Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А Бөлім – Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1

Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету

 Сабақ мақсаттары

  • Тарихи және мәдени өнер туындыларын ерекшеліктерін зерттеу
  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарының нобайын орындап, ақпараттар жинақтау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың шығу тарихын біледі;
  • Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың ерекшеліктерін анықтай алады.
  • Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың орындалу техникаларын ажырата алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Өз халқының тұрмыстық заттарына мысал келтіреді;
  • Тұрмыстық заттардың міндетіне қарай ерекшеліктерін түсіндіреді;
  • Тұрмыстық заттарды дайындауға арналған түрлі материалдарды анықтайды және атайды.

Пәндік лексика және терминология:

Салт- дәстүр, әдет- ғұрып, ұлттық тұрмыстық заттар, технолгиялық құжаттар.

  • Мен тұрмыстық заттарды оқып білген себебім.....
  • Мен бұл материалдарды қолданған себебім ........

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру

Эстетикалық талғамдарын дамыту

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, тарих, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерртеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Коллаборативті орта қалыптастыру

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ

Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының тарихи және мәдени тұрмыстық хаттарымен танысатын боламыз.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру

«Тұрмыс» сөзін естігенде сіздердің ойларыңызға не келеді?

Оқушылармен бірге қазақ халқының тұрмыс- тіршілігі туралы (қолөнер, баспана және т.б.) әңгімелесіңіз.

Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің тарихына аздаған саяхат жасасақ

Сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырып болғаннан кейін оқушыларға тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсету ұсынылады.

Этнодизайн https://www.youtube.com/watch?v=eaTpJFRYIcw

Презентация: «Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу»

Өткеннен бүгінгіге оралсақ

Қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттары да ағаш түйін түйген шеберлердің қолынан шыққаны мәлім. Алайда осынау қолөнерімізді жоғалтып алғанымыз рас. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бүгінгі күнге қайта жетті. Бабадан қалған асыл мұрамызды ардақтаған жандар қолөнерді қайта жандандырып жатыр. Назарларыңызға қазақтың көнеден келе жатқан ыдыс-аяқтарының атауларын ұсынамыз:

Бүйен, жанторсық, жуаз, зерен, күбі, кеспек, керсен, кесекқап, көзе, көнек, қазан, қарын, қасық құты, құмыра, құман, құманша, ожау, мес, саба, самаурын, табақ, таба, торсық, тостаған, тегеш, тегене, топатай, түйемойнақ, піспек, шөген, шелек, бие, шәугім, шара, шәйнек, шөміш, шанаш, шылапшын, қауға, жуаз, табақ, керсен, зағыма, сарқым, ожау, тегене, тостаған, самар, күбі, сүйретпе, бөрдек, бұлқыншақ, меске, шанақ, көнек, шанаш.

Қыштан жасалынған ыдыстар:

құмыра, көзе, кереңке.

Халқымыз келген қонаққа қандай ыдыспен ас тартуына ерекше мән берген. Үйде сынық ыдыс-аяқ ұстамаған.

Тапсырмаларды орындамас бұрын оқушыларды топқа бөліп алу ұсынылады.

Тапсырма №1. Топтық жұмыс:

Ғаламтор ресурстарын (фотосуреттер немесе бейнебаян) пайдаланып, қазақ киіз үйінің ішкі жабдықтарын зерделеу. Зерделеу барысында мына сұрақтарды қамти алады:

Өздері білетін қазақ халқының тұрмыстық заттарының атын атап және не себепті қолданатының айту.

Оларды не себепті халықтың тұрмыстық затына жатқызамыз?

Қазақ халқының шеберлері асхана аспаптарын, тұрмыстық заттар, жиһаздар дайындауда қандай материалдарды қолданған?

Қазіргі таңда қандай заманауи тұрмыстық заттар қолданылады?

Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2 минут беру ұсынылады.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс:

Кез- келген тұрмыстық заттардың (асхана аспаптары, жиһаз, сандық, музыкалық аспаптар немесе киімдер) нобайын орындап, таныстыру.

Дискрипторлар:

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды;
  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарының шығу тарихын біледі;
  • Бұйымның орындалу технологияларын түсінеді;
  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.

Тұрмыстық заттар, асхана ыдыстары, музыкалық аспаптар, киімдер және т.б. үлгілері.

Этнодизайн

https://www.youtube.com/watch?v=eaTpJFRYIcw

Қазақтың ыдыс-аяқтары, қазақ қолөнер ыдыс-аяқтары туралы ақпарат:

https://surak.baribar.kz/498029/

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия: «Сэндвич» әдісі арқылы.

  • 1 қабат – түсінгені туралы оң пікір;
  • 2 қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек;
  • 3 қабат – оң көзқарас бере отырып, болашаққа ұыныс беру: маған ұнады, дегенмен келесі жолы …

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу