Мектеп ережелерін сақтаудың тиімділігі. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Менің мектебім | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | |||||||
Сынып: 2В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Мектеп ережелерін сақтаудың тиімділігі | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы | |||||||
Сабақтың мақсаттары | 22.1.2.4 тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын сипаттау | |||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||
Сөздік қор
| Уақытында келу, сыпайы болу, ізеттілік, бұзақылық, білім ордасы, білім ошағы, жауапкершлікпен қарау, ақылшы ұстазды тыңдау, болашағың үшін оқу керек, талпыну. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Әдептілік мәдениеті мен сыпайылық дағдыларын, ұқыптылыққа баулу. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Мәтінді оқу, талдау, өз ойын жазу барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады. | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 1-сыныптан мектеп ережелерімен таныс | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Сабақты сынып бөлмесінде дайындап қойған фотосуреттерді қараудан бастау. Оқушылардың мектептегі әрекеттері бейнеленген фотосуреттерді қарап шығуды ұсыну. Оқушылар фотосуреттегі сәттерінде не істеп жатқандарына қарап сабақ тақырыбын болжауға мүмкіндік беру. Сабақ мақсатын айқындап алу. «Мектеп ережелері» бейнематериалдан үзіндіні көрсетіп, 1-сыныпта танысқан ережелерді еске түсіру. | Фотосуреттер, смайликтер | ||||||
Сабақтың ортасы | (Ж) Қағазға жазылған бес ереже қабырғаға ілінеді. Әр жұп сағат тілінің бағытымен жылжып, әр ережеге өз қөзқарастарын білдіреді. Алдын ала сыныпта анықтап алынған «келісу/ келіспеу» шартын білдіру үшін шартты белгіні қолданады. Берілген ережелердің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін дәлелдейтін ойларын айтуды ұсыну. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін әр ереже бойынша оқушы пікірлерінің қорытындысын шығару. (Ұ) «Жалғастыр» ойынын жарыс түрінде ойнату. Оқушылар жалғастырып сөйлейді. Не істеуге болмайды? - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)- Жасы кіші баланы................(жылатуға болмайды.)- Сабаққа ...........................(кешігуге болмайды.)- Өзге адам сөйлегенде........................(сөзін бөлуге болмайды.)- Сабақтың үстінде .............................(ойнауға, сөйлесуге болмайды.)- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) - Дәлізде .................................(жүгіруге болмайды) Не істеу керек?- Үй тапсырмасын.......................(орындап жүру керек.)- Сабақта айтылғанды ...................(мұқият тыңдау керек..)- Басқа оқушының жауаптарын..........................(тыңдау керек.)- Асханада..............................(сөйлемеу керек.)- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) (Ж) Осы ережелердің негізінде оқушығаны сипаттауды ұсыну. Мектеп ережесін бұзбайды, яғни (тәртіпті). Мектепке уақытында келеді, ерте келіп, оқу құралдарын дайындайды (ұқыпты). Мұғаліммен керіспейді (ізетті).
(Ұ) Мәтінді оқу, талдау және хат жазу. Жексен Жексенді сыныптастары «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды.Себебі ол сабақта тыныш отырмайды. Қасындағы балаларға үнемі кедергі жасайды. Оқу құралдарын үйіне тастап кетеді. Сабаққа кешігіп келеді. - Жексен қандай оқушы? - Жексенде қандай жаман әдеттер бар? - Жексенге көмектесу үшін хат жазуды ұсыну.
| «Мектеп ережелері» бейнематериал | ||||||
Сабақтың соңы | (Ж,Т) «Неліктен тәртіп ережелерін сақтау керек? Мектептегі тәртіп ережелерін сақтамаса не болады?», - деген сұрақтардың көмегімен суреттерді талдап, сабақты қорытындылау. Мүмкін болатын жауаптардың ортақ құрылымын ұсыну: «Егер де біз мектептегі ... тәртіп ережелерін сақтамасақ, онда ... ». «Мектеп ережесін сақтау тиімді, себебі....» Бұл тапсырманы орындау үшін «Ар-ождан аллеясын» жүргізу. «Галереяда ой шарлау» сабақтың басында көрген фотосуреттер аллеясына өздеріне ұнаған суретке смайликтерді жабыстырады.
| |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Оқушыларға әдеп нормаларын құруға қажетті көмек көрсетіп қолдау. Оқушыларға бірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылы көшбасшылық қабілеттерінің оянуына септесу. | Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?