Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар). Идеяларды құру. Нобай. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Ойыншықтардың шығу тарихы

Баланың ең алғашқы ойыншығы-сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан. Сонымен бірге ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген. Бізге белгіле ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған.Өкінішке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпеді.Ежелгі ойыншықтарды ағаштан,саздан,сүйектен және металдардан жасаған. Ежелгі славян халқында көтпеген жылдар бойы табиғат анаға құрбандық шалу рәсімі болған. Құрбандыққа тек әйелдерді шалған. Осындай азаптан әйелдерді құтқару үшін бір шебер адам құрбандыққа тірі әйелдің орнына қуыршақ шалуды ұсынады. Сөйтіп ең алғашы славян халқының қуыршағы осылай пайда болған.Ойыншықтар қашан пайда болды? Болжамдар бойынша ойыншықтар алғашы адамдар дәуірінде пайда болды деуге де болады. Архелогтар қазба жұмыстары кезінде көне молалардан адамдармен бірге әр түрлі ойыншықтардың да жерленгені анықталды. Ежелгі грек балаларының сүйікті ойыншықтары ат бейнесі ағаштан,саз балшықтан жасалынған.Ең алғашқы адамға ұқсайтын фигуралар адамдардың құдайларға сенуімен басталды. Киелі заттар баланың қолына түскесін,әрине олар ойыншықтарға айналды. Ең алғашқы қуыршақтар әр түрлі заттардан жасалды. Біздің заманымызға дейінгі 4-5 ғасырларда ежелгі гректер саз балшықтарды күйдіріп жасалған. Сол заманда Сордис қаласы Персиға баратын скуда жолында орналасып, ойыншықтар орталығы атымен танымал болған қала. Ежелгі грек қыздары тұрмысқа шыққанша қуыршақтарымен ойнап, тұрмысқа шығу салтанатында Гера, Артемида және Афродита құдайларына қуыршақтарын сыйға тарттқан.Толығырақ: http://alashainasy.kz/darynokuortalygy/oyyinshyiktar-kalay-payda-boldyi-60337/материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Ойыншық – баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады,сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.

Дидактикалық ойыншықтар

Баланың ойлау қабілетін, дұрыс сөйлеу мәнерін дамытуға, оның білімі, шеберлігін және дағдысын қалыптастыруға көмектеcеді. Ойнай жүріп бала затты танып біледі, оның түрін, көлемін, түсін ажыратады, есептік арақатынасымен, санымен, кеңістік жайлы түсінікпен т.б.танысады.

Дидактикалық ойыншықтарға жататындар: біртүсті және түрлі түсті сақиналардан жасалған конусты күмбездер, бірінің ішіне бірі салынатын әртүрлі тостағандар, бөшкелер, шарлар,матрёшкалар, әртүрлі серіппелі, бұрандалы ойыншықтар т.б.

Бейнелік ойыншықтар

Қазақша нақыштағы ойыншықтар

Бейнелік,ишара ойыншықтардың тәрбиелік маңызы зор. Оған қуыршақтар (киім-кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяқ) ; адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін фигуралар жатады. Бұл қуыршақтармен ойнаған балалардың қоршаған орта жайлы түсінігі айқындалып, ұғымы кеңейе түседі, ой-өрісі мен қияли дамып, сөздік қоры артады.

Техникалық ойыншықтар

Техникалық ойыншықтарға жатытындар көліктік, құрылыстық т.б бұйымдар. Балалардың ойын барасында көп күш жұмсамай-ақ еңбек процесін бейнелеуіне мүмкіндік береді.

Конструкторлық ойыншықтар

Конструкторлық ойыншықтар (құрастырмалы, құрастырмалы алмалы-салмалы) тақырыптық, сұлбалық, немесе әмбебап конструкторлар болып бөлінеді. Құрастырмалы алмалы-салмалы ойыншықтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналады. Олар арнаулы бекіткіштер арқылы құрастылатын аздаған бөлшектерден тұрады.

Дереккөздер

  • Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев, 1991.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу