Жеке бөліктерін өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Әдістемелік нұсқаулық
3 бөлім: Дизайн және технология
Сабақ тақырыбы: Жеке бөліктерін өңдеу
Оқу мақсаты:
6.2.3.1
Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.
6.2.2.2
Тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану.
6.2.6.2
Қол, электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру.
Сабақ барысы
Сабақ басында сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарын талқылау.
Алдыңғы сабақта оқушылар пішілген алжапқыштың алдыңғы бөлігіндегі жапсырма қалтаны қол тігісімен көктеп, пішінін тексеріп көрді. Қажетінше өзгерістер енгізді.
Алдымен оқушылармен бірге жұмыстың бірнеше кезеңін белгілеп алу:
- жапсырма қалтаны өңдеу.
- алжапқыштың бүйір қиығын өңдеу;
- белдік пен аспабауды өңдеу;
(М) Бөлшектерді өңдеуге арналған технологиялық-нұсқау карта құрастырып көрсету.
(Ө) Тапсырма: алжапқыштың жапсырмалы қалтасын, бүйір қиығын, белдік пен аспабауын өңдеу.
Дескрипторлар:
- нұсқау бойынша өңдеу жүргізеді;
- жапсырма қалтаны машинамен сырып тігеді;
- белдік пен аспабау бөлшектерін қол тігісімен біріктіреді;
- машинамен сырып тігеді, аударады;
- тігісті ЫЖӨ-ден өткізеді;
- техника қауіпсіздік ережесін ұстанады;
- қол тігісі жіптерінен бұйымды тазалайды.
- Соңғы ЫЖӨ-ден өткізеді.
Оқушылар нұсқау карта бойынша бүйір қиықтарын, жапсырма қалтаны өз бетімен өңдейді.
Оқушылардың өздік жұмысын бақылайды, бағыт беріп, түзету енгізу. Жұмыстың әр кезеңінен кейін ылғалды-жылумен өңделуіне назар аудару керек.
Оқушыларға бөлшектерді ылғалды-жылумен өңдеу, тігін машинасымен тігу, құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқау беру.
Техника қауіпсіздігі ережесі:
1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.
2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек.
3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.
5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.
6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.
7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек.
8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан.
9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек.
10. Аяқтаған соң жұмыс орнын тазалау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру