Модельдерді жинау және әрлеу. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

3 сабақ: Модельдерді жинау және әрлеу.

Сабақ мақсаты:

6.2.3.1

орындалған өлшем мен белгілеу негізінде бұйым дайындау үшін материалдарды электрлік қол құралдарымен өңдеу

6.2.3.2

ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өткен сабақты қайталау.

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты мен бағалау керитерийлерін анықтау.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтаңыз.

Топтардағы жұмыс.

Тапсырма: көлік құралдарының бөлшектерін біріктіру сөзіне байланысты туындаған ассоциацияларды бөлек қағаздарға жазу.

Жазылған ассоциацияларға сәйкес топқа оқушылар жиналып, өз ойларымен бөліседі.

Жаңа материалды зерттеу.

Әрбір топ ақпарат алады. Оны зерттеп, өзге топтың мүшелерін таныстырады.

1 топ:

Желімдердің түрлері.

Әр түрлі материалдарды бір-бірімен байланыстыратын зат. Желім материалдардың беткі қабаты мен желімдік қабаттың арасында адгезиялық байланыс түзеді (қысқаша Адгезия). Желім құрамына әр түрлі толықтырғыштар, еріткіштер, стабилизаторлар, пластификаторлар, эластификаторлар, т.б. кіреді. Желім Органикалық зат органикалық және бейорганика бейорганикалық болып бөлінеді. Органикалық желімге табиғи желім және жасанды желім жатады.

2 топ:

Синтетикалық желімдердің түрлері.

Синтетикалық желім - құрамында синтетикалық мономерлер, олигомерлер және полимерлер, басқа элементтер бар композиция. Синтетикалық қоспалар мыналарды қамтуы мүмкін.

3 топ:

Бөлшектерді желімдеудің тәсілдері.

4 топ:

Желім фиксациясы.

Желім дегеніміз не?

Бұрынғы ағаш шеберлері желімді өздері жасаған. Ағаш бөлшектерін өңдеуге мал өнімдерінен жасалған ағаш желімі немесе мал сүйегінен жасалған мөлдір желім, казеин желімі қолданылады. Табиғи желім. Мал терісінің шелінен де желім жасалады. Суға қоймалжың етіп қайнатылады. Қайнап жатқанда тұз қосуға, әк немесе бор қосуға болады. Бұл желім құрғақ түрінде болады, қыздыру арқылы дайындайды.

Ал, малдың кепкен майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін алуға болады. Бұны да, алдымен минералды тұздарын жою үшін өңдеп алады. Содан кейін арнаулы ыдыста қайнатады. Осының нәтижесінде қоюланады. Оны қайнатқан кезде үнемі араластырып отыру керек. Бұл желім көбінесе ағаш шикі - затын желімдеуге арналған.

Бұдан кейін тоқталатын табиғи желімнің түрі – казеин. Казеин желімі – сүт белоктарынан яғни, майы алынған сүзбеден жасалады. Әуелі сүтті ірітіп, оны қайнатып сүзбе алады, желімнің түсі ашық та, қошқыл да бола береді.

Оны сатуға ұнтақ түрінде беріледі. Сатып алғанда шірік иісі шықпау керек. Казеин желімінің бір кемшілігі онымен ағаш бұйымдарын жапсырғанда, түсін өзгертіп, қарайтып жібереді. Сондықтан казеин желімі шыршадан, қайыңнан жасалған бұйымдарды ғана желімдеу керек.

Казеин желімін жасау үшін, сүттен алынған минералды тұз керосин, тотияйын, цемент қоспасы, борды қосып араластырып белгілі бір ыдысқа суға араластырып қайнатылады. Содан пайда болған қоспаны құрғатып, кептіріп, үгіп – үгіп ұнтақ желім жасайды. Ал, пайдаланарда үй температурасындағыдай суға тұз немесе мүсәтір спиртін қосып араластырады. Ешқандай түйіршік болмау керек, қаймақтың қоюлығындай – ақ, сұрғылттау, күлгіндеу болғанда пайдалануға болады, 3 – 7 сағатқа дейін тұрса пайдалануға жарамайды. Желімдейтін бұйымды алдын – ала дайындап бірден жағу керек.

Казеин желімі ағаштан жасалған бұйымды қарайтып, түсін өзгертіп жібереді, сондықтан шыршадан, қайыңнан жасалған бұйымдарды пайдалану керек. Өндіріс те тақта түріндегі желімдерде кездеседі. Оны пайдаланғанда ұсақтап – ұнтақтап сумен араластыру арқылы пайдаланады.

Ал, енді синтетикалық желімге тоқталатын болсақ, суға төзімді, қара күйе, микробтар бүлдіре алмайды.

Синтетикалық желімдермен жұмыс жасағанда, оқтын – оқтын есік ашып отыру керек, дұрыс ашық алаңда жұмыс істеу керек.

ПВА, нитрожелім, БФ - 2, момент деген желімдер бар?

ПВА (Поливинилацетат желімі) ағашты, қағаз бұйымдарын, мақта т. б. шикізат - тарды желімдеуге пайдаланады. Сақтау мерзімі 6 ай.

Нитрожелім – дегеніміз нитроцеллюлоза мен шайырлардың органикалық еріткіштеріндегі ерітіндісі. Ал, ағаш бөлшектерді бір – біріне жапсыруға қолданыла қоймайды. Қайта ағашқа мата, тері жапсырғанда қолданады. Шайырлы желім қатарына МК - 1, МК - 60, МК - 70, ВИАМ - 6, ВИАМ - Ф - 9, ВИАМ - 3.

Ағашты жақсы желімдейді. «Марс» желімімен ағашты, қағазды, тері, мата, металл, керамиканы желімдеуге болады.

«Феникс», «Момент» осы «Марс» желіміне ұқсас. БФ - 2 сықпа түріндегісін пайдаланған дұрыс.

Практикалық жұмыс.

Көлік құралы моделінің ағаштан жасалған бөлшектерін желім арқылы жинау.

Жұмысты орындау кезеңдері.

  • Өткен сабақтарда дайындалған бөлшектердің детальдарын дайындаңыз.
  • Струбциналарды дайындаңыз. Бұл желімделген бөлшектерді фиксациялау үшін қажетті.
  • Бөлшектердің желімдейтін тұсын шаңнан тазартыңыз.
  • Бөлшектерді біріктіретін тұсынан желімді жағыңыз.
  • Бөлімдерді біріктіріңіз.
  • Байланыстыратын тұстарын струбницалармен біріктіру.
  • Желімнің қалдықтарын бидай шүберекпен кетіру.
  • Бұйым толық кебуі үшін арнайы орынға апарыңыз.
  • Бұйымды жинақтау сапасын қадағалаңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу