Бөлшектерді біріктіру және бұйымды өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


3 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Бөлшектерді біріктіру және бұйымды өңдеу.

Оқу мақсаты:

8.2.3.1 - Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдана отырып, біріктіру және әрлеу тігістерінің тәжірибелік үлгісін орындайды, жұмысқа қажетті әдіс-тәсілдерді анықтайды және қолданады.

  • Ұйымдастыру:

 Бұл үшінші тоқсанның сегізінші сабағы. Мұғалім оқушыларды сабақ басында «Жина» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттайды, бұл жұмысты жүргізу үшін әр топқа пазл үлгілері салынған конверттерді алдын ала дайындап ұсынады. Пазлдар осы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайтын бір бөлігін қамтиды. Белгілі уақыт ішінде әр топ конверттегі пазлдардан толық суретті құрастырады. Уақытылы немесе жылдам орындаған топ жеңіске жетеді. Мұғалім қорытындылай келе, тапсырманы ұқыпты, дәл және уақытында орындау, бұл жағдайда сурет немесе зат бөліктерін жинаудың өте маңызды екендігіне назар аудартады.

  • Мақсатты тұжырымдау

 Бұл белсенділік алдыңғының жалғасы. Мұғалім оқушыларға пазлдан жиналған суретті сынып тақтасына бекітуді, оларды мұқият қарастырып, бірлескен талқылауда оның мәні мен мағынасын бір-біріне түсіндіруді, тәжірибелік жұмыстың болашақ бағытын болжауды ұсынады.

  • Шақыру

 Оқушылар бірлескен әңгімеде жобалық бұйым – қамзолдың жеке бөліктерін қалай біріктіруге болатыны, бұл туралы қандай идеялар ұсынатыны туралы талқылайды және мұғалім сұрақтарына жауап береді. Сонымен бірге оқушылар жобалық тігін бұйымын өңдеу және біріктіру үшін қандай құрал-жабдықтарды пайдалануға болатыны және бұйымды өңдеу және бөлшектерді біріктірудің қандай түрлерімен таныс екендігі туралы ойланады.

 Оқушылар топтарда өздерінің тігін бұйымдарының бөлшектерін, оларды біріктірудің әртүрлі нұсқаларын ұсына отырып қарастырады, ақпаратты альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып, сыныптастарына ұсынады.

  • Мұғалімнің түсіндірмесі. Жаңа ақпарат.

Оқушылар жобалық бұйым – қамзолдың пішім бөлшектерін біріктіру және сәндеу үшін қандай машина тігістерінің түрлері қажеттігі туралы жаңа ақпаратпен танысады.

Біріктіру біріктіру тігістері: айыра тігу, жапсырма, қосарлы, бүктемелі тігіс.

Өңдеу шет тігістері: жөрмелген, шеттіктеу; түзу және қиғаш жиек.

  • Топта талқылау

 Мұғалім біріктіру және шет тігістерінің әртүрлі үлгілерін алдын ала дайындауы қажет. Оқушылар оларды қарастырып, топта оларды орындау реттілігін талқылайды.

  • Нұсқаулық-технологиялық картамен жұмыс

Мұғалім алдын ала бөлшектерді біріктіруді орындаудың кезеңдік реттілігі берілген нұсқаулық-технологиялық карта дайындауы қажет.

  • Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар топтық жұмыс кезінде мұғалім ұсынған белгілі бір реттілікті сақтайды:

  • жұмысты орындау үшін біріктіру немесе шет тігіс түрлерін таңдау;
  • жұмысты орындауға арналған тоқыма материалдары мен қажетті құрал-жабдықтарды таңдау;
  • техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
  • жұмысты орындау;
  • ылғалды-жылумен өңдеу.

Мұғалім жұмысты орындау кезінде оқушылардың жұмысын, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауы, көмек және қолдау қажет оқушыларға көмектесуі қажет.

  • Бағалау

 Оқушылар дайын жұмыстарын өзге топтардың жұмыстарымен алмастырады және белгілі критерийлер бойынша жұмыстың жасалу сапасын тексереді:

  • ұқыптылық;
  • белгіленген технологиялық реттілікке сәйкестігі;
  • техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.
  • Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылармен бірлескен әңгімеде сабақты қорытындылайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу