Курсқа кіріспе. Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, презентация.


Сіздер әлем тарихының қандай кезеңдерін оқыдыңыздар?

Әлем тарихының қай кезеңі «жаңа заман» деп аталады?

Неге бұл кезеңге осындай атау қойылған?

Курсқа кіріспе

Сабақтың мақсаты

«Жаңа заман» ұғымының түсінігін білу;

«Жаңа заман» кезеңінің хронологиялық шегін білу;

Орта ғасыр кезеңімен салыстыра отырып, жаңа заманның сипаттық белгілерін анықтау;

Адамзаттың дамуы барысындағы өзгерістерді сипаттау мақсатында «Жаңа заман» ұғымын XVII ғасырдың ортасынан бастап қолдану.

Оқыту мақсаты Бағалау критерийлері

7.4.2.3 - дүниежүзі тарихының жаңа кезеңін сипаттау үшін «жаңа заман» ұғымын қолдану

дүниежүзі тарихының хронологиясы мен ерекшеліктеріне сүйене отырып кезеңдерін сипаттайды;

жаңа заман кезеңіндегі қоғамның негізгі ерекшеліктерін анықтайды;

дүниежүзілік тарихи үдерісті сипаттау үшін «жаңа заман» және «модернизация» ұғымдарын қолданады.

Топтағы жұмыс

«Индустрияға дейінгі қоғам» және «индустрия қоғамы» деген түсініктерге сәйкес суреттерді 2-ге ажыратыңыз.

Өзін-өзі бағалауға

Модернизация – барлық салада индустрияға дейінгі (дәстүрлі) қоғамның индустриалды қоғамға айналуы жүзеге асатын ұзақ және күрделі өзгерістердің үдерісі.

Индустрияға дейінгі немесе дәстүрлі қоғам – адамдардың басты кәсібі ауыл шаруашылығы (егін және мал шаруашылығы) болып табылатын, ғасырлар бойғы ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып табиғатпен етене байланыс орнатқан қоғам. Мұндай қоғамда адамдардың көпшілігі ауылдық жерлерде қоныстанады.

Индустриалды қоғам – шаруашылық қызметтің басты саласы болып өндіріс (яғни зауыт өндірісі, теміржол құрылысы, техника мен технологияның дамуы) танылатын қоғам. Мұндай қоғамда адамдардың көпшілігі қалада қоныстанады.

Топтағы жұмыс

Жаңа терминдерді (бір, екі немесе үш сөйлеммен) қолдана отырып, «жаңа заман» кезеңіне сипаттама беріңіз.

Ақпараттық мәтіндерден жаңа тарихи қоғамның сипаттық белгілерін анықтаңыз.

Мәтінде берілген сипаттаманы талқылаңыз.

Жеке тапсырма

«Индустрияға дейінгі қоғам» және «индустрия қоғамы» сипаттамалары көрсетілген карточкаларды ажыратыңыз.

Сабақтың мақсаты мен оқыту мақсатына жететін бағалау критерийлеріне оралыңыз.

Өзіңіздің оқыту мақсаты мен сабақ мақсатына жетуіңізді бағалаңыз.

Үй тапсырмасы

Өзіңізді кезекпен-кезек феодал, қолөнерші, шаруа ретінде елестетіңіз.

Сіз қай қоғамда (индустриалды қоғамға дейінгі және индустриалды қоғам) өмір сүргіңіз келеді? Өз жауаптарыңызды дәлелдеңіз.

Бейнересурстарға сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=Dtum7Ky4O3Q

https://infourok.ru/videouroki/3716



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу