Мектеп қоғамдастығы. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Менің мектебім | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К | ||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтақырыбы | Мектеп қоғамдастығы | ||||
Оқу мақсаттары | 2.1.2.2 Мектеп қауымдастығының құрылымын және оның мүшелерінің атқаратын қызметін анықтау. 2.1.2.3 Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру. | ||||
Сабақ мақсаттары | Мектеп қауымдастығын және мүшелерінің атқаратын қызметін анықтау. Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру. | ||||
Бағалау критерийлері | Мектеп қауымдастығын және мүшелерінің атқаратын қызметін анықтайды. Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіреді. | ||||
Тілдік мақсаттар | Мектеп қоғамдастығы деген не? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Мектеп қоғамдастығындағы ынтымақтастық. | ||||
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/ /интернационализм | Шетел мектеп қоғамдастығы өмірінен мысалдар келтіру | ||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, қазақ тілі | ||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Менің мектебім. Сыныптан тыс шаралар. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | Амандасу Армысың, ару Күн! Армысың, жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн Білімге білім қос! | ||||
Сабақ ортасы 30 минут | Мектеп қоғамдастығы (Т) «Кластер» стратегиясы. Оқушылар топта өздері білетін мектеп қызметкерлерінің тізімін кластерге жазу. Кімде қанша жазылғанын анықтау. Ең көп қызметкерлер жазылған топтың жұмысы тыңдалады. (Ұ) «Кім не істейтінін тап» ойыны. Бір оқушы бір мектеп қызметкері жазылған карточканы таңдайды да, сол қызметкердің атқаратын әрекетін бейнелейді. Қалған оқушылар оны табады. Оқушылар ойнай отырып, кім қандай қызметтерді атқаратынын әңгімелейді. Жауаптары: директор, мұғалім, директордың орынбасары, дәрігер, күзетші, аспаз, киім ілуші, техникалық кызметкер және т.б. (ОТ) Оқушыларды 4 топқа бөлу.Сызықтармен 4 бөлікке бөлінген пирамиданың суреті салынған плакатты тарату. Әр топқа берілген конверттің ішіне жазылған 4 карточка салу: оқушылар, директор, директордың орынбасарлары, мұғалімдер. Берілген сөздерді атқаратын міндетіне қарай мектеп пирамидасына орналастыруды сұрау. Өз жауап нұсқасын түсіндіруін сұрау.
(Ұ) Мектеп, гимназия, лицей және т.б. әр түрлі статустағы, әр түрлі деңгейдегі мектеп түрлері ( жекеменшік, мемлекеттік, негізгі, жалпы білім беретін, шағын жинақталған) туралы бейнефильм көрсету. -Өз мектебіміз қай деңгейдегі мектепке жатады? (Т) (ҚБ) Бейнефильмді көргеннен кейін, оқушылар өз мектептері, мектеп қызметкерлерінің жұмысының маңыздылығы, мектеп қауымдастығының рөлі жайында салыстырмалы талдау жасайды. Әр топ өздері таңдаған мектеп қоғамдастығы мүшесінің атқарып отырған басты қызметін және оның жұмысының мектеп өмірі үшін маңызы туралы қорытынды пікірлерімен алмасады. Қызметкерлер жұмысының маңыздылығы:
(Ө)(ҚБ) «Менің мектебімнің болашағы» тақырыбында эссе жазады. | Ресурстар Мектеп қызметкерлерінің атаулары жазылған карточкалар Пирамида суретімен 4-5 постер, мұғалім, оқушы, директор, орынбасарлар сөздері жазылған карточкалар салынған конверт (4-5дана) А4 форматтағы қағаз, түрлі-түсті маркерлер Ойыншық микрофон | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Қорытынды Мектеп қауымдастығына кімдер жатады? Біздің мектебіміз қандай статустағы мектеп? Рефлексия -Сөйлемдерді аяқта « Бүгін мен білдім...» | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?