Дос болайық бәріміз. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Көкшетау қаласындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дос болайық бәріміз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

 Бағалау критерилері

  • Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттайды;
  • Мектептегі тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіріре алады

 Тілдік мақсаттар

 

  • Мектеп, ұжым, ұжым мүшесі, ереже, тәртіп, достық, т.б.

.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Отан сүйгіштікке баулу, еңбекқорлыққа баулу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектеп ережелері турлы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал.

Оқушылар шеңбер құрып, бір - біріне тілек тілейді.

(Ұ, МК) «Адасқн әріптер»

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау.

Сөз құра.

Д С Т О Ы Қ

Достық

Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін шығару.

Слайд

Қима әріптер

Сабақ ортасы

5 минут

12 минут

5 минут

5 минут

5 минут

(Ұ/Ж) Талқыла.

Мақсаты: өз ойын жеткізе білуге үйрену, сыни ойлауын дамыту.

  • Балалар, достар деген кім?
  • Достық деген не?

- Сынып деген не?

-Сыныптас деген кім?

- Бұл ұғымдарда қандай байланыс бар?

/Оқушылар өз ойларын ортаға салады, сыныптастар арасындағы достық ұғымына қорытынды жасайды/.

(Ұ) Бейнежазба. «Көк ту және достар» мултьфильм көру.

Мақсаты: өз елін сүюге, достыққа, жалпы азаматтық құндылықтарға баулу.

  • -Балалар, мультфильм не туралы?
  • - Мультфильмді көру арқыл не түсіндіңдер?
  • /Оқушылар өз ойларын ортаға салады/

(Ө,Ұ) Ойын: «Бұл кім?» «Менің сыныптас досым»

Мақсаты: мектеп ережелері сақтау, сыныптас достар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мектеп оқушысы, сыныптың бір мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін түсіну.

Ортаға бір оқушы шығып, сыныптағы жақсы көретін досының несімен ұнайтынын (мектеп ережелерін қаншалықты сақтайтынын), оның бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

Басқа балалар сипаттаған қасиеттерге қарап, ның кім екендігін анықтайды.

Мұғалім әрбір баланың бойындағы қасиеттерін тақтаға тізбектей жазады.

/Ойын аяқталған соң, оқушылар мұғалімнің көмегімен қорытнды жасайды/.

(Ж) Талқылау.

Мұғалім сыныптың әрбір бөлігіне түрлі-түсті қағаздарға жазылған сұрақтарды іліп қояды.

Мұғалім нұсқау бергенде оқушылар жұппен сұрақ қағаздарын таңдап, жауап беруге дайындалады.

  • Мен үшін жақсы дос нені білдіреді?
  • Дос болу үшін өзіңді қалай ұстау керек?
  • Менің досымның қандай қасиеттері бар?
  • Достарыңыз өздерін жақсы сезінуі үшін және достықты нығайту үшін қандай істерді істей аласыз?
  • Біз біреумен үнемі дос бола аламыз ба?

Сұрақтарға жауап беру кезінде, оқушылар шеңбер құрып тұрулары керек. Әрбір жұп өз сұрақтарына жауап береді, қажеттілігіне қарай жауаптар толықтырылады.

  • Балалар, осы тапсырманы орындау барысында ережелер сақталды ма?

/Оқушылар сауалға жауап береді, кері байланыс жасалады/.

(Ұ) Ән: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты: достық қарым-қатынасты нығайту.

Оқушылар «Дос болайық бәріміз» әнін ұжыммен орындайды.

Слайд

«Көк ту және достар» мультфильм

Сұрақтар жазылған түрлі –түсті қима қағаздар

Слайд, аудиожазба

Сабақтың соңы

3 минут

Маған сабақта................ қызықты /қызықсыз болды

Алдағы уақытты ..............білгім келеді

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау

«Жетістік жолы»

Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Дифференциация ресурстар мен нәтижелер көмегімен жүргізіледі.

Қабілетті оқушылар өз топтарындағы жетекші рольдер және проблемаларды шешу бойынша іс-әрекетке толығымен қатысу арқылы біршама күрделі тапсырмалар алады. Қосымша қолдау мен ресурстар көрсеткіштерінде олар тиісті түрде көрсетіле алады.

Оқушылардың зерттеулерін олардың жауаптарын тыңдау арқылы, сондай-ақ оқушылармен жұптық және топтық жұмыстар барысында бақылау және әрекеттестік арқылы тексеріңіз.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу