Параллелограмм мен раомбтың ауданы. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 7 сабақ.


Сабаққа әдістемелік нұсқаулық

Сабақ тақырыбы: «Параллелограмм мен ромбтың ауданы»

Оқу мақсаты

8.1.3.11

параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

біледі:

- параллелограмм мен ромбтың ауданының формуласын.

қолана алады:

-параллелограмм мен ромб аудандарының формулаларын қорытып шығарады және есеп шығарғанда қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың басы (Слайд №1-3)

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білімдерді белсендендіру

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс (Қосымша 1)

Параллелограммның қасиеттеріне берілген тапсырмаларды орындау. Болғаннан соң оқушылар бірін бірі кілті бойынша тексереді.

Қосымша 1

1) АBCD – параллелограмм, S = 40. Параллелограммның қай биіктігін таба аламыз?

2) АBCD - параллелограмм, SABCD = 24. Параллелограммның периметрін табу керек, егер оның биіктіктері 3 және 4 болса.

3) АBCD – параллелограмм. Параллелограммның ауданын тап.

4) АBCD – параллелограмм. Параллелограммның ауданын тап.

5) Параллелограммның бұрыштарын тап, егер оның ауданы 40 см2, ал қабырғалары 8 см және 10 см болса.

Топтық жұмыс.

Оқушыларды әрдеңгейлі шағын топтарға бөлу. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында «Қосымша 2» орындау. Жауаптарын презентациядан қарап, салыстыруға болады.

Қосымша 2

  • МРКТ параллелограмының МТ қабырғасында Е нүктесі жатыр. Оның орналасуы былайшы: РЕМ = 900, ЕРТ = 450, МЕ = 4 см, ЕТ = 7 см. Параллелограммның ауданын тап.
  • Параллелограммның ауданы 20 см2, ал доғал бұрышты төбесінен жүргізілген биіктігі оның бір қабырғасын сүйір бұрышынан бастағанда 2 см және 8 см кесінділерге бөледі. Параллелограммның бұрыштарын табыңыз.

Топ мүшелері топ басшысын тағайындайды. Мұғалім тек сырттай бақылаушы ролін атқарады.

Топ басшыларының айтуымен әр топтан әр есепті тақтада түсіндіріп көрсететін оқушыларды тағайындайды. Баланың жауап берудегі еңбегін өзге балалар бағалайды.

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Үй тапсырмасы. Формуланы қорытуды меңгеріп келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу