Параллелограмм. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 3.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: «Паралллелограмм белгілері».
Оқу мақсаттары:
8.1.1.3 параллелограммның анықтамасын білу;
8.1.1.4 параллелограммның қасиеттерін қорытып шығару және қолдану.Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
- параллелограмның анықтамасын біледі;
- параллелограмның қасиеттерін қорытып шығарады;
- параллелограмның қасиеттерін қолдана алады;
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі. Тірек білімдерді белсендендіру
Амандасу. «Жылан» стратегиясы арқылы сыныпта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру. Әрбір оқушының арқасына бір парақ қағаз жабыстырылады, ал оқушылар онда бір -бірлеріне жайлы сын есімнен құралған 1-2 сөз жазады. Кейін әрбір оқушы парақ қағазды алып, өздері жайлы жазылған сын есемдерді оқиды.
Ұжымдық жұмыс. Қайталау. (Қосымша 1, № 1 слайд)
Өтілген тақырыптар бойынша негізгі теорияны еске түсіру.
Бейне жазба көру «Сәйкес бұрыштар»
https://bilimland.kz/kk/#lesson=11184
Оқушылар параллель түзулердің қасиеттерін және екі параллель түзулерді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды қайталап шығады.
Практикалық тапсырма №1
- Екі параллель түзу сызыңдар;
- Осы түзулерді қиятын және пайда болатын сәйкес бұрышы сүйір болатындай үшінші түзуді сызыңдар;
- Қиюшы түзуге параллель түзу сызыңдар;
Тақырыпқа шығу:
Осы түзулермен шектелген қандай фигура пайда болды?
Төртбұрыштың бірі түрі – Параллелограмм
Анықтама. Қарама –қарсы қабырғалары параллель болып келген төртбұрыштар параллелограмм деп аталады.
Практикалық тапсырма арқылы оқушылар біріншіден, тақырыпқа өздері шығады, екіншіден, параллелограммды дұрыс сызуға үйренеді және түсінеді. Анықтаманы өздері айта алады. Ал мұғалім түпнұсқасын презентацияға шығарып көрсетеді.
Жаңа тақырып
«Мозайка» стратегиясы бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді: «қызыл», «жасыл», «көк» түсті
Бейне жазба көру Параллеограммның қасиеттерін қорытып шығару мақсатқа жету үшін келесі бейнетаспаны көрсету:
https://bilimland.kz/kk/#lesson=11562
«Үшбұрыштардың теңдігінің ІІ белгісі»
Тақтаға келесі тапсырма көрсетіледі
осы сызба бойынша параллелограммның қасиеттерін қорытып, дәлелдеңіздер:
кілтті сөздер
- қарама-қарсы қабырғалар.... «көк» топқа
- қарама-қарсы бұрыштар.... «жасыл» топқа
- диагональдары..... «қызыл» топқа
Бұл стратегия бойынша әр топ өз тапсырмаларын орындап болған соң, әр топтан бір оқушы басқа топқа барып, өз тапсырманың жауабын түсіндіреді. Соңында топтар әр түрлі түстер боп араласады.
1-қасиет. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең және қарама-қарсы бұрыштары тең.
2-қасиет. Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.
Оқушылардың қорытып шығарған қасиеттеріне түзету жасап, дәлелдеу жолдарын толықтырп, түпнұсқасын тақтада көрсету.
Дифференциация
Оқушыларға сары және қызғылт түсті карточкалар ұсынылады. Сары түсті карточкалардың тапсырмалары күрделі, ал қызғылт түсті карточкалардың тапсырмалары оңай боп екі деңгейге бөлінген. Оқушылар өздері карточкаларлынды таңдап, түс бойынша екі топқа бөлінеді.
Сары | Қызғылт |
ABCD параллелограмм екенін дәлелдеңіздер. | AKCE параллелограмм. ABCD параллелограмм екенін дәлелдеңіздер. |
Бұрыштарын табыңдар. | OE=OF екенін дәлелдеңіздер. |
Бағалау критерийлері
- параллелограмның анықтамасын біледі;
- параллелограмның қасиеттерін қорытып шығарады;
параллелограмның қасиеттерін қолдана алады;
Рефлексия
Неге жеттік?
Нені қайталау керек?
Қандай қиындық болды?
Қалай оны өзгертеміз?
Үйге тапсырма
тең екенін дәлелдеңіздер
Үй тапсырмасы. (Қосымша 3)
Анықтамаларды, теоремаларды және олардың дәлелдеулерін білу.
Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі тпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.
Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында үшбұрыштардың теңдігін қолдану дағдылары да тексеріледі.
Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Экранды ұзақ уақыт қаратпау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру