«Қара індет» не себепті жылдам таралды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 14.2

 

 VI бөлім: XIV - XVI ғасырдың бірінші жартысында ортағасырлық еуропалық қоғам.

 Сабақ тақырыбы: «Қара індет» не себептерден жылдам таралды?

 Оқу мақсаты:

 6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру.

 Тарихы концепт: себеп пен салдар

 

 Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 

 1. Сабақтың басында ұйымдастыру және алдынғы уақытта алынған білімді өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Өткен мәліметтерді бекіру мақсатында «Иә - жоқ» әдісін қолданыңыз. Оқушыларға «Моңғолдар» бөліміне қатысты тұжырымдамаларды ұсыныңыз. Осы тұжырымдамалардың арасында шынайы және жалған мәлімдемелер бар. Мұғалім тұжырымдамаларды оқиды, оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Мәлімдемелердің мысалдары:

  •  Монғолия Орталық Азияда орналасқан (иә)
  •  Орхон және Керулен өзендері алқабының табиғи жағдайлары осы жерде отырықшы ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етті (жоқ)
  •  Моңғолдар киіз үйлерде тұрды, көшпелі өмір салтын ұстанды (иә)
  • Моңғол ақсүйектері қолайлы егіс алаңдары үшін өзара соғыстар жүргізді (жоқ)
  •  Мал мен мал жайылымы жер иеліктері моңғолдардың басты байлығы деп саналды (иә)
  •  Моңғолдар балаларың 5 жасынан бастап қошқарға мінгізіп атпен жүру өнеріне үйретеді (иә)
  •  Ересек моңғолдар бос уақытта балық аулаумен айналысты (жоқ, аңшылықпен айналысты)
  •  Аңшылық пен жие болатын өзара қақтығыстар моңғол әскерлерінің садақ атудағы дағдылары мен дәлдігін жетілдірді (иә)
  •  Моңғолдардың жылқылары әдемі және биік бойлы болды (жоқ, төзімді, аласа бойлы аттар)
  • Моңғолдарды көршілес тайпалар - керей мен меркіттер жаулап алды (жоқ)
  •  Моңғол мемлекеті 1260 жылы құрылды (жоқ, 1206 жылы)
  •  1206 жылы Моңғолияның құрылтайында қият тайпасынан шыққан Темучин билеуші болып сайланды (жоқ, боржығын тайпасынан шыққан)
  •  Мемлекеттің талантты көшбасшысының сайлануына Монғолияның нығаюының маңызды факторы болды (иә)
  •  Елде барлығына міндетті заңдардың болуы моңғол ақсүйектерінің арасында қайшылықтар туғызды (жоқ)
  •  Моңғол әскерінің жеңістері оның ерекше құрылуымен - ондық жүйесімен байланысты болды (иә)
  •  Шыңғысхан 1225 жылға дейін хан Орта Азияға, Кавказға және Еділ аймағына жүргізілген жорықтарын өзі басқарды (иә)
  •  Шыңғыс хан өзінің үлкен ұлымен бірге бір уақытта қайтыс болды (жоқ, оның ұлы әкесінің алдында қаза болды)
  •  Шыңғыс ханның ұрпақтары оның өмірлік арманын жүзеге асырды - олар әлем деңгейдегі империясын құрды (иә)
  •  Моңғолдардың барлық жаулап алған халықтармен қарым-қатынастары дәстүрлі түрде болды: моңғолдар оларды қатал түрде жазалады (жоқ)
  •  Кең аумақты басқаруы қиын болғандығы нәтижесінде Моңғол империясы ыдырады (иә)
  •  Монғолдың жаулап алуының маңызды салдары - Еуразиядағы орталықтандырылған мемлекеттердің қалыптасуы (иә).

 Мұндай жұмыс алдыңғы алынған мәліметтерді естеріне сақтауға және қорытындылауға көмектеседі, коллаборативті ортаны құруға ықпал етеді, оқушылардың болашақта бағдарлама мазмұнын жақсы меңгеруге ынталандырады.

 

 2. Сабақтың тақырыбын айқындау үшін, оқушыларға Қара індет кезеңде обадан зардап шеккен адамдар бейнеленшен сурет көрсетіңіз. Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз: Сендер нені көріп тұрсыңдар? Сендер сурет бойынша қандай сұрақтар қоя аласыңдар? Осы сурет қай тарихи оқиға туралы мәлімет береді?

 Оқушылардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін, оларды толықтырып, XIV ғасырда Еуропа өте ауыр сорлылыққа ұшыраған: ортағасырлық Еуропа халқының үштен бірінің өмірін қиған эпидемия таралды. Оқушыларға айтыныс: сабақ барысында олар эпидемияның себептері мен онымен күресу жолдары туралы әңгімелейтін болады.

 Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 Оқушылармен бірге зерттеу жұмысының бағыттарын анықтап алыңыз. Мысалы, зерттеу кезеңдері келісідей болулары мүмкін:

 - орта ғасырлық еуропалықтардың оба ауруы туралы көзқарастары мен түсініктерін сипаттау;

 - бұл аурудың таралу себептерін анықтау;

 - эпидемиядан емдеудің ортағасырлық әдістерін зерттеу;

 - сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

 

 3. Бейнероликпен жұмыс. Оқушыларға Қара індет туралы бейнересурсты ұсыныныңыз. Бейнероликті көргеннен кейін, оқушылардан Қара індеттің себептерінің келтіретін тізімін жасауды сұраңыз.

 Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары:

  •  Бұл адамдардың күнәлары үшін Құдайдың жазасы болды
  •  Адамдар арасында аспандағы Марс пен Венера соқтығысып, бқл ауаның ластануына себеп болды деген пікір таралды
  •  Бұл аурулар шығыс елдерінде пайда болып, Венециандық саудагерлердің кемелерімен Еуропаға әкелінді
  •  Өлген жануарлардың көмілмегендігінен ауа ластанды
  •  Еврейлер еуропалықтарды жою үшін құдұқтарды улаған
  •  Науқастанған адаммен байланыс жасау және т.б.

 Оқушылардан сұраңыз: Осы себептердің барлығы сенімділік пе, шындыққа сай ма? Эпидемияның нақты себебі неде? (Гоби шөлінің обаны жұқтұрған егеуқұйрықтар сауда кемелері арқылы Еуропаға жеткізілген).

 Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:

  •  бейнересурсынан маңызды ақпаратті іріктеп ала алды;
  •  эпидемияның таралуының кемінде 5 себебін анықтайды;
  •  ортағасырлық Еуропадағы медицинаның даму деңгейін бағалайды.

 

 4. Оқулықтағы мәтінімен және картамен жұмыс. Оқушыларды оқулықтағы мәтінді оқуды және оларға Қара індеттің таралуы туралы картасын ұсыныныз. Картаны жаңғырту” жаттығуды өткізіңіз. Оқушылар жұптарда талқылап, эпидемияның қалай және қай кезеңдерде таралғаны туралы әңгімелеп берулерін сұраңыз.

 Оба кенеттен басталды да, дәл солай кеннеттен тоқтады, бірақ ол 70 миллионға жуық адамның өмірін қиды. Оқушылардан сұраңыз: Эпидемияның тоқтауна не көмектесті? (онымен күресуде қолданылған барлық әдістері, ақыр аяғында оң әсер берді. Сонымен қатар, ауа райының суықтануы вирустың жойылуына көмектесті).

 Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:

  •  обаның таралу аймағын анықтайды,
  •  обаның таралған уақыт мерзімін анықтайды,

 - эпидемияның аяқталуының себептері туралы қортынды жасайды.

 Осы жұмысқа бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін дескрипторлар негізінде оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Оқушылармен бірге сұрақтарды талқылаңыз: Еуропалықтардың ауруды емдеу әдістерінің қайсысы ең тиімді деп ойлайсыңдар? Жұқпалы ауруларды алдын-алу және емдеудің заманауи әдістері ортағасырдық емдеу әдістерімен ұқсас па?

 Орта ғасырларда карантинді пайдалану, пациенттердің киімі мен өлген адамдардың денелерін жағып жіберу, өсімдік толтырылған масканы қолдану, бір жерде көп адамдардың жиналуына тыйым салу, обаға қарсы іріткіні жасау – осы әдістер обамен сәтті күресуге көмектесті. Оқушылар емдеу әдістеріндегі негізгі айырмашылық – қазіргі медицина саласы ғылыми білімге негізделеді және заманауи медициналық жабдықтар мен құрылғылардың қолжетімділігі деп қорытындылаулары мүмкін.

 Дескриптор:

  •  Оқушылар мәселе бойынша өз көзқарастарын еркін айтады және оны дәлелдейді.

 

 5. Топтарда жұмыс істеу. Оқушыларға әр түрлі елдерде орта ғасырларда ауруларды емдеу әдістері туралы таратпа материалдар ұсыныңыз.

 1-топ – араб дәрігерлері,

 2- топ - қытай дәрігерлері,

 3-топ - Үнді дәрігерілері.

 Мәтіндерді оқығаннан кейін, оқушылар осы дәрігерлер еуропалық әріптестеріне қандай пайдалы кеңес бере алатынын талқылайды. Бөлінген уақыттың соңында оқушылар сыныпқа пікірлерін ұсынады, қалған топтар сұрақ қояды, топтардың пікірлеріне сипаттама береді. Оқушылардаң сұраныз: Қандай қортынды жасауға болады? Оқушылар орта ғасырларда әлемнің кейбір аймақтарында оба және басқа да эпидемияларды емдеудің өте тиімді әдістері болғаны туралы жауап бере алады. Бұл әртүрлі өңірлердегі елдердің бір деңгейде дамымағандықты дәлелдейді, және түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тиімді өзара алмасуларының қажеттілігін көрсетеді. Сөйтіп, оқушыларды сабақта алған мәлімет негізінде терең қорытындыға жеткізу қажет.

 Тапсырманың дескрипторлары: Оқушы:

  •  Берілген елдердегі ортағасырлық медицинаның ерекшеліктерін сипаттайды.
  •  Ауруды емдеудің кем дегенде 5 дұрыс әдісін анықтайды.
  •  Ғылым және басқа да салалардағы жетістіктерімен алмасу үшін халықтар, мәдениеттер мен діндер арасындағы бейбіт қатынастардың маңыздылығын айқындайды.

 

 6. Рефлексияны жүзеге асыру үшін «Қызыл және көк карточкалар» атты әдәсті қолданыңыз.

 Әр оқушыға қызыл және көк түстес 2 карточкадар беріңіз. Бұл карточкаларды олар сыныптастарына сыйға бере алатының айтыныз. Осы сабақта өте белсенді болған оқушыға қызыл карточканы және сыныпта белсенді болған адамға көк түсті карточканы берулері керек. Яғни, олар оқушылардың сабақтағы белсенділігінің жоғары және орташа деңгейін анықтау керек. Оқушылар сыныпта еркін жүріп, карточкаларын береді және өздері де басқалардан карточкаларды алады. Барлық карточкаларды алмастырып болғаннан соң, сұраңыз: Ең коп қызыл карточкалар кім жинады? Бұл саған қандай сезім әкелді? Өның жұмысын жоғары бағалаған сыныптастарына не айтар еді?

 Бұл сұрақты көптеген көк карточкалар алған оқушылардаң сұраңыз және т.б. Мұндай жаттығу оқушыларды сабақта белсенді болуға талпындырады, себебі бұл олардың сыныптастар алдында өз беделін арттырады және олардың оқуына үлкен ынталы екендіктерін дәлелдейді.

 

 7. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақтын тақырыбы бойынша көркем әдебиет туындыларын оқуды ұсыныныз, мысалы:

 - Бенсон Э. Қара өлім күнделігі

  •  Борис Жуков “Айбарлы оба патшайымы”, 2008 ж.

 

 Саралап оқыту

 Көпшілік оқушыларға арналған тапсырма:

 Мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңіз: Грамматиканың осындай жауабы нені білдіреді? Бұл поэманың мазмұны сабақтың тақырыбымен қалай байланысты?

 ХІІІ ғасырда Еуропадағы «Жеті Өнер мен Жеті Рақымшылықтың үйленуі» деген поэма таралғанын айтыңыз. Бұл поэмада Грамматика Ханым қыздарын тұрмысқа береді. Олар: Диалектика, Геометрия, Музыка, Риторика және Теологияны. Грамматикаға Физика ханшайым (ол кезде медицина физика деп аталды) келіп, одан өзіне күйеу тауып беруін сұрайды. Грамматика оған: «Сіз біздің отбасымыздан емессіз. Мен сізге көмектесе алмаймын», - деп жауап беріпті.

 Оқушылардың жауабы:

 Ортағасырлық Еуропада медицинаның дамуы басқа ғылымдармен салыстырғанда өте төмен деңгейде дамыды. Бұл Қара індеттің таралуының негізгі себебі болды).

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу