Этностильдегі бұйым дайындау (бас киім, кеудеше). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


№4 Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні: __________

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Этностильдегі бұйым дайындау (бас киім, кеудеше)

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау;

8.2.6.1-Техника қауіпсіздігін сақтап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- бас киім дайындау үшін нұсқаулық-технологиялық карта құрастырады;

- қажетті өлшемдерді алады;

- бұйымның сызбасын сызады.

 Бағалау критерийлері

- белгілі бір талаптарға сәйкес бұйым дайындау үшін альбомға немесе жұмыс дәптеріне қажетті жазбаларды орындайды;

- осы жазбалар негізінде бұйым дайындаудың әртүрлі тәсілдерін ескере отырып, өлшем алу және сызбасын сызуды орындайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар диалог жүргізеді, талқылайды, ашық/жабық сұрақтарға жауап береді, талдайды, пікір алмасып, сыныптастарының жұмысына түсінік береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Стилизация, жалаңдық, ықшамдық, зооморфтық, өсімдік, геометриялық ою-өрнектер, бұйым эскизі

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Бұл эскиз … сипаттайды.

Біз оны… қолдана аламыз.

Біздің бұйым дайындау нұсқамыздың эскизінде біз … ұсындық.

 Құндылықтарды дарыту

  • Шешім қабылдау барысында жауапкершілікке тәрбиелеу;
  • Жаhандану азаматтығы: өзге елдің мәдениетін сыйлау;
  • Материалға ұқыпты қарау;
  • Оқушылардың өзара ынтымақтастығы, бір-біріне құрметпен қарау;
  • Отанға деген сүйінпеншілікке тәрбиелеу;
  • Отаншылдық және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;
  • Топта адал еңбекке тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

Қазақ тілі мен әдебиеті, бейнелеу өнері

 Бастапқы білім

Бұл екінші тоқсанның төртінші сабағы. Оқушылар алдыңғы сабақта этностильдегі қазақтың ұлттық киімдерінің әртүрлі дизайн түрлерімен танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

1 мин.

1-2 мин.

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;
  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды:

«Мен саған ... тілеймін» ойны

Мұғалім әрбір оқушыға сыныпқа кіргеннен кейін қағаз медальды ұсынады, оқушылар музыканың ырғағымен қимылдайды және музыка тоқтаған кезде олар бір-бірімен қол ұстасып, жұптасып тұрады. Жұптасқан қатысушылар қағаз медальдарға өз тілектерін жазады, мысалы, сабақта саған жақсы көңіл-күй тілеймін, сәттілік!, саған қызықты шығармашылық идеялар тілеймін және т.б. және оларды бір-біріне ұсынады. Оқушылар қалауынша, жақсы тілектер жазылған медальдарды киімдеріне қыстырып алуына болады.

  • Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Шатастырылған әріптер» ойыны

Оқушылар жұптары сол құраммен жұмыс жасауды жалғастырады. Әрбір жұпқа барлық әріптері шатастырылып жазылған сөздер бар карточкалар таратылады.

  • УҰҚР (құру)
  • ЫҰМБЙ (бұйым)
  • ИТСОНТЭЛЬ (этностиль)
  • КБАСІМИ (бас киім)
  • ЛЕТИЖ (жилет)

Белгілі уақыт аралығында оқушылар жұптаса отырып, араласқан әріптердің дұрыс тәртіпте орналасуын шешіп, дұрыс жауабын айтады. Мұғалім қажеттілігіне қарай түзете отырып, оларды тақтаға жазады. Мұғалім тақтада жазылған сөздерге назар аудартып, оқушыларға осы сөздерден тақырыптың атауын тұжырымдауды ұсынады, сонан соң сабақтың мақсатын хабарлайды.

«Ақылды тас» тәсілі

Мұғалім оқушылар пакеттен немесе матадан жасалған қоржыннан бір тастан таңдап алуды ұсынады, сұрау белгісі бейнеленген тас кімде болса, сол қатысушыларға сабақ мақсатының мағынасын түсіндіреді. Қандай да бір қиындық туындаған жағдайда сыныптастары жауабын түзете отырып, көмектеседі.

Әр оқушыға жеке арналған

қатты қағаз немесе картоннан жасалған

медальдар

Шатастырылған әріптер жазылған карточкалар.

Интерактивті немесе сынып тақтасы, презентация,

пакеттен немесе матадан жасалған қоржын, сұрау белгісі бейнеленген шағын тастар

Сабақтың ортасы 1-2 мин.

25-28 мин.

2-3 мин.

  • Бірлескен әңгіме

Оқушылар алдыңғы сабақтағыдай сол құрамда топқа бірігеді және алдыңғы сабақта жасалған болашақ жоба бұйымының шығармашылық эскиздерін қарап шығады. Мұғалім әр топқа бір-бір сұрақтан таңдап және ойланып, жауап беруді ұсынады:

  • Бұл бұйымға қандай ою-өрнек қолайлы?
  • Бұл бұйымды жасауға қандай материалдарды қолданған ыңғайлы?
  • Өз эскиздеріңді тағы да немен толықтырғыларың келеді? Неліктен?

Топтар осы жайында өз ойларын ортаға салады

  • Тәжірибелік жұмыс. Кестемен жұмыс.

1 кезең.

  • Бас киімнің сызбасын құру үшін өлшем алу кезінде қандай өлшем алу ережелерін сақтау қажет? (2 қосымша)
  • Бас киімнің – тақия, сәукеле және т.б. сызбасын құру үшін қандай өлшемдер алу керек?
  • Өлшем алыңдар және нәтижесін кестеге жазыңдар (3 қосымша).

Конструкциялау кезінде, яғни сызба жасау кезінде БА (бас айналымы) өлшемінің бөлінуі немесе бөлінбеуі де мүмкін. 2,4,6,8,10,12 немесе басқа санға бөлінуі мүмкін. Бұл бас киімнің моделіне байланысты. Яғни, егер артқы жағынан тір тігіс түскен жаздық бас киім болса, онда құрылым кезінде бөлінбейді. Ал егер, мысалы, қиықты тақия болса, онда 4-тен 12-ге дейін бөлінеді. Яғни БА өлшемі жоспарланған қиық санына бөлінеді.

2 кезең.

Бас киім сызбасын сызу

1 нұсқа (тақия)

2 нұсқа

Бас айналымы аздап құлақтан жоғары өлшенеді және алынған санды төртке бөлу керек. Параққа негізі алынған өлшем санына тең, биіктігі -1 – 1,5 см кем етіп бесбұрыш сызу (а- сурет). Мысалы, бас айналымы 52 см-ге тең болса, онда әр бесбұрыштың негізі 52 : 4 = 13 см, ал биіктігі 13 - 1 = 12 см болады. Пішу барысында матадан 4 бөлшек пішу қажет.

3 нұсқа

Бейне материалды қарап шығу және жұмысқа ұсынылған кезең бойынша бас киім дайындау.

https://www.youtube.com/watch?v=O8sZma1be-s

3 кезең. Оқушылар алынған ақпаратқа, дизайнерлік шығармашылық бұйымды жасауға арналған эскиздер мен таңдалған материалдарға сәйкес нұсқаулық-технологиялық картаны дайындап, оны кестеге орналастырады:

Бұйым дайындау кезеңі

Дайындау реттілігі

1

2

3

  • Сапаны бақылау

Өзін өзі бақылау, өзара бақылау:

Оқушылар мұғаліммен бірге орындалған жұмыстардың сапасын тексереді.

Алдыңғы сабақта салынған шығармашылықэскиздер

Тақия дайындау бойынша мәтіндік ақпарат берілген нұсқаулық карта

https://www.youtube.com/watch?v=O8sZma1be-s

Сабақтың соңы

2-3 мин

(W)Рефлексия

Сөйлемді толықтырыңдар:

- сабақта қызықты болды.

- сабақта … қиын болды.

- енді мен… орындай аламын

Саралаукөбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бұйымды дайындау сапасын бақылау, қолдау көрсету қажет

Сапасын тексеру өзін-өзі тексеру, өзара тексеру

Оқушылар әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауы тиіс.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу