Түрлі материалдарды қолданып, музыкалық аспаптарды (даңғыралық және соқпалы) жобалау. Көркем еңбек (ұлдар), 5 сынып, дидактикалық материал.


Соқпалы-шулы аспаптар

Уикипедияашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дабыл

Соғып ойналатын аспаптардың үлгі-нұсқалары көп. Соның бірі - дабыл. Оның шанағы дөңгелек шеңбер етіліп, екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бүзау, түйе терісі қапталып жаса-лады. Музыкалық аспаптарға арналған мал терісін пайдалану және оны қаптап жасау күрделі әдістермен атқарылады. Ол үшін мал терісін немесе қарнын дөңгелек ағаш шанаққа керіп қаптайды. Жаңа со-йылған малдың жүнін қырқып алып, сары етін сыпы-рып алады. Аспаптарға қолданатын тері жарғақтың жүні жас кезінде жидітіп алынады. Тазартудың екі тәсілі бар және ол күрделі әдіспен игеріледі. Бірі - и салу тәсілі. Бүл тәсілде идің быршыған өткір иісін теріге сіңдірмей жасау маңызды. Екіншісінде - теріні жібітіп барып, өткір үстарамен түгі сылынып алы-нады. Содан соң түксіз терінің шуашы мен шайыры кеткенше жуылады. Әбден тазарған кезде теріні шала кептіріп алып қолданады.

Шанағы төзімді әрі сәнді болу үшін сыртынан өн бойын қуалай айналдыра тері қаптап, оның сыртын күйдіру әдісімен өрнектер салып безендіреді. Халық шеберлері кейде шеңбер сыртына мүйіз, сүйек, үкі, шашақ салып та жасайды. Шанақтың бір бүйіріне қолға ұстайтын тұтқасы қайыстан өріп тағылады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Даусы -терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты не-месе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады.

Жорық дабылы - үлкен етіп жасалады. Жалпы шеңбер аумағы - 3 метр 40 см, биігі - 1 метр болып келеді. Оның екі жағын қаптауға екі түйенің терісі жұмсалады. Даусы 3-4 шақырым жерге дейін естіледі, даусы күркіреген күндей зор. Мұны дайындау да-былды жасау әдіс-тәсілімен бірдей. Аспаптың жалғыз

этнографиялық нұсқасы Қазақтың халық музыка ас-паптары музейінің қорында сақталып отыр /49. Инв. № 307/. Бүл аспап ел арасында «аттаныс дабылы» деп те аталады. Ертедегі жаугершілік заманда оны алып жүретін арнайы көлік пен сарбаздар бөлінетін болған. Аспап даусы «Батыр Баян», «Бейбарыс», «Көшпенділер» секілді тарихи көркем фильмдерде қолданылды. Жорық (аттаныс) дабылы. Қалпына келтіріл-ген. Шеберлер А.Қүмаров пен Ж.Бэйжігітовтың жұмысы. 1983 ж.

Дауылпаз

Дауылпаз - халықтық нұсқада жасалатын көне аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған. Шанағы өзегі алынған сыр-ты жұмыр бітеу ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау әдісімен ою-өрнектер салынады. Шеңбер аумағы 40-50 см болып келетін бұл аспаптың тек бір жағы ғана шала кепкен терімен қапталады. Сал-серілер саятшылыққа қолданатын дауылпазға үкі қауырсыны тағылып, жиектеріне күміс немесе асыл тастар орна-тып жасайтын болған. Қайыстан жасалатын белбеуін аңшылар құс, аң қуған кезде ертоқымның алдыңғы қас бетіне немесе мойынға асып алады.

Бұл аспаптың ел арасында қол дауылпаз, нар дауыл-паз аталатын түрлері бар. Қол дауылпаздың шеңбер аумағы 30-35 см мөлшерінде жасалады. Шанағы тұтас ағаштан ішін ойып, кейде тілікше етіп кесілген ағаштардан құрап жасалады. Шанағы алынып-салынатын үш сирағы бар қондырғыға орнатылады. Қол дауылпаздың беті түйенің немесе бүзаудың терісі-мен қапталады. Дауылпаздың осы нұсқасы қолдануға ыңғайлы болғандықтан өнер топтары арасында сүраныс көп. Ал нар дауылпаз үлкен етіп жасалады, бетіне нар түйенің терісі қапталады. Үлкендігі мен жасалу затына байланысты ел арасында „нар дауыл“ деп атайды

http://www.wikiwand.com/kk/Соқпалы-шулы_аспаптар - материал алынған сайт.

Асатаяқ - қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған. Асатаяқ жасалу тәсіліне қарай "күмбезді, "жалпақ басты", "ай басты", "жылан басты", "сопақша", "қалақша", т.б. болып келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі салдыр-гүлдір, шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады. Асатаяқ туралы деректер Г.М. Броневский, П.Бекетов, Р.А. Пфеннинг, т.б. зерттеуші-этнографтардың еңбектерінде кездеседі. Асатаяқ туралы Ш.Уәлиханов пен белгілі зерттеуші Б.Сарыбаевтың еңбектерінде жазылған. Асатаяқтың көне түрлері Ықылас атындағы Қазақ музыкалық аспаптар мұражайында сақтаулы. Асатаяқ қазіргі кезде "Отырар сазы", "Сазген", "Шертер", т.б. музыкалық фольклорлық-этнографиялық оркестрлер мен ансамбльдерде қолданады.[1][2]

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%8F%D2%9B - материал алынған сайт.

Қоңырау – музыкалық аспап.

Ертеде қоңыраудың әр түрлі үлгілері діни жораларда, салт-дәстүр рәсімдерінде қолданылғаны жөнінде көптеген деректер кездеседі. Қоңыраулар тот баспайтын сапалы жез, мелхиор т.б. металдан жасалады. Кейде сыртына жұқалап алтынкүміс жалатылады.

Жүргізілген археологиялық қазбалар мәліметтеріне сүйенсек мұндай қоңыраулар еліміздің әр өңірінен табылды. Қңырауды арнайы жеңіл таяқшамен соғып ойнайды. Қоңыраудың ең кішкене үлгісін ел ішіндегі өнерпаздар домбырақылқобызнарқобыз секілді аспаптардың басына, шанақ ішіне таққан. Мыс, Абай әнші Әлмағамбетке арнап қоңыраулы домбыра жасатқан. Белгілі коллекционер, өнертанушы Б.Сарыбаевтың жеке коллекциясында сирек кездесетін “Қоңыраулы асатаяқ” аталатын көне аспап бар. Ал шаңқобыз аспабында ойнайтын қыз-келіншектер шағын қоңырауды саусаққа іліп ойнайтын болған.[1]

Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайында қоңыраудың 7 дыбыстық жүйеге лайықталған нұсқалары бар. Қоңырауды “Сазген”, “Отырар сазы”, т.б. өнер топтары пайдаланып жүр.[2]

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D2%A3%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83 -материал алынған сайт.

Барабан[1]- қуыс шошақ, цилиндр немесе түбі бар көп қырлы дене тәріздес тетік.

Барабан, музыкада — ұрмалы музыкалық аспап. Шанағының қаңқасы ағаштантемірден жасалады да, екі беті көнмен қапталады. Барабан діни ғұрыптар, жаугершілік, би өнеріне байланысты шыққан. Ең үлкен Барабан түріктердің тулумбасы. Қазір Барабан аспаптық ансамбльоркестр құрамына пайдаланылады. Симфониялық және үрлемелі оркестрлерде үлкен Барабан, кей жағдайда кіші Барабан қолданылады. Қазақ ұлттық музыкалық аспаптарынан Барабанға жақыны — дабыл. [2]

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%BD_%D0%B0%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%B1%D1%8B - материал алынған сайт.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу