Музыкалық аспаптарды жасау. Көркем еңбек (ұлдар), 5 сынып, презентация.
3 А-бөлім: Дизайн және технология
Музыкалық аспаптарды жасауОсы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.2.3.1
Алынған өлшем мен белгілеу негізінде бұйым дайындауға арналған материалдарды қол еңбегі құралдарымен өңдеу.
5.2.3.2
Түрлі конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым дайындау.
5.3.4.1
Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстарды білдіру.
5.2.6.1
Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау
Сабақ мақсаттары:
-Алынған өлшемге сай қол еңбегі құралдарымен әр түрлі материалдардан бұйым дайындау;-Өзінің және өзгелердің жұмыстарына ұсыныс, пікір білдіріп және қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, бұйымдарын демонстрациялау.Саз аспаптарының түрлері
*Ішекті аспаптар
*Үрмелі аспаптар
*Ұрмалы-соқпалы аспаптар
ДАБЫЛ
Соғып ойналатын аспаптардың үлгі-нұсқалары көп. Соның бірі - дабыл. Оның шанағы дөңгелек шеңбер етіліп, екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бүзау, түйе терісі қапталып жаса-лады. Музыкалық аспаптарға арналған мал терісін пайдалану және оны қаптап жасау күрделі әдістермен атқарылады. Ол үшін мал терісін немесе қарнын дөңгелек ағаш шанаққа керіп қаптайды. Жаңа со-йылған малдың жүнін қырқып алып, сары етін сыпы-рып алады. Аспаптарға қолданатын тері жарғақтың жүні жас кезінде жидітіп алынады. Тазартудың екі тәсілі бар және ол күрделі әдіспен игеріледі. Бірі - и салу тәсілі. Бүл тәсілде идің быршыған өткір иісін теріге сіңдірмей жасау маңызды. Екіншісінде - теріні жібітіп барып, өткір үстарамен түгі сылынып алы-нады. Содан соң түксіз терінің шуашы мен шайыры кеткенше жуылады. Әбден тазарған кезде теріні шала кептіріп алып қолданады.
Дауылпаз
Дауылпаз - халықтық нұсқада жасалатын көне аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған. Шанағы өзегі алынған сыр-ты жұмыр бітеу ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау әдісімен ою-өрнектер салынады. Шеңбер аумағы 40-50 см болып келетін бұл аспаптың тек бір жағы ғана шала кепкен терімен қапталады. Сал-серілер саятшылыққа қолданатын дауылпазға үкі қауырсыны тағылып, жиектеріне күміс немесе асыл тастар орна-тып жасайтын болған. Қайыстан жасалатын белбеуін аңшылар құс, аң қуған кезде ертоқымның алдыңғы қас бетіне немесе мойынға асып алады.
Даңғыра (бақсының сылдырмағы) – ұрмалы-сылдырмақты музыка аспабы.Ең алдымен қайыңнан, қарағайдан, үйеңкіден дөңгелек шанақ дайындалады. Иленген ешкінің, маралдың, түйенің терісімен қапталады.
Заманауи ұрмалы аспаптың атын білесізбе?
Өз қолыңмен барабан жасау үдерісі
Қатты қағаздан жасау
Үрлемелі шарлардан барабан жасау
Жасанды теріден барабан жасау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру