Гимнастика. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: ФМБ НЗМ Қостанай қаласы

Күні:

Мұғалім аты-жөні: Баянбаев А.С.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

3 бөлім: Гимнастика.

Оқу мақсаты:

9.1.5.1. Қозғалыс әрекеттері кезінде сақтандыруды және өзін-өзі сақтандыру орындау

Сабақ мақсаты:

 

Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық элементтер жиынтығын құру

Бағалау критериі

Қауіпсіздік техникасын біледі. Гимнастика барысында жарақаттан өздерін сақтанырады

Тілдік мақсат:

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік сақтау техникасы, сақтандыру, өзін-өзі қауіпсіздендіру
  • аударылу, тік тұрулар, топтастыру, домалау;
  • гимнастикалық снарядтар, көтеру, орын ауыстыру, төсеу
  • биіктігі түрлі және параллель қоссырықтар
  • орындықтар, кілемшелер

 Құндылықтарды

арттыру:

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.

Жалпы ғаламдық тәрбиелеу

Осы өмірге деген сезімдеріне жауаптылықпен қарау.

Нақты оқу

Алға-артқа тоңқалаң асып түсу,

Ұзына тоңқалаң асып түсу,

Қолға тірене тұру,

Екі жанға айналу, алдыға қарай айналу

Пән аралық байланыс:

Физика, Биология

АКТ қолдану дағдылар

Бейне жазба қарау, ғаламтордан түрлі элементтер қарау, орындау

Алдыңғы білім

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастикалық жаттығулар бойныша білімдері мен дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтық басталуы- шақыру

10 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен, жетістік критийлерін таныстыру.

Бір орында: оңға, солға, кері бұрылу.

Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге қойып өкшемен жүру.

Жартылай отырып жүру.

Толық отырып жүру.

Жеңіл жүгіріс.

Жүріске ауысып, тыны салу жаттығуларын орындау.

1.Жалпы дамыту жаттығулары.

Оқушылар шеңбер жасап бір орында тұрып қыздырыну жаттығуларын орындайды. Әр оқушы екі жаттығудан көрсетеді.

Кедергі тегергіштер, секіртпелер.

Сабақтың ортасы - ойлану

25 минут

C) Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

(C, Т, ҚБ) Оқушылар топтарға бөлінеді. Бұрын оқыған элементтерден топ бойынша акробатикалық амалдарды орындайды. Амалды басқа топқа көрсетеді. Акробатикалық элементтерді орындағаннан кейін топтар оалрдың жақсы және жаман жерлерін айтады, оларды жетілдіру үшін нұсқаулар береді.

(Т, Тәж, ҚБ) Жұмыс 4-5 оқушылық топтар ішінде өтеді.

Оқушыларға үйренген техникалық элементтерден акробатикалық композиция дайындауды ұсыну.

Мысал бойынша:

Ұлдар: тепе-теңдіктегі жаттығу – «қарлығаш»;

  • алға ұмтылыс, түзу қолдар жан-жаққа;
  • отырып тірелу;
  • алға екі домалау;
  • жауырында тұру;
  • артқа екі домалау;
  • баспен және қолмен тұру;
  • отырып тірелу;
  • жатып таяну;
  • жанына аунау;
  • жатқан қалыптан «көпіршеге» шығу;
  • отырып тірелу;

қайқая жоғары секіру, қол жан-жаққа, жоғары қарай.

Үлкен бос кеңістік, гимнастикалық төсеніштер.

«Акробатикалық элементтер комбинациясы», 9-сынып: http://festival.1september.ru/articles/214144/

Сабақ соңы –рефлексия

5 мин

Оқушылар көкіректі демді реттейді, демді ішке алғанда аяқтың ұшымен жүру, демді шығару. Көзді жұму, бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Сабақтың жағымды жақтарын белгілеу. Рефлексия және бағалау.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз неғұрлым қолдау көрсетуді қалай іске асырасыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардыңң материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

Берілген тапсырмаларды орындау барысында ауызша қолдау көрсету,мақтау мадақтау.

Қабілетті оқушыларға тапсырмалардың күрделілігін арттырып,жоғары нәтиже күтілетініне бағдарлау.

Өтілген сабақтың қортындысын оқушылардың жаттығуларды орындау деңгейлеріне қарай бағалау.

Спорттық деңгейлеріне қарай бағалау.

Әр жасалатын қимылдың алдында міндетті қыздырыну жаттығуларын жүргізеді

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты жоспар бойынша нақты қойылған.

Қойылған оқу мақсатына сабақ соңында барлығы қол жеткізді.

Сабақ соңында саралау міндетті түрде жүргізіліп,сабақ қортындыланды.

Кіріспе бөліміне 10мин, негізгі бөлім 25мин, қортынды 5мин регламент сақталды.

Ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабаққа барлығы толығымен ынталы қатысты.

2:Оқушылардың спорт ойын түрлеріне қызығушылығы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете аладықыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың барысында қызықты ойындар өткізу.

2: Тоқсанның соңында жарыс өткізу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1: Кей оқушылардың жаттығу орындау кезінде дене қимылына байланысты жаттығуды орындауда қиындықтары туындайды. Олармен жеңіл жаттығуларын жиынтығын орындау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу