Этностильдегі бұйым дайындау (бас киім, кеудеше). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


2 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Этностильде бұйым дайындау (бас киім, кеудеше)

Оқу мақсаттары:

8.2.3.2Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау;

8.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Сабақ тақырыбы:

Оқушылар кеудеше дайындау үшін нұсқаулық-технологиялық карта құрастырады,

қажетті өлшемдерді алады, сонымен қатар осы бұйымның сызбасын сызады.

  • Ұйымдастыру кезеңі

Бұл екінші тоқсанның бесінші сабағы. Мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне бейімдеуі және оқу үдерісінде ынталандыру үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл үшін «Мені түсін» әдісін қолдануға болады, осы мақсатта жұмыс барысын қазақ ұлттық музыкалық аспаптарымен сүйемелдеуге болады. Бұл оқушыларға белгілі бір көңіл-күйді қалыптастыруға көмектеседі.

«Мені түсін» тәсілі

Бұл шағын интерактивті әдісте оқушылар алдыңғы сабақтағыдай топтың құрамы өзгермейді. Әрбір топ тізбек түрінде біріктіріліп, мұғалімнің атаған сөздерін бір-біріне дыбысы мен мағынасы өзгермейтін етіп жеткізуі қажет. Бұл әдіс оқушыларға сабақ алдында одан әрі тіл табысуға көмектеседі.

  • Өткен материалды қайталау

Мұғалім оқушылардың назарын аталған және тақтаға жазылған сөздерге, олардың ішіндегі қандай сөздер жобалық бұйым жасау тақырыбына сәйкес келетіндігіне аудартады. Оқушылар оларды таңдап, неліктен таңдағаны жайында айтады.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар алынған ақпарат арқылы осы сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдайды.

  • Сұхбатқа шолу.

Оқушылар бұйым (қамзол) дайындау кезеңдерінің дұрыс реттілігін анықтай отырып, алдыңғы сабақтағыдай топ құрамында жұмыс жасайды. Бұл тапсырма жарыс түрінде жүргізіледі, берілген тапсырманы жылдам орындаған топ жеңіске жетеді.

Дұрыс жауап:

Бұйым дайындау кезеңі

1

Өлшем алу

2

Қамзолдың сызба құрылымы

3

Модельдеу (мойын ойындысы, бұйымның төменгі қиығы)

4

Бұйымды өңдеу

5

Бұйымды безендіру

6

ЫЖӨ

Оқушыларға жұмысты орындау кезінде сыныптастарының немесе мұғалімнің қолдауы қажет болуы мүмкін.

  • Жеңі тұтаспішімді бұйымның сызбасы негізінде қамзолды конструкциялау

Мұғалім оқушыларға қолдау қажет болған жағдайда, оларға әртүрлі өлшемдегі дайын пішім сызбаларын беруіне болады. Оқушылар осы сызбаларды қағазға түсіріп, қамзол пішімін жасау үшін қосымшадағы нұсқаулық картаны қолдана отырып, сызбаны модельдеуді орындайды.

  • Оқушылармен бірлескен әңгіме:

Оқушылар берілген тапсырма сұрақтары бойынша ойланып, топта талқылайды. Берілген сұрақтар тақырыптамасы тікелей жобалық бұйым дайындауға байланысты:

  • Бұйымның сызбасының дұрыс құрылуы неге байланысты?
  • Өлшем алу кезінде қандай ережелерді сақтау қажет?
  • Адам денебітімінен алынған ұзындық және айналым өлшемдері қалай жазылады?

Оқушылар жауап беруі мүмкін:

  • Өлшем алу кезінде адам түзу, салмақ екі аяққа бірдей түсетіндей, күш салмай, денені шынайы қалыпта ұстап, қол төмен түсірулі қалыпты тұруы қажет. Бел тұсы ызбамен (тесьма) буылады.
  • Өлшем сантиметрлік таспаны тартпай және бос ұстамай, алдыңғы жағынан қабыстырып өлшенеді.
  • Дене, қол, ұзындық және басқа өлшемдер денебітімнің оң жағынан өлшенеді.
  • Ұзындық өлшемдер толық, айналым өлшемдерінің жартысы жазылады. Өлшем атаулары қысқартылып жазылады:

Айналым – А, жартылай айналым – Жа, ұзындық – Ұ, ені – Е, биіктігі – Б.

  • Өлшем алу тәсілдерін көрсету.

Мұғалім алдын ала қамзол сызбасын сызуға қажетті өлшем алу тәсілдері мен негізгі антропометриялық нүктелерді көрсетуге арналған манекен дайындауы қажет.

  • Тәжірибелік жұмыс. Қамзол сызбасын сызу

Бұл тәжірибелік жұмысты орындау кезінде қабілеті жоғары оқушылар бұйым пішімінің классикалық құрылымын қолдана отырып, сызба құрылымын және модельдеуді өздігімен орындауларына болады, қабілеті төмендеу оқушылар қамзол сызбасын сызу, модельдеу тәсілінің бірін таңдап, орындауына болады:

  • Жеңі тұтаспішімді бұйым сызбасы негізінде қамзолды модельдеу (3 қосымша).

Оқушылар, әртүрлі өлшемдегі дайын пішім сызбасын қолдана отырып, қамзолдың мойын ойындысын және төменгі қиығын формасы мен ұзындығын өзгерте отырып, модельдейді.

  • Сапаны бақылау

Өзін өзі бақылау, өзара бақылау:

Оқушылар мұғаліммен бірге орындалған жұмыстардың сапасын тексереді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу