қолданып өзі түсіндіреді. Тақырыпты меңгеру соңында жалпы сыныпқа дайын сызбамен берілген 2 есеп ұсынылады. Оны оқушылар өздіктерінен шығаруларына немесе тақтада бір оқушы шыарып көрсетуіне болады.

 Бекіту тапсырмасы ретінде өздіктерінен орындауға арналған тапсырмалар беріледі. Тақтада 1-8 нөмірлері бар кесте сызылады. Оқушылар әр тапсырманы орындайды, болған соң мұғалімге немесе шығарып, тексертіп болған оқушыға өз шешімін тексертеді. Дұрыс болған жағдайда сәйкес ұяшыққа өз атын жазады да сол тапсырманы орындаған келесі оқушыны тексере алады. Бұл оқушылардың түсінбей қалған тұстарын сыныптастарынан түсініп алуларына, ал тексеруші оқушының есінде жақсы сақталуына көмектеседі.әрбір тапсырманы бағалауға арналған дескрипторлар ұсынылған.

 Сабақ соңында оқу мақсатына жетуге арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмасы орындалады. Тапсырма оқу мақсатына сай бағалау критерийлері мен дескрипторлар арқылы берілген.

 

 Жауаптары

 

1. Трапецияның бүйір қабырғалары 7см және 11см, ал табандары – 5см және 15см. Кіші табанының төбесі арқылы үлкен бүйір қабырғасына параллель жүргізілген түзу трапециядан үшбұрыш қиып өтеді. Оның қабырғаларын табыңдар.

Жауабы: 7см, 10 см, 11 см

2. Теңбүйірлі трапецияның кіші табанының ұшынан жүргізілген биіктік, оның үлкен табанын 4 және 8–ге тең кесінділерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңдар.

Жауабы: 4 , 12

3.Теңбүйірлі ABCD трапециясының BC кіші табанының C ұшынан оның үлкен AD табанына түсірілген перпендикулярдың табаны – P. Егер трапецияның табандары a және b (a > b) болса, DP және AP табыңдар.

Жауабы: DP = (a-b)/2, AP = (a+b)/2

4. Теңбүйірлі трапецияның кіші табанының ұшынан жүргізілген биіктік, оның үлкен табанын біреуі екіншісінен 5-ке артық кесінділерге бөлсе, онда трапецияның кіші табанын табыңдар.

Жауабы: 5

5. ABCD трапециясының BD диагоналы АВ қабырғасына перпендикуляр, ал Трапецияның кіші табанын екінші бүйір қабырғасына тең деп алып, оның басқа бұрыштарын табыңдар.

Жауабы: ;

6. ABCD трапециясының кіші табаны 4см. В төбесі арқылы CD қабырғасына параллель түзу жүргізілген. Сонда пайда болған үшбұрыштың периметрі 12см болса, онда трапецияның периметрі неге тең?

Жауабы: 20 см

7. Тең бүйірлі трапецияның бір бұрышы 600, бүйір қабырғасы 24см, ал табандарының қосындысы 44см. Трапеция табандарының ұзындықтарын табыңдар.

Жауабы: 10см; 34см

8. Тік бұрышты трапецияның табандары 10см және 15см, бір бұрышы 450. Трапецияның кіші бүйір қабырғасын табыңдар.

Жауабы: 5см

 

 

Қосымша тапсырмалар

Трапецияның периметрін табыңыз:

 

Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • Ә.Н.Шыныбеков. Геометрия. Жалпы білім беретін мектептердің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012.
  • Э.Н.Балаян. Геометрия: задачи на готовых чертежах для подготовки к ГИА и ЕГЭ : 7-9 классы. Ростов н/Д: Феникс, 2013.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу