Музыкалық аспаптарды жасау. Көркем еңбек (ұлдар), 5 сынып, дидактикалық материал.
Ұрмалы-соқпалы саз аспаптары
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында - «Тәбльбасс», Қырғызда « Доолбас» деп аталады.http://5fan.ru/wievjob.php?id=14781
Қазақ халқының көне ұрмалы музыкалық аспабы – даңғара. Аспап дауылпаз, керней, дабыл сияқты тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Даңғара аспабының үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға, шайқасты тоқтатуға бағытталған. Аспап бақсылардың ішінде қобыз сияқты кеңінен таралған. Даңғараның дыбысының емдік қасиетке бай, ол адам бойындағы жағымсыз күштерді шығарады. Даңғара аспабының шанағы қарағай ағашынан жасалады. Сыртқы жағы ешкі терісімен қапталады. Ішкі жағына шығыршық, қоңырау, шынжыр, сылдырмақ тағылады. Қосымша дыбыстық реңк беру үшін аспаптың бетіне ішек тартқан. Даңғараның көлемі қолданылуына байланысты әр түрлі болады. Бақсылар көбіне көлемі 1-1,5 метрге, ал әскербасылар 2-2,5 метрге дейін жететін даңғараны қолданған. Даңғара аспабына ұқсас аспаптар өзге елдерде де кездеседі. Ол ұйғыр халқында «дап», қалмақтарда «дунгурга», чуваш халқында «хангрма», өзбектерде «дойра» деп аталады.
Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/458/
Дабыл — ертедегі ұрмалы саз аспабы. Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде дабыл батырлардың бес қаруына қоса алып жүретін бұйымы ретінде көрсетіледі. Дабылды шанағын июге оңай көнетін тал, қайың тәрізді ағаштарды жұқарта шауып алып морға көміп балқытып шеңберлендіре иіп жасайды. Иген кезде жарылып кетпеуі үшін ішкі жағынан пышақпен көлденеңдей жиі кертіп арнаулы қалыппен иіп, әбден кепкенше көлеңке жерге қояды. Жеткілікті дәрежеде кепкеннен кейін, шеңбердің қосылған тұсы бекітіліп, желімделіп, мық(ағаш) шегемен шегеленеді. Бұдан соң көлеміне қарай дабылдың шанағының екі бетіне (асты-үсті) түгі мұқият тазартылған бұзау немесе түйенің иленбеген терісі керіле қапталады. Дабыл өтe үлкен болған жағдайда көн кепкен соң қысып сындырып жібермеуі үшін шанақтың іш жағынан бір-біріне тимейтіндей етіп, айқыш-ұйқыш ағаш кергілер салынады. Шанағы сәнді болуы үшін сыртынан өн бойын қуалай өрнек салады. Ер қасына іліп қою, иыққа іліп алып жүру үшін қайыстан өріп жасалған тұтқабауы болады. Дабылды тұтқасынан ұстап, екінші қолмен ұрып ойнайды. Үлкен дабыл арнайы дайындалған шоқпармен, кішілеулері таяқшамен ұрып ойналады. Дабылдың шанағының сыртына бедерлі өрнек оймыштап, мүйіз бен сүйекті қиюластыра безендірілген түрлері де болған. Кейде сәндік үшін үкі, шашақ тағылады.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D0%BB
Дабыл[өңдеу]
Соғып ойналатын аспаптардың үлгі-нұсқалары көп. Соның бірі - дабыл. Оның шанағы дөңгелек шеңбер етіліп, екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бүзау, түйе терісі қапталып жаса-лады. Музыкалық аспаптарға арналған мал терісін пайдалану және оны қаптап жасау күрделі әдістермен атқарылады. Ол үшін мал терісін немесе қарнын дөңгелек ағаш шанаққа керіп қаптайды. Жаңа со-йылған малдың жүнін қырқып алып, сары етін сыпы-рып алады. Аспаптарға қолданатын тері жарғақтың жүні жас кезінде жидітіп алынады. Тазартудың екі тәсілі бар және ол күрделі әдіспен игеріледі. Бірі - и салу тәсілі. Бүл тәсілде идің быршыған өткір иісін теріге сіңдірмей жасау маңызды. Екіншісінде - теріні жібітіп барып, өткір үстарамен түгі сылынып алы-нады. Содан соң түксіз терінің шуашы мен шайыры кеткенше жуылады. Әбден тазарған кезде теріні шала кептіріп алып қолданады.
Шанағы төзімді әрі сәнді болу үшін сыртынан өн бойын қуалай айналдыра тері қаптап, оның сыртын күйдіру әдісімен өрнектер салып безендіреді. Халық шеберлері кейде шеңбер сыртына мүйіз, сүйек, үкі, шашақ салып та жасайды. Шанақтың бір бүйіріне қолға ұстайтын тұтқасы қайыстан өріп тағылады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Даусы -терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты не-месе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады.
Жорық дабылы - үлкен етіп жасалады. Жалпы шеңбер аумағы - 3 метр 40 см, биігі - 1 метр болып келеді. Оның екі жағын қаптауға екі түйенің терісі жұмсалады. Даусы 3-4 шақырым жерге дейін естіледі, даусы күркіреген күндей зор. Мұны дайындау да-былды жасау әдіс-тәсілімен бірдей. Аспаптың жалғыз
этнографиялық нұсқасы Қазақтың халық музыка ас-паптары музейінің қорында сақталып отыр /49. Инв. № 307/. Бүл аспап ел арасында «аттаныс дабылы» деп те аталады. Ертедегі жаугершілік заманда оны алып жүретін арнайы көлік пен сарбаздар бөлінетін болған. Аспап даусы «Батыр Баян», «Бейбарыс», «Көшпенділер» секілді тарихи көркем фильмдерде қолданылды. Жорық (аттаныс) дабылы. Қалпына келтіріл-ген. Шеберлер А.Қүмаров пен Ж.Бэйжігітовтың жұмысы. 1983 ж.
Дауылпаз[өңдеу]
Дауылпаз - халықтық нұсқада жасалатын көне аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған. Шанағы өзегі алынған сыр-ты жұмыр бітеу ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау әдісімен ою-өрнектер салынады. Шеңбер аумағы 40-50 см болып келетін бұл аспаптың тек бір жағы ғана шала кепкен терімен қапталады. Сал-серілер саятшылыққа қолданатын дауылпазға үкі қауырсыны тағылып, жиектеріне күміс немесе асыл тастар орна-тып жасайтын болған. Қайыстан жасалатын белбеуін аңшылар құс, аң қуған кезде ертоқымның алдыңғы қас бетіне немесе мойынға асып алады.
Бұл аспаптың ел арасында қол дауылпаз, нар дауыл-паз аталатын түрлері бар. Қол дауылпаздың шеңбер аумағы 30-35 см мөлшерінде жасалады. Шанағы тұтас ағаштан ішін ойып, кейде тілікше етіп кесілген ағаштардан құрап жасалады. Шанағы алынып-салынатын үш сирағы бар қондырғыға орнатылады. Қол дауылпаздың беті түйенің немесе бүзаудың терісі-мен қапталады. Дауылпаздың осы нұсқасы қолдануға ыңғайлы болғандықтан өнер топтары арасында сүраныс көп. Ал нар дауылпаз үлкен етіп жасалады, бетіне нар түйенің терісі қапталады. Үлкендігі мен жасалу затына байланысты ел арасында „нар дауыл“ деп атайды
Барабан - қуыс шошақ, цилиндр немесе түбі бар көп қырлы дене тәріздес тетік.
Барабан,-музыкада ұрмалы музыкалық аспап. Шанағының қаңқасы ағаштан, темірден жасалады да, екі беті көнмен қапталады. Барабан діни ғұрыптар, жаугершілік, би өнеріне байланысты шыққан. Ең үлкен Барабан түріктердің тулумбасы. Қазір Барабан аспаптық ансамбль, оркестр құрамына пайдаланылады. Симфониялық және үрлемелі оркестрлерде үлкен Барабан, кей жағдайда кіші Барабан қолданылады. Қазақ ұлттық музыкалық аспаптарынан Барабанға жақыны — дабыл.
Әдебиеттер: Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0,Қазақ Энциклопедиясы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру