Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар). Идеяларды құру. Нобай. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар және т.б)

Идеялар ойластыру. Эскиз дайындау.

Сабақ мақсаты:

6.1.5.1

Өзінің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әртүрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау

6.1.5.2

Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау.

Теориялық материал

Ойыншық – баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады,сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.

Баланың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімі, шеберлігін және дағдысын қалыптастыруға көмектеcеді. Ойнай жүріп бала затты танып біледі, оның түрін, көлемін, түсін ажыратады, есептік арақатынасымен, санымен, кеңістік жайлы түсінікпен т.б.танысады.

Дидактикалық ойыншықтарға жататындар: біртүсті және түрлі түсті сақиналардан жасалған конусты күмбездер, бірінің ішіне бірі салынатын әртүрлі тостағандар, бөшкелер, шарлар,матрёшкалар, әртүрлі серіппелі, бұрандалы ойыншықтар т.б.

Сабақ барысы

Мұғалімге қажетті материалдар:

  • Матадан жасалған қуыршақтар;
  • Қуыршақты жасау үшін арналған қуыршақтар(мата, мақта мата, зығыр).
  • Қосымша материалдар(лента, тесьма, ұсақ моншақтар және т.б. )

Сұрақтарға жауап бер:

  • Тильда қуыршақтарының ерекшеліктері неде?
  • Қуыршақты жасау үшін қандай техника қолданылады?

Сұрақтарды талқылау барысында қуыршақтың қолы, беті, аксессуарларына мән беріңіз.

Бейнематериалды тамашалап, оқушылармен бірге сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Матадан жасалатын қуыршақтарды жасау үшін қандай материалдар қолдыналады?
  • Жұмыс үшін қандай құралдар қажет?
  • Қуыршаққа объем беру үшін қандай материалды қолданады?
  • Қуыршақты жасау үдерісі қандай кезеңдерден тұрады?

Оқушылар бейнематериалды тамашалап, сұрақтарды талқылаап болған соң, шығармашылық жұмыстың жоспарын құрастырады. Олар нобай сызып, қандай материалдардан жасайтындығын анықтаулары қажет. Жасау, әсемдеу кезеңдерін де қарастыру қажет.

Практикалық тапсырманы орындамас бұрын мұғалімге физминутка жасауды ұсынамыз. Сабақты тақырыптық мазмұнда толықтыру үшін музыка қоюға болады.

Практикалық тапсырма.

Оқушылар алдыңғы зерттеулеріне негізделіп, қуыршақтың нобайын салады.

Бағалау критерийі:

  • Эстетикалық талапқа сай
  • Дизайны әдемі
  • Компановка дұрыс орындалған
  • Пропорция сақталған

Бағалау

Бірін-бірі бағалау. Бағалау критерийлерін мұғалім оқушылармен бірге ойластыруы қажет.

Олар:

  • Нобайды құрастыру
  • Шығармашылық жұмысты жасау үшін жоспарлайды;
  • Бұйымды жасау үшін материалдар және техникаларды ұсынады.

Тапсырма жұп/топтар орындалуы мүмкін. Жұпта оқушылар әрі қарай не істейтіндіктерін талқылайды.

Кері байланыс

...Не білдім?, - Маған ...техника ұнады!

Не үйрендім?, – деген сұрақтар арқылы жасалады.

Оқушылар «Әй жарайсың», «Бәрекелді» деген сияқты арқылы бағаланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу