Жеке бөліктерін өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Әдістемелік нұсқаулық
3 бөлім: Дизайн және технология
Сабақ тақырыбы: Жеке бөліктерін өңдеу.
Сабақ мақсаты:
6.2.2.2
Тігін бұйымдарын ылғалды- жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану.
6.2.3.2
Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау.
Теориялық материал
Тильда қуыршағының техникалық мінездемесі
Матадан жасалған ойыншық примитивті ешқандай көзге көрінетін детальдарсыз жасалған қуыршақ. Стандартты қуыршақтың ұзындығы 60 см. Олар әдетте ұзын қол-аяқты болады. Табиғи маталардан тігіледі. Тильда бастапқыда ойыншық ретінде емес, интерьерлық қуыршақ ретінде тігілген. Сол себепті иісі де болуы мүмкін. Оны арнайы қуыршақтың ішіне мақта салған уақытта шөптен жасалған иісуларды салған.
Сабақ барысы
Сабақта практикалық бөлігіне өтпес бұрын оқушылармен ылғалды жылумен өңдеудің қауіпсіздік техникасын қарастырған дұрыс.
Практикалық жұмыысқа дейін:
- Үтіктің баусымы мен табанының дұрыс екенін анықтау қажет. Ақаулар болған жағдайда мұғалімге айту.
- Разетка мен вилканың дұрыс орналасқанына мән беру.
- Резеңкелі коврик дайындау.
- Электр желісіне үтікті тек құрғақ қолдармен қосу.
Жұмыс барысында:
- Резинадан жасалған коврикте тұрып үтіктеу.
- Үтіктің ыстық бөліктері баусыммен байланыспауын қадағалау.
- Матаны сумен тым қатты ылғалдамау
- Ыстық бөліктерін қолмен ұстамау.
- Электр желісіне үтікті қараусыз қоспау.
- Жұмыс орнын ұқыптылықта ұстау.
Жұмыс аяқталған соң:
- Электр үтікті бас жағынан ұстап сөндіру. Баусымнан тартуға болмайды.
- Үтікті вертикальді күйінде қою.
Тыйым салынады.
- Үтікті құлату.
- Тым қатты жандыру.
- Баусымы істен шыққан үтікпен жұмыс істеуге болмайды.
- Үтіктің ыстығын қолмен ұстап көруге.
Оқушылар бұйымды үтіктеп болған соң қуыршақты синтепонмен толтырады. Көлем береді.
Оны жасаудың кезеңдері:
1. Қарындаштың көмегімен қуыршақтың қолдарын, аяқтарын, басын, денесін мақтамен толтырамыз. Біркелкі толтыруды жасау үшін ұқыпты боламыз.
2. Жасырын тігіс арқылы тігеміз. Аяқтарын, қолдарын, басын қуыршақтың денесіне тігеміз.
3. Тігісті жасырын түрде жасау керек.
4. Тігісті қолмен тігу қажет.
Шығармашылық жұмыс жеке орынауды ұсынамыз. Себебі қуыршақты тігуді әрбір қыз бала қалайды деп ойлаймыз. Мұғалім оқушыларға бөлшектерді өзара біріктірудің тәсілдерін көрсетуі тиіс. Әсірісе жасырын тігіспен тігудің тәсілдерімен таныстырған жөн.
Дифференциация Қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылармен біріктіруге болады. Немесе ЖАДА (жақын арадағы даму аймағы) тәсіліне негізделіп, қабілеті төмен оқушыға өзіңіз қолдау білдіріңіз.
Бағалау.
Оқушылар бір бірінің жұмыстарын кестеде көрсетілген үлгі бойынша бағалайды.
Дескрипторлар: | Ескерту ұсыныс | |
| ||
| ||
| ||
|
Оқушылар жұпта жасалған жұмыстың нәтижесін бағалайды.
- Не жасалды?
- Не қиын болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру