Зияткерлік ойындар. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4

«Қазақ ұлттық ойындар»

Мектеп: ФМБ НЗМ Астана

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зияткерлік ойындар.

Осы сабақта қол жеткізіле- тін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

9.2.5.1. Өз шығармашылық қабілеттерін және басқалардың қабілеттерін бағалау, талдау және шешімдерді ұсыну.

 Сабақ мақсаты

* Жарыс және төрешілік ережелерін бағалау, талдау.

* Ойындардағы комбинацияларды жетілдіру, тактикалар мен стратегияларды құрастыру және әзірлеу.

 Жетістік критерийлері

 

Оқушы:

- ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды және адал ойнайды.

- қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар: Қазақ ұлттық ойындар арқылы түрлі дене жаттығуларының қимылдарын талқылау және көрсету.

Мыналарды қамтиды :

  • дәстүрлік, зияткерлік ойындар
  • стратегия, тактика, жүріс
  • «тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау).
  • рөлдер: ойыншы, төреші
  • топ, қарсылас, шабуылдау, қорғану
  • ережелер, баға, таза ойын (честная игра)
  • допты қағып әкету, доптан айырылу
  • «кыз қуу», «көкпар», «әуе таяқ»

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Сіз осы ойында таза ойнадыңыз ба?
  • Ойын ережелерін қаншалықты сақтадыңыз?
  • Осы ойынның тарихын білесіз бе?
  • «Көкпар» ойынында өз қарсыласын жеңіп шығу үшін қандай тактиканы қолдануға болады?
  • Ойынды қалай күрделендіруге болады?
  • Осы ойында патриоттық қалай көрсетіледі?

Құндылықтарды дамыту

Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру.Сыйластык,қарым қатынас.

Пәнаралық байланыстар

физика, математика пәндерімен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Тактика мен стратегияларды көрсету және тусіну ноутбук арқылы корсету.

 Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алынған тәжірибесі.

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылардың сапқа тұруы, сәлемдесуі және сабақтың міндеттерімен таныстыру. Ритімдік гимнастика сабақтарында қауіпсіздік техникасы ережелерін қайталау. Солға, оңға бұрылу. Қозғалыстар, қолдары белде, табанның ішкі жағымен және сыртқы жағымен жүру, шеңбер бойынша жеңіл жүгіру, жүріп өту. Допты қолдану арқылы жалпы дамыту жаттығуларды жасау.

Үлкен ойын алаңы. Баскетбол добы, сақиналар, мұғалім ысқырығы.

Негізгі сабақ

25 мин

(С, К, Жж, Ф) Тапсырма №1 - «Тоғызқұмалақ» ойынының негізгі тактикалық әдістерін талқылаңыздар. Ойын біткеннен кейін оқушылар өз ойындарын жақсарту үшін қолданылған әдістер мен стратегияларды талқылайды.

Дескриптор:

- жүріс жасау ерекшеліктерін біледі;

- ойын жағдайларында өзінің және басқалардың қабілеттерін бағалайды;

- сұраққа талдау жасайды.

(Жж, Ф) Тапсырма №2 - «Тұздық алу»

Егер жүріс жүрілгеннен кейін отаудың бірінде үш тас қалса, бұл отау «тұздық» деп аталады. Кейін осы тұздыққа түскен әрбір тас тұздығы бар ойыншының қазанына жинақталады, бірақ ойыншы 9-шы, сол секілді қарсыласы бірінші болып тұздық алған отаудан қазан жинай алмайды.

Дескриптор:

- «Тұздық алу» ережесін біледі;

- ойын жағдайларында зерттелген комбинацияларды қолданады;

- сұраққа талдау жасайды.

(Жж, Ф) Тапсырма №3 - «Атсырау». Егер жүрістен соң ойыншылардың бірінің барлық отаулары бос болса, ол «атсыз қалу» деген жағдайда болады. Бұл жағдайда ол жүріс алмайды да, жаяу қалады.

Дескриптор:

- «Атсырау» ережесін біледі;

- ойын кезінде қарсыластардың қабілетін ескереді және

ұтыс шешімдерді қабылдайды;

- сұраққа талдау жасайды.

Қорытынды:

  • Неліктен қазақ халқы «тоғызқұмалақ» ойынын ойлап шығарған, олар қандай мақсат көздеген?
  • Ойын қалай басталады?
  • Қалай аяқталады?
  • Ойында жеңіске жету үшін шабуылдың қандай әдістері мен стратегияларын пайдалануға болады?

Ойынға арналған үлкен алаң.

Тоғызқұмалақ тақтасы мен тастары (жұп үшін).

«Тоғызқұмалақ»ойынының ережелері бойынша ақпарат: http://soyle.kz/article/view?id=176

Тоғызқұмалақ ойынындағы алуан түрлі жағдаяттар:

http://www.bilu.kz/kazah-igry.php#togyz

Сабақтың соңы

Рефлексия.

  • Сен ойында адал ойнадың ба?
  • Ойын ережесін қаншалықты жақсы білесің?

Дифференциация–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация тапсырманы күрделендіру

Бақылау, кері байланыс

оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын белгілі бір критерийлер бойынша тәсілдер арқылы бағалай алады.

Жаттығулар орындау барысында қауіпсіздік техникасының сақталуы

және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Денсаулық сақтау әдістері,сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері,сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу