Дос болайық бәріміз! Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән: дүниетану

Мектеп: С.Сейфуллин атындағы №5 КМЛ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім Менің мектебім

Күні : 24.10.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Хуаныш Гулзада

сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны: 2

Сабақ тақырыбы:

Дос болайық бәріміз!

Оқу мақсаты:

1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.

1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар: «достық», «қарым-қатынас» ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінеді;
  • Оқушылардың басым бөлігі: адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы біледі;
  • Кейбір оқушылар: өмірде қарым-қатынас ережесін қолдануды үйренеді.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар әр берілген тапсырмадан кейін, бір-бірін алдарындағы бағдаршам түсімен бағалап отырады.

Тілдік мақсаттар:

қарым-қатынас – общение – communication;

әңгімелесуші – собеседник – talker;

диалог – диалог – dialogue.

Құндылықты дарыту:

Бүкіл адам баласын бауыр, дос тұтыту, көпшіл болу құндылығын дарыту.

Пәнаралық байланыстар:

өзін-өзі тану, математика.

Ресурстар:

-АКТ қолдану дағдылары.

-Оқулық: Дос болайық бәріміз, 26-27 б.б.

-Жұмыс дәптері: Достарыммен көңілді, 15 жұмыс парағы 17 б.

-Смайликтер, мағыналы суреттер, қима қағаздар.

Бастапқы білім:

30 секунт

Сергіту сәті:

2 минут

Бұрыннан бар білімге қысқаша шолу:

2 минут

Сәлеметсіздер құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді бой сергітіп алуға тұрғызамын.

видео «Just Dance Kids»

жарайсыңдар!

Бірнеше оқушыдан жауап аламын.

Мектеп ережелері дегеніміз не ?

Ережелер не үшін қажет?

Ереже сақталмаса не болуы мүмкін?

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Сабақтың ортасы

Оқулықпен жұмыс:

1 тапсырма

1.Жеке орындау

2 минут

2.Топта орындау

2 минут

3.Әр топ таныстыруына

1 минут (5 минут)

2 тапсырма

Жұптық жұмыс

2 минут

Ой шақыру

2 минут

3 тапсырма

Оқулықпен жұмыс

7 минут

4 тапсырма

Топтық жұмыс

3 минут

Қорғауға әр топқа

1 минут (5 минут)

Сергіту сәтін өткізу

2,5 минут

5 тапсырма

Дәптермен жұмыс

2 минут

Сабақтың соңы

-оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін Әли мен Аяның «ДОСТЫҚ» туралы видеосын көрсетемін;

-оқушылармен бірлесе сабақ мақсаттарын анықтаймын;

-Балалар осы видеоны көргенде қандай сезімде болдыңдар?

-Қалай ойлайсыздар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты қандай? (оқушылардың ойы тыңдалады)

  • «достық», «қарым-қатынас ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсіну;
  • адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы білу;
  • өмірде қарым қатынас ережесін қолдануға үйрену.

Оқушылар дүниетану оқулығымыздың 26 бетін ашып, мына суретке назар аударайық.

Осы суреттер қатарына тағы кімді қосасыңдар?

Сен кіммен не үшін араласасың?

Осы суретті бір сөзбен айтқанда қалай айтуға болады?

Берілген уақыт ішінде осы сызба бойынша әрбір топ мүшесі жеке, кейін топта бірлесе талқылап ортаға шығып әңгімелейді.

Енді орнында отырған оқушылар осы шыққан оқушыларды қолымыздағы бағдаршам көмегімен бағалайық.

І топ ___________________________

ІІ топ __________________________

ІІІ топ __________________________

ІV топ __________________________

V топ ___________________________

Жарайсыңдар!

Сонымен оқушылар, қарым-қатынас - бұл адамның әңгімелесуі, кездесуі және бірлесе жұмыс істеуі. Жақсы қарым-қатынас адамдардың бір-бірін дұрыс түсінуіне, достасуына көмектеседі. Қане айтып көрейікші қарым-қатынастың басқа тілдегі аудармаларын білеміз ба?

қарым-қатынас – общение – communication;

әңгімелесуші – собеседник – talker;

диалог – диалог – dialogue.

Біздің келесі тапсырмамыз берілген уақыт ішінде жұбымызбен алдымызда жатқан адасқан әріптер карточкасынан бүгінгі тақырып талабына сай келетін сөздерді құрастырып, жазып шығыңыздар.

Р А Д О Т С - Д О С Т А Р

Я Д Р Ь З У - Д Р У З Ь Я

Олай болса жұпта жұмыс істеген оқушылар бір-бірімізге қарап, қолымыздағы бағдаршам көмегімен бір-бірімізді бағалайық.

  • ДОСТАР — деген сөздерді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді?
  • ДОС → адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор.
  • Достар тату, мейірімді болады /дружный, любезный/.
  • Достар бір-біріне көмектеседі.
  • Айтыңдаршы достар сөзінің ағылшын тілінде қалай айтылатынын білеміз ба?

Д О С Т А Р- Д Р У З Ь Я -F R I E N D S

Жарайсыңдар!

Оқушылар оқулығымыздың 27 бетіндегі суретке қараңыздаршы.

-Суретте олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсыңдар?

-Қандай қарым-қатынасты дұрыс деп санайсыңдар?

-Неліктен?

-Біздің сыныпта осындай жағдайлар болды ма?

-Сыныптастармен арақатынасымыз қандай?

Олай болса, төмендегі сыныптағы қарым-қатынас ережесін бізге Әділхан оқып берсін.

Сыныптағы қарым-қатынас ережесі

-Сұхбаттасыңның сөзін бөлме, аяғына дейін тыңда.

-«Өтінемін» және «рақмет» сөздерін қолдан.

-Адамды ренжітіп алатын сөздерді айтпа.

Рақмет, Әділхан.

-Айтыңдаршы, адамды ренжітетін қандай сөздер білесіңдер?

-Осыдан былай осы сөздерді айтамыз ба?

Онда маған бүгіннен бастап ешкімді ренжітпеуге уәде бересіңдер ма?

Жарайсыңдар! онда уәде, уәде.

Сыныпта сыныптастарымызды ренжітпеу үшін сыныптағы қарым-қатынас ережелерін ойлап жазайықшы.

-Сыныпта мұғалімді мұқият тыңдау;

- Сыныпта айғайлап сөйлемеу;

-Сыныпта алысып, жүгірмеу;

-Сыныптастарыңды ренжітпеу, сыйлау.

Жарадыңдар, онда өз-өзімізді қолымыздағы бағдаршам көмегімен бағалайық.

Берілген уақыт ішінде әр топ өздеріне таратылған суреттер бойынша әңгіме құрастырып топ мүшелерінен біреуі қорғайды.

Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына бйланысты сұрақтар қояды.

Жұмыстарын  қолдарындағы бағдаршам түстерімен өзара бағалайды.

Енді сіздерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.- Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп,Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

Оқушылар сендердің бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерің қандай екенін білу үшін мен сендерге 3 дүңгіршектің ішінен өздеріңнің көңіл күйлеріңді білдіретін смайликтерді алуды ұсынамын.

Жарайсыңдар!

Орнымызға отырайық.

Біз өз көңіл күйімізді анықтадық. Енді бір –бірімізге қарадық та, дүниетану жұмыс дәптеріміздің 17 бетін ашып смайликтерге қарайықшы.

-Сыныптасыңның көңіл күйін қай смайликтер арқылы көрсетесіңдер?

-Таңдаған ұяшықтарыңды қалаған түстеріңмен бояңдар.

-Өз таңдауларын екі-үш оқушы түсіндіреді.

Орындап болсақ,

Өз-өзімізді қолымыздағы бағдаршаммен бағалайық.

Жарайсыңдар!

- Балалар, бүгін біздің алға қойған мақсаттарымыз қандай еді?

-Біз өз мақсатымызға жеттік па?

-«достық», «қарым-қатынас» ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінy;

-адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы білy;

-өмірде қарым-қатынас ережесін қолдануға үйренy.

balapan.kz

1 сынып дүниетану оқулығы 26 бет

қима-қағаздар

1 сынып дүниетану оқулығы 27 бет

мағыналы суретер

смайликтер

1 сынып дүниетану жұмыс дәптері 17 бет, түрлі түсті қарындаштар

Сабақ бойынша рефлекия

1 минут

Түсінбеген оқушы болса , өз жауабын саралайды.

Балалар бүгінгі сабағымыз осымен мәресіне жетті. Мына тақтадағы көп мөлшердегі алақан, орташа мөлшердегі алақан, аз мөлшердеші қалағандар жиынын көріп тұрсыздар.

Кім бүгінгі сабақта «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл күйім тамаша» - деген оқушылар көп мөлшерді алақан жиынына келіп тұрсын.

Кім бүгінгі сабақта «Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым» -деген оқушылар орташа мөлшерді алақан жиынына келіп тұрсын.

Кім бүгінгі сабақта «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ» - деген оқушылар аз мөлшерді алақан жиынына келіп тұрсын.

Сендерге рақмет!!!

аялы жиыны



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу