XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, презентация.


XIV Людовик: «Мемлекет - ол мен

І Петр: «Ұлы мәртебелі – жеке билік ететін монарх, дүниеде ешкімнің алдында өз ісі алдында есеп бермейді».

Ой талқы

Екі цитатының ортақ идеясы қандай?

Қандай билік түрін байқауға болады?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы:

XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?

XIV Людовик

І Петр

Оқу мақсаттары:

6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау;

6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату;

6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру

Бағалау критерийлері:

Оқушылар ұғымдардың анықтамасын жазады және1 сөйлеммен түсіндірме жасайды;

Оқушылар абсолюттік монархияның белгілерін негізге ала отырып, кестеде берілген сұрақтарға жауап жазады;

Оқушылар екі монарх билігі тұсындағы мемлекеттік басқарудағы өзгерістерді салыстырады және қорытындылайды;

Оқушылар Версаль сарайындағы корольдің күнделікті өмірі жайлы мәлімет бойынша диаграмма жасап, мемлекеттік істерге қанша уақыт бөлгенін есептейді;

№1 тапсырма Терминдермен жұмыс:

«Билік», «Мемлекет», «Абсолютизм», «Парламент», «Монархия» , «Сейм», «Кортес», «Боярлар Думасы»

Феодалдық мемлекеттердің даму кезеңдері:

1. Ерте феодалдық мемлекеттер

2. Феодалдық-бытыраңқы мемлекеттер

3. Орталықтанған мемлекет

4. Сословиелік-өкілдік монархия

5. Абсолюттік монархия

Абсолютизм

Абсолютизм – бiр адамның (император,

король, патша) шексіз билігі.

Жоғарғы үкімет билігі толық бір адамның ғана қолында болған басқару түрі.

Король билігінің рәміздері

Тәж

Скипетр

Тақ

Қылыш

Мантия

Абсолюттік монархияның белгілері

Мемлекетте монархтың билігін шектейтін заңдық органдар болмауы

Мемлекеттің жоғары дәрежеде орталықтануы және король билігі

Сословиелік-өкілдік органдар қызметі тоқтайды немесе өзінің бастапқы маңыздылығын жоғалтады;

Монархтың өзі бақылап отыратын мемлекеттік басқару аппаратының құрылуы

Корольдік ерекше әулеттің және сарай өмірінің әдебінің қалыптасуы

Бірыңғай мемлекеттік заң шығару

Мемлекеттік салық жүйесінің қалыптасуы

Меркантилизм (саудагер, көпестік) және протекционизм (қамқорлық) бойынша біртұтас экономикалық саясаттың жүргізілуі;

Мемлекеттік шіркеудің қалыптасуы

Кәсіби тұрақты әскердің қалыптасуы

№2 тапсырма Абсолюттік монархияның белгілерін негізге ала отырып, кестеде берілген сұрақтарға жауап жаз.

Дескрипторлар:

Оқушылар билік, мемлекет, абсолютизм, парламент, монархия, «Сейм», «Кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарының анықтамасын жазады және1 сөйлеммен түсіндірме жасайды;

Оқушылар абсолюттік монархияның белгілерін негізге ала отырып, кестеде берілген сұрақтарға жауап жазады;

№3 тапсырма XIV Людовик пен Ұлы Петрдің қызметі тұсындағы мемлекетте орын алған өзгерістерді Венн диаграммасында салыстыр.

Салыстыру критерийлері:

1.Саясаттағы өзгерістер

2. Экономикадағы өзгерістер

3. Мәдениеттегі өзгерістер

Екі билеушінің басқару жүйесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтап, екі сөйлеммен қорытындыла.

Дескрипторлар:

XIV Людовик пен І Петр тұсындағы саясаттағы өзгерістерді салыстырады;

Оқушылар XIV Людовик пен І Петр тұсындағы экономикадағы өзгерістерді салыстырады;

Оқушылар XIV Людовик пен І Петр тұсындағы мәдениеттегі өзгерістерді салыстырады;

Оқушылар екі монарх билігі тұсындағы мемлекеттік басқаруды кем дегенде екі сөйлеммен қорытындылайды;

Тапсырма №2

Версаль сарайындағы корольдің күнделікті өмірі жайлы мәлімет бойынша диаграмма жасап, боя. Диаграммада корольдің күнделікті іс-әрекетін, оларға бөлінген уақыттарын бірнеше санат бойынша бөліп (мысалы тамақтану, балға қатысу т.б), мемлекеттік істерге қанша уақыт бөлгенін есепте.

Дескрипторлар:

Оқушылар Версаль сарайындағы корольдің күнделікті өмірі жайлы мәлімет бойынша диаграмма жасап, мемлекеттік істерге қанша уақыт бөлгенін есептейді;

Ұлы Петрдің XIV Людовикті қаншалықты қайталағандығын және олардың қайсысы анағұрлым шексіз биліктің иесі болды?

/кем дегенде 2 сөйлеммен қорытындыла./

Сабақты қорытындылау:

Не білдім?

Не көрдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?

Не қиындық тудырды?

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу