Параллелограмм. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Сабақ тақырыбы: «Параллелограмм, оның қасиеттері мен белгілері».

Оқу мақсаттары:

8.1.1.3 параллелограммның анықтамасын білу;

8.1.1.4 параллелограммның қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;

8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар

істей алады:

  • геометриялық фигураларды таниды, төртбұрыштардың арасынан параллелограммды анықтайды;
  • геометриялық фигураларды салады;
  • үшбұрыштың теңдік белгілерін дәлелдеу кезінде қолданады;
  • қоршаған ортаны сипаттау үшін геометриялық тілді қолданады.

біледі:

  • параллелограммның анықтамасын, белгілерін.

Сабақ мақсаты:

  • Параллелограмм ұғымымен, элементтерімен таныстыру;
  • Параллелограммның қасиеттерін білу.

Оқушылар:

- төртбұрыштардың әр түрінің қасиеттерін қорытып шығару жолын дәлелдеп, түсіндіреді;

- есеп шығаруды дәйектейді;

- бөлім бойынша лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады.

Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер

- параллелограмм диагональдары ..., қиылысу нүктесінде ... ;

- параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары ... ;

Бұған дейін оқушылар біледі:

Үшбұрыштардың теңдік белгілері; теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері; түзулердің параллельдік белгілері мен түзулер мен қиюшы арасындағы бұрыштардың қасиеттері. Үшбұрыштардың теңдігін және түзулердің параллельдігін дәлелдейді.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру сәті. Негізгі білімді белсендендіру

Амандасу. «Жылан» стратегиясы арқылы сыныпта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру. Әрбір оқушының арқасына бір парақ қағаз жабыстырылады, ал оқушылар онда бір-бірлеріне сипаттайтын жағымды сын есімнен құралған 1-2 сөз жазады. Кейін әрбір оқушы парақ қағазды алып, өздері жайлы жазылған сын есемдерді оқып, сыныптың атмосферасын жайландырып алады.

Тақырыпқа шығу

Бейне жазба көру «Сәйкес бұрыштар»

Оқушылар параллель түзулердің қасиеттерін және екі параллель түзулерді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды қайталап шығады.

Ұжымдық жұмыс.

Практикалық тапсырма №1 (Қосымша 1)

  • Екі параллель түзу сызыңдар;
  • Осы түзулерді қиятын және пайда болатын сәйкес бұрышы сүйір болатындай үшінші түзуді сызыңдар;
  • Қиюшы түзуге параллель түзу сызыңдар;

Тақырыпқа шығу:

Осы түзулермен шектелген қандай фигура пайда болды?

Төртбұрыштың түрі – Параллелограмм

Анықтама. Қарама–қарсы қабырғалары параллель болып келген төртбұрыштар параллелограмм деп аталады.

Практикалық тапсырма арқылы оқушылар біріншіден, тақырыпқа өздері шығады, екіншіден, параллелограммды дұрыс сызуды үйренеді және түсінеді. Анықтаманы өздері айта алады. Ал мұғалім түпнұсқасын презентацияға шығарып көрсетеді.

Жаңа тақырып

Теориялық бөлім.

Видео дәрісті мұқият көру керек. Себебі видео дәрістен кейін сынып оқушылары туған айлары бойынша топқа бөлініп, параллеограммның анықтамасын және қасиеттерін өздері дәлелдеп, басқа топқа түсіндіреді.

Параллеограммның қасиеттерін қорытып шығару мақсатқа жету үшін келесі бейнетаспаны көрсетуге болады..

Топтық жұмыс. Өздерін-өздері бағалау. (Қосымша 2)

«Туған айлары» бойынша топқа бөлініп, параллеограммның анықтамасын және қасиеттерін оқушылар өздері дәлелдеп, басқа топқа түсіндіреді.

Тапсырма (қосымша 2)

Видеодәрістен түсінгендері бойынша сызбамен жұмыс жасайды. Сызба бойынша параллелограммның қасиеттерін қорытып, дәлелдеңіздер.

осы сызба бойынша параллелограммның қасиеттерін қорытып, дәлелдеңіздер:

Кілт сөздер

  • қарама-қарсы қабырғалар.... «көк» топқа
  • қарама-қарсы бұрыштар.... «жасыл» топқа
  • диагональдары..... «қызыл» топқа

Әр топ өз тапсырмаларын орындап болған соң, әр топтан бір оқушы басқа топқа барып, өз тапсырманың жауабын түсіндіреді. Соңында топтар әр түрлі түстер боп араласады.

Мұғалім жұмыс барысын қадағалайды, тығырықты сәттердің алдын алады.

Қолайлы орта тудыра отырып, оқушының ойлауы мен сапалы жұмыс жасауына мүмкіндік береді. 

Жұппен жұмыс. (Қосымша 3)

Тақырып бойынша «қарапайым тапсырмаларды» бүкіл сыныппен орындау. Есептер шығару.

1-қасиет. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең және қарама-қарсы бұрыштары тең.

2-қасиет. Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.

Оқушылардың қорытып шығарған қасиеттеріне түзету жасап, дәлелдеу жолдарын толықтырп, түпнұсқасын тақтада көрсету.

Дифференциация (Қосымша 4)

Оқушыларға сары және қызғылт түсті карточкалар ұсынылады. Сары түсті карточкалардың тапсырмалары күрделі, ал қызғылт түсті карточкалардың тапсырмалары оңай боп екі деңгейге бөлінген. Оқушылар өздері карточкаларды таңдап, түс бойынша екі топқа бөлінеді.

Бағалау критерийлері

  • параллелограмның анықтамасын біледі;
  • параллелограмның қасиеттерін қорытып шығарады;

параллелограмның қасиеттерін қолдана алады;

Рефлексия

Неге жеттік? Нені қайталау керек?Қандай қиындық болды? Қалай оны өзгертеміз?

Үй тапсырмасы:

Ресурстардағы онлайн оқулықтан 7-10 беттерді оқып келіңіздер.

Ақпарат көздері:

    • Парраллеограммның қасиеттерін дәлелдеу: https://www.youtube.com/watch?v=mA2UZKBOmrg
    • Анықтама және қасиеттері: https://www.youtube.com/watch?v=oSzNZZlU83w
    • Геометрия 8-сынып. И.Бекбоев, А. Абдиев, Ж. Қайдасов, Г. Хабарова. Алматы: "Рауан"2008 ж. 104 бет http://online.anyflip.com/qmwb/vnuy/mobile/index.html#p=10


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу