Бүкіл әлем – алақанда. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар

1. Миға шабуыл. Сабақтың басында оқушыларға бір карточканы таңдауды ұсыныңыз. Сынып оқушыларының саны бойынша глобус пен карталар бейнеленген карточкалар дайындау қажет. Сабақ тақырыбына енгізу және тақырып бойынша бар білімдерді өзектендіру үшін оқушылар таңдалған сөзге синквейн жазу қажет. Оқушылар бір-бірімен кеңесіп, тапсырманы жылдам орындау үшін жұмыс топтарда жүргізіледі. Синквейннің құрылымы оқушыларға таныс, бірақ синквейн құрылымы бар жаднаманы ұсынуға болады. Содан кейін әрбір сөз үшін бірнеше синквейнді тыңдаңыз. Оқушылардың жұмысын мұғалімнің түсініктемесімен немесе "Үш шапалақ" әдісін пайдалана отырып бағалауға болады.

2. Сабақ мақсатын анықтау. Оқушылар сабақ тақырыбын болжап, оның мақсатын тұжырымдайды.

3. Қарап жауап бер. Тапсырма жеке орындалады, ол ақпаратпен жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған. Оқушылар оқулықтың мәтінін оқиды, "карта" терминінің анықтамасын тұжырымдайды және бұл анықтаманы дәптерге жазады. Өзін-өзі тексеру слайд немесе мұғалім беретін анықтама бойынша жүзеге асырылады. Дәл осындай анықтаманы жазып алған оқушылардың қолын көтеруді сұраңыз. Осылайша, оқушылар берілген тапсырманы қаншалықты орындағанын бағалауға болады.

4. Картаны зертте. Келесі тапсырма оқушылардың картамен жұмыс істей білуін дамытады. Тапсырма жұпта орындалады. Алдымен оқушылар кестемен танысады және карта арқылы қандай мәліметтерді анықтау керектігін анықтайды. Физикалық және саяси-әкімшілік карталарды салыстыра отырып, оқушы қажетті ақпаратты тауып, алынған мәліметтерді кестеге енгізеді. Содан кейін жұптар толтырылған кестелермен ауысып, бір-бірін тексереді. Деректермен келіспеген жағдайда леп белгісі қойылады. Егер жұптың жұмысында алшақтықтар көп болса, картада, тақтада барлық нысандарды көрсету және кестені толтыру қажет.

5. Оқулықпен жұмыс Тапсырма жұпта орындалады. Оқушылар алдымен оқулықтағы мәтінді оқып, "глобус" терминінің анықтамасын тауып, дәптерге жазады. Содан кейін, оқулықтың суретін пайдалана отырып, глобуста берілген нысандарды табады: Солтүстік полюс, солтүстік жартышар, Оңтүстік полюс, Оңтүстік жартышар, экватор. Оқушылар экватор жер шарын екі бөлікке бөледі: Солтүстік және оңтүстік жарты шар. Оқушылар бір-бірінің жұмысын "Бас бармақ" арқылы бағалай алады.

6. Болжам жаса. Карта туралы алған білімдерін жинақтай отырып, оқушылар келесі тапсырманы орындайды. Топтарда гипотезалардың бірі бар карточканы таңдайды:

* Болашақта қағаз карталары қажет емес.

* Қағаз карталары қажет болмай қалуы мүмкін емес.

* Қағаз карталары қажет болуы да және қажетсіз болуы да мүмкін.

Таңдалған гипотезаны талқылай отырып, оқушылар оны растау немесе теріске шығару дәлелдерін келтіреді. Топтың барлық идеяларын сыныпқп таныстырады. Барлық баяндамаларды тыңдап, кімнің идеялары дәлелді және қисынды болып көрінгендерін талқылаңыз. Жалпы қорытынды жасаңыз: қағаз карталары ұзақ уақыт қажет болады, өйткені барлық жерде заманауи электрондық құралдарды пайдалану мүмкіндігі жоқ.

7. Анықта. Глобус және карта туралы білімді талдай және бекіте білуді дамыта отырып, оқушылар Эйлер-Венн диаграммасын толтырады. Жұмыс топтарда жүргізіледі. Глобус пен картаның ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтай отырып, оқушылар осы заттардың әртүрлі жағдайларда пайдалануда басымдыққа ие болады. Жұмыстың қорытындысы: пайдалану үшін не ыңғайлы – глобус немесе карта және неліктен деген сұрақтарға жауап болуы керек.

8. Байқап көр. Оқушылар топтарда өз карта макетін жасайды. Жұмыс істеу үшін олар Қазақстанның физикалық картасының бір бөлігін таңдайды, ол оқушылар тұратын өңір болғаны дұрыс. Картаны қолда бар материалдарды пайдалана отырып, А4 форматының негізінде дайындайды. Дайын жұмыстарды бағалау критерийлерін оқушылармен талқылауға немесе жұмыс басталғанға дейін дайын жұмыстарды ұсынуға болады. Оқушылар егер жұмыс басында қиын болса, карталарды дайындау бойынша кейбір идеялары бар иллюстрацияларды немесе слайдтарды көрсетуге болады. Әр топ жұмысты орындайды, аты жөндерін жазып, барлық оқушылар онымен таныса алуы үшін дайын жұмысты тақтаға іледі.

9. Рефлексия “Менің дауысым”. Сабақты аяқтай отырып, әрбір оқушы өзінің стикерін өзіне ұнаған картаға бекітеді, ол басқалардан көп айтылған критерийлерге сәйкес келеді. Кейбір оқушылардан өз таңдауын түсіндіруді сұрай аласыз. Осылайша, сабақтың қорытынды жұмыстарына бағалау жүргізіледі, карталар мен олардың нысандары туралы алған білімдері қорытылады.

Теориялық материал:

Географиялық карта түрлері

Картаны аумақты қамтуына қарай:

  • дүниежүзілік,
  • құрлықтық,
  • жеке елдер карталары, т.б.

· Мазмұнына қарай:

  • жалпы географиялық
  • тақырыптық, т.б. · масштабына қарай: o ірі масштабты — 1:200 000 және одан ірі,
  • орта масштабты — 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін
  • кіші масштабты — 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай бөледі.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0

Карта түрлері

Географиялық карталар бірнеше түрлі болады, солардың ең маңыздылары - физикалық, саяси және топографиялық. Саяси картада мемлекеттер, қалалар және астаналар бейнеленеді. Ал физикалық картада жер бедері - көлдер, өзендер, таулар, шөлдер, теңіздер тағы сол сияқтылары бейнеленеді.

Ал жалпы карта түрлері сан алуан. Мысалы саяси мен физикалық картадан басқа топографиялық карталар және елдер карталары бар. Елдер картасында қай ел қай жерде қоңыстанғаны бейнеленеді.

Топографиялық карта

Топографиялық карта елді мекендер мен жер бедері бірдей көрсетілген карта. Бұндай картада өзендер, сулар, көлдер, егіс алқаптары және тағы сол сияқтылары бейнеленген.

Бұндай карта шағын аумақты ғана қамтиды. Мысалы бір ауылдың маңайындағы объектілерді.

Физикалық карта дегеніміз жер бетінің бедерің бейнелейтің карта. Яғни жер бетіндегі - тауларды, таулардың биіктіктерің, көлдерді, өзендерді, теңіздерді, теңіз бен мұхиттардағы тереңдіктерді бейнелейтің карта.

https://alash.info/unit/217

Глобус деген не? Глобус дегеніміз жер шарының кішірейтілген моделі.

Глобуста - көк түспен су беті, жасыл түспен тегіс жерлер, қызыл түспен биік таулар, сары түспен аласа таулар бейнеленген.

Глобус біраз еңкейген, бұл Жер шарының айналу өсін белгілейді.

Глобусты ең алғаш неміс географы Мартин Бехайм 1492 жылы ойлап тапты. Ол оны «жер алмасы» деп атаған. Бірақ оның глобусында Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді.

.

https://alash.info/unit/169



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу