Ою-өрнек және оның стилизациясы. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


2 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Ою-өрнек және оның стилизациясы

Оқу мақсаты:

8.1.3.1 - шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану

Сабақ мақсаты:

Оқушылар стилизациясы мен пішініне назар аудара отырып, ою-өрнек түрлерін зерттейді және өздерінің стильденген ою-өрнек идеясын ұсынады.

  • Ұйымдастыру кезеңі:

Бұл екінші тоқсанның екінші сабағы. Мұғалім оқу барысында ынталандыру үшін оқушылардың белсенді жұмыс жасауына жағдай жасауы керек.

«Тақия кімде физминутка ойыны

Бұл ойын оқушыларға жағымды жағдай тудырады. Олар бөлме жағдайына қарай шеңбер жасап отырады немесе тұрады. Мұғалім үйлесімді музыкалық композиция қосып, ойынға арнап алдын ала дайындаған оюланған қазақ ұлттық бас киімі – тақияны ұсынады, оқушылар тақияны шеңбер бойынша бір-біріне береді. Музыка тоқтаған кезде тақия кімде қалса, ол оны басына киеді де, өзгелердің пән бойынша қойған сұрақтарына жауап береді. Мысалы, бұл жобаны жасауда көркем еңбек сабағында қандай жұмыс түрлері қарастырылған т.б. Интерактивті ойынның ұсынылған әдісі оқушылардың көңілін бір-біріне аударып, сабақта барлығын жағымды іс-әрекетке бағыттап, сергітеді, ал музыкамен сүйемелдеу мұғалімге оқушыларды тақырыпқа бейімдеуге көмектеседі.

  • Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау

Оқушылар өткен сабақтан көркем еңбектен ғана емес, басқа оқу пәндерінен де ұлттық сәндік ою-өрнектердің пайда болу тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны туралы ақпаратпен таныс. Сәндік ою-өрнек белгілі бір уақыттың, халықтың, елдің сәндік-қолданбалы өнер туындысына немесе көркем туындысына тән белгі болып табылады. Оқушылар ою-өрнектің геометриялық, өсімдік және жануарлар мотивінің, белгілі бір сәндік элементтердің ритмикалық қайталануынан тұратын өрнек екендігін және ол әртүрлі заттарды көркемдеуге арналғанын (тұрмыстық заттар, жиһаз, киім, қару архитектура) біледі. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін мұғалім тақиядағы ою-өрнекке назар аударуын ұсынады, бұл заттар осы сабақпен байланысты екендігін ескертеді.

Егер тақырыппен мақсатты анықтауда қиындық туындаса, мұғалім бағыттау сұрақтарын қояды, сонан соң тақтаға қажетті жазбалар жазады. Мүмкіндігіне қарай мұғалім оқушыларға әртүрлі ақпарат көздерін: кітап, журнал, газет, деректі бағдарлама немесе фильм, ақпараттық сайттар және т.б. қолдана отырып, қазақ ою-өрнектерінің түрлерінің алуан түрлілігі туралы қосымша ақпарат ұсына алады.

Мұғалім оқушылардан қазақ ұлттық әйелдер мен ерлердің бас киімдеріне назар аударуын ұсынады, мысалы, тақия, сәукеле, кимешек (жаулық) т.б. және сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

  • Бірлескен әнгіме

Бұл тапсырма оқушыларға қазақ ұлттық ерлер мен әйелдердің бас киімдері: тақия, сәукеле, кимешек (жаулық) және т.б. туралы ойлануды ұсынады. Оқушылар оның жасалған материалы мен пішінін, сонымен бірге қазақ ою-өрнегінің сәндік үлгісін мұқият қарастырады. Мұғалім сыныптың назарын ұсақ сәндік элементтерге, пішініне, сызықтар бағытына, әр түрлі қосымша бөліктеріне мысалы, ұсақ моншақтан жасалған сурет, т.б.) аударуына болады.

  • Қалай ойлайсыңдар, бұл суреттерді не біріктіріп тұр? (ою-өрнектер, әйелдер бас киімі, белгілі бір материалдан дайындалған және т.б.)
  • жас ерекшелігіне байланысты бұл бас киімдер туралы не айта аласыңдар? (тақия- қыздар, сәукеле-бойжеткен және кимешек-әжелерге)
  • Әр бұйымнан қандай ою-өрнек көріп тұрсыңдар? (оқушылар ою-өрнек түрлерін атайды, мысалы, өсімдік текті, геометриялық пішін, жануарлар мен құстарға ұқсас және т.б. ою-өрнектер).
  • Қалай ойлайсыңдар, оларды қазіргі күнделікті өмірде киім элементі ретінде қолдануға бола ма? Мысал келтіріңдер.
  • Шығармашылық жұмыс. ҚБ арналған тапсырма

Бұл тапсырма алдыңғы әңгімені жалғастыра отырып, жұмыс басталмас бұрын мұғалім оқушылардан бұл бұйымды танымал ету үшін қандай идеяларының барын, оқушылардың қазақ ұлттық бас киімі, дәстүрлі аяқ киімі, т.б. ұлттық киімдер туралы қандай идеялары барын сұрайды. Бұл үшін оқушылар алдымен онлайн платформа жоспары бойынша немесе кез келген басқа тәсілмен үш топқа біріктіріледі. Мұғалімнің қандай тәсілмен оқушыларды топтарға біріктіруі сол сабақтағы жұмысқа байланысты болады. Кез келген тәсілмен біріктіруге, оқушылардың өздеріне серіктес таңдауды ұсынуға болады. Ол тапсырма мен жұмыс түріне, сонымен бірге оқушылардың мінез-құлқы мен темпераментіне де байланысты. Сондықтан мұғалім алдын ала әр оқушының ерекшелігімен танысып алғаны жөн.

Екінші кезең кезінде оқушылар әр түрлі нысандарды қалай стильдеуге болатыны, стилизация ұғымы жөнінде ақпаратпен танысады. Оқушылар стилизацияның (стильдеу) бейнеленген пішінді суреті мен түсі бойынша ықшамдау және жинақтау, ою-өрнек пішінін салуға арналған пішін (фигура) туындысы екенін білуі мүмкін. Ол ою-өрнекке қажетті пішінінің шығармашылық кескіні. Олар оның көлемді өнер мен сәндік өнерде әсемділікті арттыру үшін дизайн құралы ретінде қайда қолданылатыны туралы мысал келтіре алады.

Үшінші кезеңде оқушылар таңдалған нысанды стильдеу үшін шағын нобайлар салады. Оны графикалық тәсілмен немесе акварельмен орындауға болады. Оқушылар қажетті құралдар мен материалдар бойынша өздері таңдау жасайды.

Төртінші кезеңде салынған нобайларды талқылайды. Орындалған суреттерді талқылап, оның орындалуы бойынша мұғалім мен сыныптастарының ұсынысы тыңдалады.

Мұғалім үшін қосымша ақпарат.

Біз ою-өрнекті қарастыра отырып байқайтынымыз: табиғи пішін шартты сызықтар, дақтар арқылы жаңа нәрсеге айналады. Біз өсімдіктің дәл табиғатта осындай еместігін білеміз. Бұл пішін геометриялық пішіннің шегіне дейін қысқартылған. Бұл еш қиындықсыз ою-өрнек мотивін қайталауға мүмкіндік береді. Табиғи пішіндер қалай ою-өрнек мотивіне айналады? Басында табиғи пішіннен кескін салынады. Әрі қарай кескіннен шартты пішінге өтеміз. Оны қарапайым геометриялық пішіндерге бөлшектеу керек. Бұл – транформация мотивті стильдеу. Стильдеуден түсінетініміз – қажетсіз белгілерден алшақтау, ең қажетті белгілерге көңіл аудару. Бір кескіннен әр түрлі ою- өрнек жасауға болады. Сонан соң мотивті қайталай отырып, өзіндік қайталанбас ою-өрнек жасалады. Алдын ала жасалатын эскиздермен жұмыс – суреттің стильді композициясын құрудағы маңызды бөлік. Сабақтағы жұмыс екі бөліктен тұрады: біріншіде оқушылар табиғи өнімнің кескінін жасайды, екіншіде оны геометриялық пішінге айналдырады. Бұл үшін өсімдік айқын болуы керек.

Ою-өрнек толық салынған соң оның түсі жайлы ойланамыз. Түс ою-өрнектің маңызды бөлігі, ол композициямен тығыз байланысты. Түстер үйлесімділігі пішін элементі сияқты ритмикалық қайталануы мүмкін. Олар өткір, қарама-қарсы немесе жұмсақ болуы мүмкін. Әр түрлі түстер бірігіп кереғар бірлік құрады. Қара мен ашық түстердің үйлесуі кереғарлық береді. Сұр түстердің бірігуі жұмсақ үйлесімділік береді.

Жылы және суық реңктер, қосымша түстер кереғарлық бойынша бірден көзге түседі. Түстің жұмсақтығы әртүрлі түстер үндестілігінен құралады. Бір түстің әртүрлі реңктерінен әдемі көп бояулы үйлесімділік құрылуы мүмкін.

1. Үлгі, гүлдің тікелей өзіне қарап салынған суретін берілген өсімдіктің бейнесін бұзбай, сабақта сәндік композицияға, стильденген геометриялық пішінге қалай айналдыруға болады. Силуэт қарапайым геометриялық пішіндерге өтуі керек. Ою-өрнек мотивін жасау барысында көлемді кеңістік формасын жазықтыққа айналдыру қажет.

2.Үлгі, трандун гүлі әртүрлі формада стильденген. Көргенді жай ғана салу маңызды емес, оның ритмі мен қызықты формалар тобын (сабағы, жапырақ) таңдай алу маңызды.

Бір мотивтің әртүрлі трансформациялануы мүмкін: табиғи түріне жақын немесе соған ұқсас, ассоциативті, бірақ кезкелген өсімдікті стильдеуде оның танылуын ескеру керек (көрсетілім материалдары – өсімдікті стильдеу үлгілерімен суреттер мен фотосуреттер).

Мотивтің (гүл) эскизін салу кезінде оның өзіне тән ерекшелігіне көңіл аудару керек. Сонымен қатар гүлдің ерекшелігі барынша әсіреленуі және таңбалылыққа дейін жетуі мүмкін. Нысан пішінін қалай өзгертуге болады? Мысалы, қоңыраугүл пішіні ұзын, оны созуға болады, ал бақбақ гүлі шеңбер тәрізді, оны барынша дөңгелектеуге болады. Берілген нысанның көрінісіне назар аудару керек. Оны көлденең немесе тік қою арқылы үстінен, жанынан қарауға болады. Динамикалық композиция кезінде көлбеуді және ракурспен бейнелеуді қолдануға болады. Ою-өрнектік композиция кезінде түспен колоритті өзгертуге болады. Ол шынайы нұсқадан бөлек шартты түрде болуы мүмкін.

  • «Кубизм» стратегиясы бойынша зерттеу. Тәжірибелік жұмыс.

Оқушылар стильдеу және оның пішініне назар аудара отырып, тапсырмада берілген ою-өрнек түрін зерттеулері тиіс. Сонымен қатар кестеде берілген сурет бойынша ою-өрнекті стильдеудің өзіндік нұсқасын ұсынуы тиіс. Ол үшін төменде берілген кесте бойынша жұмыс жасау ұсынылады (А 3 форматында). Кейбір оқушылар мүмкіндігіне және ұнатуына байланысты жеке немесе жұппен жұмыс жасауларына болады. Мұғалім жұмыс барысында сабақ тақырыбына сәйкес музыка қосып қоюына болады.

6. Презентация (таныстырылым)

Оқушылар топтан таныстырылым жасау үшін бір спикерді таңдаңдайды.

Әрбір топқа жүргізілген зерттеу бойынша сөз сөйлеуге 2 минут беріледі.

Оқушылар сұрақтар қойып, бір-бірін толықтыруларына болады.

7. Бағалау – «Галереяға саяхат»

Таныстырылымнан кейін әр топ өз жұмысын «галереяға» орналастырады. Өзара бағалау мен кері байланыс жасау үшін әр топ өз көзқарасын стикерге жазып, жұмысқа дауыс бере алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу