Мектеп ережесін сақтаудың тиімділігі. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Менің мектебім | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мектеп ережесін сақтаудың тиімділігі | ||||||||
Оқу мақсаты | 2.1.2.3 Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру 2.1.2.4 өз сыныбын сипаттау | ||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мектеп ережелерімен таныса,өзара қарым қатынас ережелерін сақтаудың маңыздылығын үйренеді. | ||||||||
Бағалау критерийлері | Үзілістегі ережелерді біледі | ||||||||
Тілдік мақсат | Ұжым,үзіліс,қоңырау | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | өзара татулық, бірлік, қамқорлық | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі және әдебиеті. | ||||||||
Алдыңғы білімдер | Мектеп қауымдастығының құрылымы және оның мүшелерінің атқаратын қызметі | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы | Психологиялық ахуал (Ұ) Сыныпты шеңберге тұрғызып,әр оқушының қолына бір шырпыдан таратып беру. -Балалар, қолдарыңдағы шырпыны сындырып көріңдер. - Әрине жылдам сындыра алдыңдар. Енді сыныпты екі топқа бөлу.Бір бірден тағы шырпы таратып беріп, шырпыларын біріктіріп, тағы сындырып көрулерін сұрау. Неліктен бір шырпыны сындыру оңайға түсті? Неге көп шырпыны сындыра алмадыңдар? (пікірлерін тыңдау) Сабақ тақырыбын хабарлап, шырпылардың бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар екенін сұрау. (пікірлерін тыңдау) Сабақ мақсатын хабарлау Мектеп ережелерін және ережелерді сақтаудың қандай тиімділігі болатынын білеміз. | ||||||||
Сабақтың ортасы
| Сөздік жұмысы Ұжым Бірлік Келісім (Ұ) «Ашық микрофон» стратегиясы. Оқушылар «Мектеп ережелері»
Сұрақтар айналасында микрофонды алып, өз ойларын еркін айтады. (Ж) (Т) Спорт алаңындағы/залындағы, кітапханадағы немесе асханадағы тәртіп ережелері туралы пікір алмасу. (Ж) (Т) «Неліктен тәртіп ережелерін сақтау керек? Мектептегі тәртіп ережелерін сақтамаса не болады?», - деген сұрақтар төңірегінде қойылым дайындайды. Қойылым бойынша талқылау жүргізіледі. (Ө) «Егер....., онда.....» стратегиясы. Мысалы, «Егер де біз мектептегі (асханадағы, т.б.) тәртіп ережелерін сақтамасақ, онда ... ». «Мектеп ережесін сақтау тиімді, себебі....» (Ұ) «Менің құқығым» мультфильмін көрсету. Құқық туралы ой бөлісу. (ЖТ) Мультфильмнен көргендерін «Неліктен тәртіп ережелерін сақтау керек?», «Мектептегі тәртіп ережелерін сақтамаса не болады?» сұрақтары бойынша қайтадан салыстырмалы талдау жүргізіп, ортақ қорытынды жасату. Ойын «Дала қасқырлары» Ойынның мақсаты:ұжымдаса қимыл жасауға үйрету. Оқушылар сынып ішінде қыдырып жүреді.Жүргізуші «Қашыңдар дала қасқырлары» деп дауыстайды.Белгі берілісімен сынып қыздарды ортаға ала,топтала қалулары керек.Барлығы бірлесе «Дала қасқырларына тойтарыс» береміз деп айтады.Ойын ары қарай жалғасады. Қалыптастырушы бағалау Аты жөні:.............................................. Тапсырма Суретке мұқият қара. Мектепте мұндай жағдайлар қай кезде орын алады?
Жұпта ой бөліс:
Үзілісте оқушы өзін қалай ұстауы керек? Ереже құрастыр.
Жұмбақтар шешкізу Білімнен мол сый – асы, Балдырғандардың ұясы. (Мектеп) Сағат сайын қағылады,Тек мектептен табылады. (Қоңырау) Бiр санға өсiрдi,Өзi қалып орнында,Бiздi алға көшiрдi. (Сынып) | «Мектеп жарғысы» т.б. Түйін сөздер бар карточкалар Мектеп жарғысынан ережелер жазылған беттер флипчарттар, фломастерлер топта жұмыс жасау үшін Мультфильм «Менің құқығым» https://www.youtube.com/watch?v=CZECWGL1pqg&index=2&list=PLrT1_ZnhJbRA5jIOh6e3jr8IymkPaVtkX | |||||||
Сабақтың соңы | «Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану. • Мен түсіндім – жасыл түс; • Мен сенімді емеспін – сары түс; • Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі. Үйге тапсырма: «Менің сыныбым» тақырыбында эссе жазу | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 4 минут қолдануды жоспарлаймын. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?