Идеяларды дамыту. Нобай дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


3. Бөлім. Дизайн және технологияСабақ тақырыбы: Идеяларды дамыту. Нобай дайындау

Оқу мақсаттары:8.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану8.1.4.2 - зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау;8.1.5.1 - функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар әртүрлі дереккөздерді қолдана отырып, ақпаратты зерттейді,

белгілі бір мәдениет элементі негізінде киім моделінің дизайнын дайындайды.

  • Ұйымдастыру.

Бұл үшінші тоқсанның екінші сабағы. Мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды. Оқу барысында ынталандыру үшін «Айырмашылығын тап» тәсілі қолданылады. Оқушылар жұптасып электронды презентация слайдтарын көреді немесе мұғалімнің ұсынған әртүрлі стильдегі киім, кеудешелердің модельдері бейнеленген суреттер немесе фотосуреттерді қарастырады. Мұғалім оқушыларға жұмыстың ережелерін түсіндіреді, белгілі уақыт ішінде суреттердің арасындағы ең көп айырмашылықты табуы тиіс. Уақыт өткен соң әр жұп кезекпен өз идеяларын айтады. Мұғалім тақтаға немесе алдын ала дайындалған үлкен қағазға оқушылардың жауабын жазады (қайталанғандарынан басқасын).

.

  • Мақсатты тұжырымдау.

Бұл тапсырмада мұғалім оқушылар назарын «Айырмашылығын тап» тәсілімен өткізілген жұмыс жазбасына аударып, сабақ тақырыбын анықтауды сұрайды. Бірлескен талқылауда оқушылар ойланады, сабақ мақсатын талқылап, анықтайды. Одан соң ойын тұжырымдап сабақ тақырыбын айтады.

  • Топтарға бірігу.

Мұғалім алдын-ала оқу бөлмесінің қабырғасына кез келген бағытта этностильдегі киім элементтері бейнеленген суреттерді орналастырады. Оқушылар еркін қозғалып, өздеріне біреуін таңдайды. Мұғалім оларды топтарға біріктіреді, ол үшін әр оқушы өз суреті бойынша топтарын іздейді. Сурет 4 бөліктен тұрады, сондықтан бірнеше оқушыдан тұратын әртүрлі топ құрылады.

  • Зерттеу жұмысы. Кестемен жұмыс.

Мұғалім тапсырма басында оқушыларға екінші тоқсаннан бастап олардың «ұлттық киім» және «этностиль» ұғымдарымен таныс екендігіне назар аудартады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың өз бетімен киімдегі халықтық пішім, кеудеше туралы жаңа ақпаратпен танысуына бағытталған.

1-кезең

Мұғалім оқушыларға топта сурет бөліктерін тұтас бүтін сурет етіп құрастыруды ұсынады.

1 топ – орыс кеудешесі (халықтық костюм элементінің бірі)

2 топ – қазақ қамзолы (қазақтың халықтық костюм элементінің бірі)

3 топ – өзбек кеудешесі (халықтық костюм элементінің бірі)

4 топ – татар кеудешесі (халықтық костюм элементінің бірі)

2-кезең

Оқушылар топта таңдалған киім үлгілеріндегі элементтерінің қандай ерекшеліктері барын қарап шығып, келесілерге:

  • түстік гаммасы;
  • сәндік әшекейлерінің бары немесе жоғын;
  • құрастыру элементтері (жағасының болуы, бұйым ұзындығы, мойын ойындысының пішіні, бұйымның төменгі қиығының формасы, қолтық ойындысы);
  • бұйымның сәндеу элементтері;
  • бұйымды дайындау материалына назар аудара отырып талқылайды.

Суретті зерттеу кезінде оқушылар талқылау нәтижелерін жазып алады.

  • Бірлескен әңгіме.

Бұл әңгімеде оқушылар берілген суреттердегі ұлттық киім элементтерінің кейбір түрлерін қандай функциональды ерекшеліктер біріктіретінін талқылайды, осы жөнінде бір-бірімен пікір алмасады.

  • Топтық жұмыс. Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар «fashion drawing» әдісімен шығармашылық эскиздер орындайды. Өз жұмыстарының айырмашылығы мен функциональдық ерекшеліктерін талқылайды. Жұмысты бастау алдында оқушылар иық киімдерінің суреттерін қарастыруы қажет. Мұғалім оқушылардың назарын осы тапсырмаға берілген уақытқа, сонымен бірге өзінің білімі мен шеберлігіне сүйене отырып, кез келген көркем материал мен құралды таңдауға болатынына аударады. Сонымен қатар оқушыларға осы әдіспен әртүрлі техникада орындалған модельдердің эскиздері мен суреттерін көрсетуге болады. Одан әрі мұғалім оқушыларды әдемі эскиз жасау үшін не істеу керектігі, қандай материалдар қолдануға болатыны және модель суретін салу неден басталатыны туралы ақпаратпен таныстырады. Реттілік үлгісі сабақ жоспарында көрсетілген.

Оқушылар пропорциясын сақтап, өз моделінің денебітімін салған соң, салынған денебітімге иық бұйымын бейнелей отырып, киім мен аксессуарларды орындаулары қажет. Шығармашылық эскиз жасау кезінде оқушыларға материалды таңдату олардың қабілетін ашады, болашақта жұмыстың композициялық ерекшелігі бойынша өз шешіміне талдау жасауға үйретеді.

  • Нәтижені ұсыну.

Оқушылардың алғашқы нобайларын топтар көркемдік шешімінің жаңашылдығы мен ерекшелігіне назар аудара отырып, «көркемдік кеңесте» қарайды және талқылайды. Мұғалім талқылаудан кейін оқушыларға жеңі тұтаспішімді модель эскизін орындайтынына назар аудартады. Онда әр бөлшегін, сызығын мұқият сызу және модельдің конструктивті ерекшелігі мен тоқыма, сәндік материалдарының фактурасын көрсету қажет. Мұғалім оқушыларға әртүрлі тәсілдермен қылқалам, қаламұш, қарындаш, фломастер арқылы немесе бояумен жұмыс жасауға әртүрлі техникаларды қолданып, түрлі түсті қағаз бен мата қиықтарынан жапсырма жасай отырып, қағазда фактура жасауды жүзеге асыруға болатынына назар аудартады.

Эскизді орындауда әртүрлі тәсілді қолдану автордың түпкі ойының жан-жақты ашылуына ықпал етеді.

  • Бағалау.

Өзіндік бағалау. Оқушылар бір-біріне жұмыстарын көрсетіп, суреттің ерекшеліктеріне түсініктеме береді. Оқушылар бір-біріне жұмысты жетілдіру жолдарын ұсына отырып, ауызша түсінік береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу